Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.01.2017
өлшемі11,7 Mb.
#2306
1   2   3   4

досжан БАлАБеКҰлЫ

Суреттерді түсірген автор

Тіл-құрал – қуаТТы күш



Жуырда ҚазҰУ-дың 

филология және әлем тілдері 

факультетінде Қазақстан 

тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай «Тіл-құрал – қуатты күш» 

ХІХ Халықаралық ғылыми-

теориялық конференциясы өтті. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

жалпы тіл білімі және еуропа 

тілдері кафедрасы тарапынан 

ұйымдастырылатын кезекті 

шара барысында ХІХ «Аханов 

тағылымы» оқулары қабат 

өткізілді. 

Орыс тілі мен әдебиеті 

оқытушыларының халықаралық 

қауым 


дастығы қолдауымен жыл 

сайын ұйымдастырылатын шараға 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен 

бірге КИМЭП, Сүлеймен Демирел 

университет 

тері белсене қатысты. 

Конференция жұмысы «Тілдің қуатты 

күші және тіл қуаты», «Тіл – басты 

рухани құндылық», «Тіл және ұлттық 

сәйкестік», «Тіл және тіл таралымын 

жоспарлау», «Тіл оқыту әдістемесіндегі 

мәжбүрлеуші және қозғаушы күш» 

сынды бағыттарда жүзеге асырылды. 

Конференцияның басы филология 

және әлем тілдері факультетінің 

деканы Өмірхан Әбдиманұлының 

конференция қатысушыларына 

арналған құттықтау сөзімен және 

жалпы тіл білімі және еуропа тілдері 

кафедрасының меңгерушісі Мадиева 

Гүлмира Баянжанқызының алғы 

сөзімен ашылды. 

Пленарлық мәжілісте көрнекті 

ғалым-филологтардың қазіргі 

тіл білімінің өзекті мәселелеріне, 

оның ішінде, тілдік саясатқа, тіл 

мен мәдениетке, өзгеріс үстіндегі 

мемлекеттер жағдайында тіл және 

әдебиет пәндерін оқыту әдістемесіне 

арналған    баяндамалары тыңдалды. 

Осы орайда Абай атындағы 

ҚазҰПУ профессоры, филол.ғ.д. 

Бақытжан Хасанұлы «Көне ру-тайпа 

сөйленімдері – халықтық тіл ұстыны» 

атты баяндамасында: «Адамзаттың 

пайда болғанынан кейін 40 жыл 

бұрынғы ру-тайпалар тілінің негізі 

бүгінгі күнге дейін сақталған. Адамда 

екі тіл бар: бірі қаусырма жақ қызыл 

тіл болса, енді бірі адам миындағы 

тіл. Әр адам аузынан шыққан сөздің 

өзінің тілдік өзгешелігі болады. Дұрыс 

сөйленім шығу үшін мидағы тілдің 

қызметінің маңызы зор. Эволоциялық 

лингвистика, әлеуметтік лингвистика 

тұрғысынан алған кезде алдыменен 

қалыптасқан ортаға қарай сөйленімнің 

бұзылатындығына ешқандай күмән 

болмаса керек. Сол секілді кешегі 

өткен ру-тайпалардың тілінде өзіндік 

ерекшеліктер болған», – деп одан 

әрі ру-тайпалық тілдің тарихына 

шолу жасап, әр ортаға байланысты 

сөйленімдердің жасалуына тоқталып 

өтті. 

Өз кезегінде «Концепт қонақ-



жайлылық» тақырыбында баяндама 

оқыған Сүлеймен Демирел атындағы 

университет профессоры, филол.ғ.д. 

 

Ахметжанова Зәуреш Қанашқызы 



«Қазақта қонақтың екі түрі бар. 

