8
№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл
Бағасы келiсiм бойынша.
Таралымы 1000 дана
Тапсырыс: №278
Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның
көзқарасын бiлдiрмейдi.
редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш
компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.
«қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп
басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
Әл-Фараби атындағы
қазақ ұлттық
университетiнiң
ректораты
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Бас редактор м.а.:
Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА
Жауапты хатшы –
Дариға АМАнКЕЛДИЕВА
тілшілер:
Қаламқас АМАнҚОСОВА, Елдана ТОҚБАЙ
Дизайнер –
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Фототілші –
Марат ЖҮнІСБЕКОВ
Корректорлар:
Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Қарлыға ИБРАГИМОВА
МЕКЕнЖАЙЫ:
050040, алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71,
ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.
Байланыс телефоны:
377-33-30, iшкi: 11-94,
тiкелей: 377-31-48.
Газет 1994 жылдың 7 ақпанында Қазақстан республикасының баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде
тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген
соңғы Бет
Электронды мекенжай:
kazuniver-gazeti@mail.ru
В преддверии празднования
знаковых дат в истории
нашего государства – 25-летия
Независимости Казахстана, 24-й
годовщины создания Вооруженных
Сил Республики Казахстан, 71-й
годовщины Великой Победы на
военной кафедре КазНУ проведен
комплекс мероприятий по
пропаганде героического прошлого,
боевых и трудовых подвигов
нашего народа, повышению имиджа
Вооруженных Сил Республики
Казахстан.
Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп,
беттелдi. “бизнес-Информ“ баспаханасында басылды
тел:.2-93-09-09
Недавно на военной кафедре
университета был проведен День
открытых дверей для учащихся гимназии
и колледжа Национального центра
“Бобек”. В начале встречи, перед
старшеклассниками выступил начальник
военной кафедры КазНУ полковник О.
В. Ажимов. В ходе своего выступления он
рассказал об истории вуза, направлениях
его развития. Сегодня КазНУ включает
в себя 7 НИИ, Научно-технологический
парк, 30 научных центров, современную
Научную библиотеку, 14 учебных
корпусов, 16 общежитий, центр
обслуживания студентов “Керемет”.
На 15 факультетах обучаются студенты
по 81 специальности бакалавриата, 84
программам магистратуры.
На военной кафедре КазНУ обучаются
студенты по 14 военно-учетным
специальностям. С 2015 года на военную
кафедру впервые осуществлен набор
девушек по трем вновь введенным военно-
учетным специальностям.
При показе учебно-материальной базы
военной кафедры, старшеклассники
ознакомились с именными аудиториями
народных героев Казахстана Б.
Момышулы и С. Нурмагамбетова,
учебными аудиториями по тактической,
технической, огневой подготовке,
военной топографии и связи. Была
продемонстрирована учебно-боевая
техника мотострелковых войск и войск
ПВО СВ. Особый интерес школьники
проявили к работе интерактивного
лазерного тира и динамического
тренажера БМП-2, электронного
тренажера ПЗРК (переносной зенитный
ракетный комплекс). В завершение
мероприятия, студентами и студентками
военной кафедры были показаны строевые
приемы, прохождение торжественным
маршем с исполнением песен.
Э. А. БейСетБАеВА,
начальник отдела
военно-патриотической
и оборонно-массовой работы
военной кафедры КазНУ
Miss KаzNU – 2016
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
да жыл сайын дәстүрлі түрде
өткізілетін «Miss KаzNU – 2016»
байқауы өз мәресіне жетті. Екі
айға созылған байқау нәтижесі
бойынша 200 үміткердің
арасынан 16 ару іріктеліп, ақтық
финалда өз өнерлерін қалың
көрерменге паш етті.
Мерекелік жиынның басын ҚазҰУ
ректоры Ғалым Мұтанұлы ашты.
Ол: «Біздің студенттеріміз көктем
мезгілінде «Miss KаzNU – 2016»
байқауын тағатсыздана күтеді. Бүгінгі
мерекемен баршаңызды шын жүректен
құттықтағым келеді. Aтаулы мереке тек
қана сұлулық байқауы емес, бұл сынның
қатысушыларға берер тәрбиелік мәні
де зор. «Сұлулық әлемді құтқарады»,
– дейді емес пе?! Осы тұста сұлулықты
шыңырау шыңға теңеуге болады. Кез
келген адам өркендегенде ең үздігіне
қарап бой түзейді, ең озығын үлгі етеді.
Әрине, бұл тұста тек қана сыртқы
сұлулық еленбеуі тиіс, сол сыртқы
пішін мен ішкі сұлулық та байланысып,
үйлесімде болуы тиіс», – деп атап өтті.