Олар: арнайы шақырылған қонақ 

және құдайы қонақ. Біз қазақ ұлты 

қонақты күтіп, ілтипат көрсетуде 

алдына жан салмайтын халықтардың 

біріміз. Қонаққа қатысты ырым мен 

салт-дәстүрлерді бала күнімізден 

санамызға сақтап өсеміз. Бұған 

біздің менталитетіміз тікелей 

ықпал жасайды», – деп сөз бастап, 

тіл мәдениетіндегі мәселелердің 

себептерін айтып өтті. 

Сонымен қатар конференция 

барысында Ресей Ғылым академиясы 

Қоғамдық ғылымдардың  ғылыми 

ақпараттар институтының 

профессоры, филол.ғ.д. Эмма 

Борисовна «Языковые аспекты 

миграционных прцессов: 

лингвоэкологические заметки» 

тақырыбында, Сүлеймен Демирел 

атындағы университеттің 

профессоры, филол.ғ.д.  Ахметжанова 

Зәуреш Қанашқызы «Концепт 

қонақжайлылық» тақырыбында 

және КИМЭП университетінің 

профессоры, филол.ғ.к., PhD Жұлдыз 

Сағидоллақызы «Преподавание 

литературы на неродном языке: 

символические жест или 

педагогическая необходимость» 

тақырыбында баяндамалар оқыды.

Конференция одан әрі МАПРЯЛ 

Президиумының 

вице-президенті  

филол.ғ.д., профессор Сулейменова 

Элеонора Дүйсенқызының «Тіл 

қуатты күш қоры ретінде және 

майда тілдің қуаты» атты және ҚР 

ҚҒА ғылыми-сараптама кеңесінің 

мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің профессоры, 

филол.ғ.д., Шаймерденова Нұрсұлу 

Жамалбекқызының «Өзгерістегі 

парадигмалар жағдайындағы 

қазақстандық русистика» атты 

тақырыптардағы актілік дәрістерімен 

жалғасын тапты.  



Қаламқас БАҚЫтЖАНҚЫзЫ

4

№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл

5 мамырда  Әл-Фараби кітапханасында О. Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына 

арналған ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді 

сайыс


В апреле по инициативе ректора 

академика Г. Мутанова  профсоюз 

«Парасат» работников КазНУ провел 

традиционный «Конкурс чистоты». 

Комиссия профкома определяла лучшую 

кафедру, лучший факультет, лучший 

учебный корпус, лучшее общежитие  и 

лучшее структурное подразделение вуза. 

Оценивались не только чистота 

помещений и территорий, но и 

озеленение, оформление, сохранность 

мебели и инвентаря. Комиссии профкома 

КазНУ под руководством председателя Т. 

Мекебаева пришлось обойти буквально 

весь университет. Председатель 

подчеркнул, что конкурс проводился 

в шестой раз, и за прошедшие годы он 

разительно изменился. Поменялось, 

прежде всего, отношение людей. Теперь 

для победы недостаточно только чистоты и 

красочного оформления. Нужно показать 

комиссии, что факультеты, подразделения, 

корпуса, кафедры и общежития не стоят 

на месте, они постоянно развиваются 

и совершенствуются. В этом году 

учитывалось и то, как соблюдается режим 

экономии – подразделения, где без 

надобности горели лампочки и текла вода 

из кранов, не имели шансов на победу. 

Все участники очень старались, поэтому 

в некоторых номинациях победителей 

оказалось несколько.  

 

Лучшие кафедры, подразделения, 



факультеты, общежития и учебные 

корпуса были награждены во время 

празднования Наурыза. Ректор 

университета, академик Г. Мутанов лично 

вручил победителям Дипломы и ценные 

призы, выделенные профкомом. Все 

участники конкурса отметили, что именно 

такими мероприятиями, совместной 

работой на общее благо и поддерживается 

корпоративный дух университета. 

В номинации «Лучший корпус» 3-е 

место разделили факультеты истории, 

археологии и этнологии, химии и 

химической технологии и журналистики. 

2-го места  были удостоены корпуса 

физико-технического факультета и ВШЭБ. 

Лучшим учебным  корпусом назван корпус 

механико- математического факультета.   

В соревновании за «Лучшее структурное 

подразделение» два третьих места 

разделили  Военная кафедра и библиотека 

Аль-Фараби. 2-е место присуждено 

Институту информационных технологий 

и инновационного развития. Лучшим 

структурным подразделением признан 

Издательский дом «Қазақ университеті».

В конкурсе на «Лучшее общежитие» 

третье место завоевали общежития №7 

факультета биологии и биотехнологии 

и №5 физико-технического факультета. 

Второе место  получило общежитие 

№15 факультета журналистики. Лучшим 

 

названо общежитие №8 механико-



математического факультета.

В номинации  «Лучшая кафедра» 

присуждено два третьих места –

кафедрам истории Казахстан  и общей 

и неорганической химии. Второе  место 

получила кафедра русской филологии и 

мировой литературы.  Победителями стали  

кафедры биоразнообразия и биоресурсов 

и гражданского права и гражданского 

процесса, трудового права.

В номинации  «Лучший факультет» 

три третьих места разделили  факультеты 

востоковедения, международных 

отношений и биологии и биотехнологии. 

Второе место получили  юридический 

факультет и факультет филологии, 

литературоведения и мировых языков. 

Первое место завоевал  факультет 

философии и политологии. 

Председатель  профсоюза «Парасат » 

работников КазНУ Т. Мекебаев отметил, 

что «Конкурс чистоты » будет проводиться 

и в дальнейшем, так как его пользу трудно 

переоценить, а лучшие подразделения 

всегда будут отмечены  профкомом.

Ольга лОЖНИКОВА,

 зам. председателя  профкома  

«Парасат» работников КазНУ 

Ең үздік оқырман анықталды



Жалғасы. Басы 1-бетте

Қатысушылар тізімге енген ақындардың 

өлеңдерін жатқа оқып, берілген 

шығармалардан үзінді, монологтарды 

мәнеріне келтіре орындап, зеректігімен, 

өзіндік қарым-қабілетімен, талантымен 

танылды. Тартысты бәсекенің нәтижесінде 

қазылар шешімімен 18 студент келесі 

үшінші кезеңге жолдама алды. Үшінші 

кезеңнің шарты бойынша студенттер 

өзара пікірталас жасап, классикалық 

шығармаларды талдау барысында еркін 

дебат жасады. Қосымша қазылар алқасы 

тарапынан «100 кітаптан» тыс оқыған 

кітаптарыңыз туралы айтып беріңіз?», 

«Қандай жанрдағы туындыларға 

қызығасыз?», «Соңғы кезде оқып жатқан 

кітабыңыз туралы әңгімелеп беріңіз» деген 

сияқты көптеген сұрақтар қойылды.

Үшінші кезең бойынша студенттердің 

ең қызыққан, жақсы игерген шығармалары 

ретінде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-

эпопеясы мен М.Булгаковтың «Мастер и 

Маргарита» романы анықталды. 

Қорытынды марапаттау кешінде 

қатысушылар өздерінің өнерлерін 

ортаға салып, көрерменді бір серпілтіп 

тастады. Журналистика факультетінің 

1-курс студенті Қастай Дастан, физика-

техникалық факультетінің 3-курс 

студенті Оман Забира, заң факультетінің 

3-курс студенті Каримов Әділет бірігіп, 

Ш.Айтматовтың «Найман ана» әңгімесінің 

желісімен театрландырылған көрініс 

қойды. Айкүміс Бекентаева, Лесбаева 

Бағдат, Гүлсара Шалқар бастаған байқау 

қатысушылары мәнеріне келтіре өлең 

оқып, көрермендердің ыстық ықыласына 

бөленді. 