Aлдымен қатысушылар өздерін
видеотүсірілім арқылы қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде таныстырып
өтсе, екінші турда «Event dress»
салоны ұсынған әдемі көйлектермен
дефиле көрсетті. Сәні мен сымбаты
келіскен аруларымыз үшінші бөлім –
интелектуалды сында да дес бермей,
қойылған сұрақтарға мүдірместен
жауап берді. Ал байқаудың басты
талаптарының бірі соңғы кезең – өнер
сайысында бірі Гүлназ бен Оралдың
махаббатын сомдаса, енді бірі аспанға
көтеріліп ән шырқады. Бірі мың бұрала
шығыс биін билесе, бірі Майклдың
стилінде өнер көрсетті.
Aталмыш сынға қазақ эстрадасының
өнер жұлдыздары, кәсіби фотограф-
стилистер, университет жастар
ұйымының басшылығы қазылық етті.
Әділ-қазылар шешімі бойынша 16
үміткердің арасынан суырылып шығып
халықаралық қатынастар факультетінің
студенті Жанерке Aмірзаданова екінші
вице-мисс атанса, бірінші вице-мисс
титулын шығыстану факультетінің
студенті Aқдидар Сұлтанова иемденді.
Ал байқаудың шын жүйрігі деп
танылып, «Miss KazNU – 2016» атағын
химия және химиялық технологиялар
факультетінің студенті Шырын
Aқпар жеңіп алды. Өзге қатысушылар
да назардан тыс қалмады. Барлық
қатысушыларға әр түрлі номинациялар
тағайындалып, құнды сыйлықтар тарту
етілді.
Өз тілшіМіздеН
Кененiң шағуы қауiптi
болуы мүмкiн...
Қазақстан территориясында
жыл сайын кене шағуы арқылы
жұғатын аурулар тiркеледi.
Ондай аурулар қатарына Конго-
Қырымдық геморрагиялық қызба
(КҚГҚ), кенелiк энцефалит, кенелiк
риккетсиоз, кенелiк боррелиоз
жатады. Бұл аурулар кененiң белгiлi
бiр түрлерi тараған, инфекция
қоймалары болып табылатын
аймақтарда кездеседi, соның ішінде
кенелiк энцефалитке тоқталсақ...
Бүгінгі таңда қаламызда кене
энцефалиті ауруының эпидемиологиялық-
энтомологиялық жағдайы қолайсыз.
Кенелiк энцефалит (көктемгi-жазғы
энцефалит) – орталық және шеткi жүйке
жүйесiн зақымдайтын вирустық инфекция.
Жедел инфекцияның ауыр асқынулары
өлiмге де әкелуi мүмкiн. Кенелiк
энцефалит вирусының табиғаттағы
басты қоймасы мен тасымалдаушысы
– иксод кенелерi. Энцефалит вирусын
тасымалдаушы кене шағудың 20-30%
жағдайында адам өте ауыр кеселге
ұрынып, сал ауруына шалдығып, мүгедек
болып қалуы, тіпті өлімге ұшырауы
мүмкін. Оның басты себебі – дезинсекция
уақытында жүргізілмеуінде болып отыр.
Ауру кене шаққанда жұғады. Кеселдің
алдын алу үшін олардың табиғи ошақтарын
залалсыздандырып отыру қажет. Алматы
қаласында кенелердің көп шоғырланған
жерлері болып Медеу, Бутаковка, Көктөбе,
Шымбұлақ, Алмаарасан аймақтары болып
табылады. Жыл сайын кене шағудың
алдын алу бойынша дератизациялық және
дезинсекциялық шараларды ұйымдастыру
жүзеге асырылады. Жылына бұл шаралар
2 рет жүргізіледі, көктем және жаз
айларында, яғни сәуір айында 1 тур және
маусым айында 2 тур өткізіледі.
Тұрғындарға тауға шаққанда, далаға,
саяжайға барғанда төмендегі сақтық
шараларын ескерген жөн:
Жеке бас гигиенасын сақтау керек.
Кене шағудан қорғану үшін арнайы
киім кию.
Кенеден сақтанатын репелленттік
заттар қолдану.
Үйге келген соң, киімді қағып, сілкіп
жуу.
Себіндіге түсіп жуыну.
Кене қауіптілігіне байланысты есте
сақтаңыздар :
Ешуақытта қолмен кенені алмаңдар.
Кененің басы теріге кірген жеріне
өсімдік майын тамызып, күту қажет, өзі
түседі.
Кене шаққан
жерін йод ертіндісімен
сүрту керек.
Егер денеге жабысып тұрған кенені
байқасаңыз, жедел дәрігерге көріну
қажет. Мұндай жағдайда Алматы
қаласы Бостандық ауданында тәулік
бойы, ақысыз жедел жәрдем көрсететін
ауруханалардың травматология бөлімдері
жұмыс жасайды. Олар: Орталық қалалық
клиникалық аурухана және Балаларға
шұғыл медициналық көмек көрсету
орталығы болып табылады.
С.К.тілеУБеРГеНОВА,
Бостандық аудандық
ТҚҚБ бас маманы