Сайыс нәтижесінде филология 

және әлем тілдері факультетінің 1-курс 

студенті Сман Жансая қазақ әдебиетінің 

классикалық шығармаларын дендеп 

оқығаны үшін «қазақ әдебиетінің білгірі» 

атанса, шығыстану факультетінің 

3-курс студенті  Аюпова Дилярам орыс 

әдебиетінің классикасынан мүдірмей жауап 

бергені үшін қазылар тарапынан «орыс 

әдебиетінің білгірі» атанды.  География 

және табиғатты пайдалану факультетінің 

3-курс студенті Өрісбаева Камила тізімге 

енген ақындар шығармашылығын ерекше  

жатқа оқығандығы үшін ««Өлең сөздің 

білгірі» атанса, механика-математика 

факультетінің 1-курс студенті Нұрлан 

Исанбек орта ғасырдағы жыраулар 

мұрасын терең игергендігі үшін 

«Ислам және сопылық әдебиет білгірі» 

номинациясына ие болды. Халықаралық 

қатынастар факультетінің 1-курс 

студенті Лесбаева Бағдат пен саясаттану 

факультетінің 1-курс студенті Муталип 

Ұлтай талғап кітап оқитын қасиеттеріне 

орай «Талғампаз оқырман» атағына ие 

болды. Шығыстану факультетінің 1-курс 

студенті Нұрбекова Диана әлемдік 

классикаға құмар екендігін танытып, 

«Шетел әдебиетінің білгірі» атанса, тарих, 

архелогия және этнология факультетінің 

2-курс студенті Дәулетияр Дина жан-

жақты қабілеті үшін «Полиглот оқырман» 

атанды. Биология және биотехнология 

факультетінің 1-курс студенті Алиясқарова 

Үміт те орыс классикасын жетік 

білгені үшін «Орыс әдебиетінің білгірі» 

болып табылды. Филология және әлем 

тілдері факультетінің  1-курс студенті 

Кенжеқожаева Алма шығарма құрылымын 

талдау қабілетіне орай «Эрудит оқырман» 

атанды. Сонымен қатар байқауға қосымша 

«100 кітап» негізінде «Менің шығармадан 

алған әсерім» атты эссе, пікір жазуға жеке 

байқау жарияланған болатын. Мұндағы 

мақсат – сапалы пікірлерді жинақ етіп 

шығару арқылы студенттері жобаға 

қызықтыру. Осы айдармен өткен жылы 

«Менің шығармадан алған әсерім» атты 

пікірлер жинағы және  100 кітап тізіміне 

енген кітаптардан «Қызықты үзінділер» 

шыққан болатын. Биыл да аталған 

дәстүрді жалғастырып, үздік пікірлер мен 

қызықты үзінділерді жеке-жеке екі жинақ 

етіп шығару жоспарланып отыр. Биылғы  

оқыған кітабы туралы пікірлер арасынан 

филология және әлем тілдері факультетінің 

1-курс студенті Дүйсенов Еділбек тілінің 

шұрайымен, ойының ұшқырлығымен 

ерекшеленіп, «Ең үздік пікір» иесі 

атанды. Номинация иелеріне жоғарыда 

көрсетілген демеушілер тарапынан 

сыйлықтар табысталса, «Ең үздік пікір» 

иесіне ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі мен 

«Қазақ университеті» газетінің атынан Гүл 

Құттыбекқызы арнайы жүлде табыстады. 

ІІІ орынды Экономика және бизнес 

жоғары мектебінің 1-курс студенті 

Бердібай Жазира, физика-техникалық 

факультетінің 3-курс студенті Оман 

Забира мен механика-математика 

факультетінің 1-курс студенті Тұрарбек 

Ернар иеленді. Жүлдені кештің құрметті 

қонағы филология ғылымдарының 

докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш 

тапсырды. ІІ орынды Экономика және 

бизнес жоғары мектебінің 1-курс студенті 

Әубәкір Алтынбек, заң факультетінің 

3-курс студенті Кәрімов Әділет пен химия 

факультетінің 1-курс студенті Бекентаева 

Айкүміс бөлісті. Жүлдені кештің құрметті 

қонағы, байқау демеушісі экономика 

ғылымдарының кандидаты, деканның 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасы Бимендиева 

Лейла Әбдірашқызы тапсырды. 

Сонымен көптен күткен жыл оқырманы 

да анықталды. «Кітап оқу лидері – 2016» 

байқауының жеңімпазы журналистика 

факультетінің 1-курс студенті Қастай 

Дастан атанды. Жеңімпаз студент тізімнің 

80 кітабын оқып, байқау талаптарының 

барлығына жауап берді. Жүлдені кештің 

құрметті қонағы, байқаудың бас демеушісі 

«Қазақ университеті» баспа үйінің 

директоры Асан Алмас Талғатбекұлының 

атынан мекеменің жетекші маманы 

Жылқайдарова Сауле Серікбайқызы 

тапсырды. Демеушілер тарапынан 

жас кәсіпкер «Step by step» тіл үйрету 

орталығының директоры Айбек Шегебаев 

үшінші, ІІ орын иегерлеріне 1 айлық, 

І орын иесіне 2 айлық тегін тіл оқуға 

мүмкіндік беретін сертификат табыстады.

Байқауға белсене қатысқан, ең көп 

үміткерлерімен ерекшеленген «Ең белсенді 

факультет» номинациясымен механика-

математика факультеті алға шықты. 

Сонымен қатар әл-Фараби 

кітапханасымен бірлесе іс-шара өткізіп, 

студенттермен тәрбиелік мәні зор 

кештер мен кездесулер, оқырмандар 

конференцияларын ұйымдастырумен 

ерекшеленген оқытушылар арнайы 

алғыс хаттармен марапатталды. Белсенді 

ұстаздардың қатарында механика-

математика факультетінің аға оқытушысы 

Әбенов Болат Құсайынұлы, шығыстану 

факультетінің ұстазы Қортабаева Гүлжамал 

Қыдырбайқызы, физика-техникалық 

факультетінің оқытушысы Манапбаева 

Арайлым, ЖОО-ға дейінгі дайындық 

факультетінің аға оқытушысы Бегалиева 

Айша бар. 

Кештің соңында байқауға қатысушы 

студенттер «100  кітап» тізіміне байланысты  

өздерінің ұсыныстарын жасады. Ұсыныстар 

тізімі арнайы слайд ақылы басқа қонақтар 

мен көрермендерге көрсетілді. Жаңа 

заманауи, материалдық құндылықтарға 

тәрбиелейтін кітаптардың тізімі жеке, 

діни әдебиеттер тізімі жеке жасалса 

деген ұсыныстар айтылды. Болшақта 

студенттердің ұсыныстары талқыланып, 

жаңа тізім жасау қолға алынбақ. 

«Кітап оқу лидері - 2016» 

сайысының  ұйымдастырылып жүзеге 

асуына жетекшілік еткен  әл-Фараби 

кітапханасының директоры Туенбаева 

Қалима Төлеубайқызына және 

демеушілерге алғыс білдіреміз.

Ұзақ уақытқа созылған байқаудың 

нәтижесінде әр факультеттің студенттері 

жұдырықтай жұмылып, мақсаттары 

бір арнаға тоғысты. ҚазҰУ-дай ірі оқу 

орнының болашақ білікті маманы, елдің 

элиталары ретінде бір жерден табыла білді. 

Білім мен бірліктің басын біріктіре білген 

студенттер үлкен белестерді бағындырады 

деп сенеміз!  Жыл өткен сайын «100 

кітап» жобасы аясында «Кітап оқу лидері» 

сайысына қатысушы студенттердің қатары 

көбеюде. Сайыстың түпкі мақсаты да 

әрбір ҚазҰУ студентінің кітап оқуға деген 

қызығушылығын ояту, кітап оқудың 

 

күнделікті дағдыға айналуына бағыт беру.



Әл-Фараби кітапханасы, 

сайыс ұйымдастырушылары

5

№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл

Во Дворце студентов им.Жолдасбекова состоялась новая постановка 

студенческого театра «Біз»  – «Ғашықтар хикаясы»

мерейтой


В коллективе колледжа КазНУ – праздник. Юбилей у самого опытного и мудрого 

коллеги. На протяжении  40  лет она неустанно дарит частичку своей души всем 

окружающим. Умная, эмоциональная, внимательная Майра Аханбаевна Кенебаева – 

учитель от Бога, который находится в вечном поиске и труде.

Университеттегі 40 жылдан астам тарихы бар археология, этнология және музеология 

кафедрасы тарихшы, археолог, этнолог, музейтанушы мамандарды дайындауды 

жоғары сапамен қамтамасыз етуге бағытталған. Кафедраның негізін қалаушылардың 

бірі, осы қара шаңырақтың түлегі – тарих ғылымдарының докторы, профессор 

М.Е.Елеуов.

Мадияр ағамыз – жарты ғасырға 

жуық ғұмырын  жастарға білім беру мен 

ғылымға арнаған ұлағатты ұстаз. Ол мектеп 

қабырғасында оқып жүріп болашақта 

тарихшы болуды армандаған еді. Болашақ 

жас ғалым 1970 жылы С.М.Киров атындағы 

ҚазМУ-дың тарих факультетіне оқуға 

түседі. Университет қабырғасында оның 

археолог-ғалым болып қалыптасуына дәріс 

берген ұстаздар қауымының ықпалы зор 

болды.  Болашағынан үлкен үміт күттірген 

ол студенттік шағында жаз айларында 

археологиялық экспедиция жұмыстарына 

қатысып, қазба жұмыстарын жүргізудің 

әдістерін меңгерді. Тәжірибе жинақтап, 

студенттердің республикалық және Одақ 

көлемінде өтетін конференцияларына 

қатысып, жүлделі орындар алуымен көзге 

түсті. 


Еңбек жолын қарапайым лаборанттан 

бастаған ағамыз аянбай еңбек етіп, 

артынан көп шәкірт ертіп, археология 

ғылымына баули білді.1976-1996 жылдары 

кафедрада лаборант, аға инженер, 

ассистент, аға оқытушы, доцент қызметін 

атқару барысында М.Елеуов өзін үлгілі 

ұстаз, білікті маман ретінде көрсетті. Ол 

университет қабырғасында студенттерге 

дәріс берумен қатар жылда жаз айларында 

оларды университеттің археологиялық 

экспедициясына қатыстырып, Оңтүстік 

Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 

көптеген ортағасырлық қалалар мен елді 

мекендерді  тауып, қазба жұмыстарын 

жүргізді. 

1982-1983 жылдарда М. Елеуов 

жетекшілік еткен университет 

археологиялық экспедициясының барлау 

тобы Шу мен Талас өзендерінің жоғарғы 

ағысында Қырғыз КСР жерінде орналасқан 

ұзын қорғанды Бурана, Ақсу, Садырқорған 

қалаларында қазба жұмыстарын жүргізіп, 

басқа бірқатар қалалардың тарихи 

топографиясын зерттеді.1983 жылы 

М. Елеуов М.В.Ломоносов атындағы 

Мәскеу мемлекеттік университетінің 

археология кафедрасы мен Археология 

институтының Лениград бөлімінде 

білімін жетілдіру курсында болып, КСРО 

археологиясының  атақты ғалымдары 

– Д.А. Авдусин, Л.Р. Кызыласов, Г.А. 

Федоров-Давыдов, В.Янин, В.Л.Воронина, 

Ю.А.Заднепровскийдің дәрістерін 

тыңдады.

Мәскеу мен Ленинград қалаларында 

білімін жетілдіру курсында болған уақыт 

М. Елеуов үшін өте нәтижелі болды. 

Ол архивтерде кітапханалардың сирек 

қорларындағы Қазақстаның ортағасырлық 

зерттелу тарихына қатысты құнды 

деректермен танысты.  

М.Елеуовтың басшылығымен Қаратау 

мен Сырдарияның орта ағысында 

 

жүргізілген археологиялық  барлау 



жұмыстарының нәтижесінде ғылымға 

белгісіз болып келген 2000-нан астам 

археологиялық ескерткіштер ашылып, 

зерттелді. Олардың қатарында әр түрлі 

тарихи кезеңдерден бүгінге дейін жеткен 

ескерткіштер, 150-ге жуық ортағасырлық 

қалалар мен елді мекендер бар. Оңтүстік 

Қазақстан облысының – Түркістан, 

Бәйдібек, Түлкібас, Созақ, Қызылорда 

облысының – Шиелі, Жаңақорған, ал 

Жамбыл облысының  – Жуалы, Жамбыл, 

Талас, Сарысу аудандарының – Қаратау 

мен Сырдың орта ағысында орналасқан 

ортағасырлық қалалары  мен елді 

мекендерінің саны анықталып, олардың 

тарихи-топографиялық 

құрылымдары  

қайта зерттеліп, бірқатарына  толықтырулар 

жасалды.

Ол – Қазақстанның ортағасырлық 

қалаларының тарихы  мен керуен 

жолдарына арналған 450-ден астам 

ғылыми мақала, 4 монография және 

 

археологиялық зерттеулерге арналған 



бірнеше оқу құралдарының авторы. 

Ғалымның «Шу мен Талас өңірлерінің 

ортағасырлық қалалары» (VI - XIII ғ.басы)» 

атты монографиясы «Қазақ университеті» 

баспасынан 1998 жылы шықты. Еңбекте 

Шу мен Талас өңірлеріндегі орта ғасырлық 

қалалары мен елді мекендері, олардың 

тарихи-топографиялық құрылымдары 

туралы зерттеу нәтижелері қарастырылған. 

Сондай-ақ 2005 жылы «Ескерусіз қалған 

ескерткіштер», 2007 жылы «Қартаудың 

орта ғасырлық керуен жолдары», 2008 

жылы «Қарақұр ескерткіштері» атты 

монографиялық еңбектері жарыққа шықты. 

Жоғарыда көрсетілген монографиялық 

еңбектерде Қазақстанның орта ғасырлық 

қалаларына жүргізілген археологиялық 

 

зерттеу нәтижелері, әртүрлі тарихи 



кезеңдерде қалыптасқан қалалар мен елді 

мекендердің пайда болу, қалыптасу, даму 

жолдары, елді мекендер мен қалалардың 

өзіндік ерекшеліктері, елді мекендер мен 

қалалардың қалааралық және аймақтық 

қорғаныс жүйесі және тарихи-мәдени мұра 

ескерткіштерін сақтау, қорғау және оларды 

насихаттау мәселелері көтерілген. 

Мадияр Елеуұлы – еліне, жоғары білікті 

мамандарды дайындау ісіндегі еңбегі 

еленген, көптеген марапат иесі. М.Е. Елеуов 

жоғары оқу орнында табысты еңбек еткені 

үшін 2006 жылы ҚР Білім және ғылым 

министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 

2009 жылы «Жоғары оқу орнының үздік 

оқытушысы» төс белгісімен, 2010 жылы 7 

желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығы 

бойынша «Қазақстан еңбек сіңірген 

қайраткері» құрметті атағы берілді. Бар 

ғұмырын ғылым мен білімге арнаған ғалым 

ағамыздың өмір жолы көпке үлгі. 

Биыл мамыр айында мерейтойлық 70 

жасын тойлап отырған Мадияр Елеуұлына 

зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына 

амандық тілейміз. Іргесі қаланған қазақ 

археологиясының ізін жалғастыруда үлкен 

жетістіктерге жетіп, биіктерден көріне 

беруіңізге тілектеспіз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет