Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Осындай үздіксіз бақылау жұмыс-
тарының нəтижесінде кемені басқару
құжатын заңды түрде алушылар 6,
мемлекеттік тіркеуге өткендер 2 жа-
рым есеге өскен. Өңірлік коммуника-
циялар орталығында өткен брифинг-
те облыс бойынша көліктік бақылау
инспекциясының
басшысы
Ержан
Жолдасов осылай деп мəлімдеді.
– Су айдынына түскен көліктің
міндетті түрде кеме билеті болуы тиіс.
Сондай-ақ, құтқару шеңберіндегі тиісті
құрал-жабдықтарын да үнемі бірге
алып жүру қажет. Бір айта кетерлігі,
200 келіден аспайтын су көліктерін
мемлекеттік тіркеуге өткізу шарт емес.
Оған заң рұқсат берген. Жалпы, су
көлігіндегі бақылау жұмыстарын күшейте
түсу мақсатында 2017-2018 жылдары
облыстағы су айдындарында көліктердің
жəне азаматтардың қауіпсіздігін қамтама-
сыз етуіне бағытталған бірлескен іс-шара
жоспарының жобасы құзырлы мем-
лекеттік мекемелермен келісілуде, – дейді
инспекция басшысы.
Айта кетейік, аталмыш бағытта
жыл басынан бері 146 заң бұзушылық
орын алып, олар ҚР əкімшілік құқық-
бұзушылық кодексінің 582-бабы бойын-
ша тиісті жауапкершілікке тартылған.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Қалалық мəслихаттың құқық қорғау жəне
əлеуметтік қолдау мəселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген орны: Қалалық мəслихаттың мəжіліс залы
Өткізілген мерзімі: 2016 жылғы 13 желтоқсан, сағат 11.00
Төрағалық еткен: Қалалық мəслихаттың құқық қорғау жəне
əлеуметтік қолдау мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрағасы Қ.Ерназаров
Қатысқандар: (тізім бойынша)
КҮН ТƏРТІБІ
Қызылорда қаласындағы жаңа көпір мен
шағын ауданға атау беру туралы
Хабарламашы: Ғ.Баймырзаев
Қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
ТЫҢДАЛДЫ:
1. Қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы Ғ.Баймырзаевтың хабарламасы
(хабарлама қоса тігілді)
1. Қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Ғ.Баймырзаевтың «Қызылорда қаласындағы жаңа көпір мен шағын
ауданға атау беру туралы» хабарламасы назарға алынсын.
2. «Əкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атаула-
рынын транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ
халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына
сəйкес тиісті аумақ халқының пікірі ескерілсін.
3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптары-
на сəйкес Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев көшесінен Сырдария
өзені арқылы сол жағалауға өтетін жаңа көпірге «Тұңғыш Президент»
атауы берілсін.
4. Қызылорда қаласында Арай шағын ауданына іргелес жаңадан
салынған шағын ауданға «Нұр Орда» атауы берілсін.
5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талап-
тарына сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясының қарауына осы хаттама
жəне ұсыныс хат жолдансын.
6. Осы хаттама жеті жұмыс күні ішінде қала əкімдігінің интернет-
ресурстарында орналастырылсын жəне жергілікті бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялансын.
Қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөліміне (Ғ.Баймырзаев):
Осы хаттамадан туындайтын тиісті жұмыстар мен шаралардың
орындалуын қамтамасыз етсін.
Қаралған мəселелер бойынша хаттаманың жобасы дауысқа
салынып, толығымен қабылданды.
Комиссия төрағасы
Қ.ЕРНАЗАРОВ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАҒА ҰСЫНАДЫ
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2-тармағы 57-тарауына
орай жеке тұлға Кудабаев Ондасын Еренгаипович «Қармақшы ауданы,Төретам
кенті, Құлтасов көшесі №47А учаскесіне жеке меншік дүкен құрылысының»
(кадастрлық №10-151-013-1211) жұмыс жобасын экологиялық сараптамадан
өткізу үшін Қызылорда облыстық табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалану-
ды реттеу басқармасына ұсынады. Барлық ынталы азаматтарды өз ұсыныстарын
білдіру үшін мына телефонға хабарласуын сұраймыз: 8 777 381 50 69.
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖƏНЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК»
ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ
Тəуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа
ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
Сондықтан біз үшін ол орны ерекше қастерлі мереке. Себебі,
осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз
ғасырлар бойы армандады.
Тəуелсіздік – ұлттық тілдің, дəстүрдің, салт-сананың
мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі. Қазіргі Қазақстан аз
ғана уақыт ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси жəне
əлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
Тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында республика
судьяларының VII съезін өткізу құқықтық демократиялық
мемлекет қалыптастырудағы сот билігінің қаншалықты
маңызға ие екенін көрсетеді.
Егемендігіміз елдің қуанышы мен бақытына айналған
ширек ғасыр ішінде адамның азаматтық құқықтары мен
бостандықтарын қорғау мақсатында конституциялық
құрылыс тұрақтылығының мүддесіне орай, Қазақстан
Республикасының Конституциясына сəйкес берілген
өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің
өз алдына дербес тармағы ретінде біріңғай сот жүйесін
қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені іске
асырылды.
Сот жүйесі жылдар бойы іс жүзінде заң үстемдігін
қамтамасыз етумен қатар, елдің дамуына зор үлесін қосып
келеді. Елімізде Мемлекет басшысының «100 нақты
қадам» Ұлт жоспары шеңберінде ауқымды реформалар
жүргізіліп, былтыр бірқатар маңызды заңнамалық актілер
мен өзге де шешімдер қабылданды, олар сот құрылысының
ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жəне процестік
заңнаманы айтарлықтай жаңартты.
Өзін демократиялық ел ретінде орнықтыратын кез
келген мемлекетте сот арқылы қорғау құқығы құқықтар
мен бостандықтардың ең негізгі кепілі болып табылады.
Бұл құқық халықаралық актілердің бəрінде де түбегейлі
бекітілген. Сот төрелігі мəселелері əлем елдерінің бəрінде
дерлік конституциялық реттеу нысаны болып табылады.
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы
жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені баршамызға
белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді, парасат-
ты, рухани тұрғыда кемел, намысшыл, еліміздің арқа сүйер
ұлтжанды азаматы болу бүгінгі ұрпақтың негізі міндеті.
Жақсыгүл САРБАСОВА,
Қызылорда қалалық сотының судьясы.
Тəуелсіздік – ең басты құндылығымыз, қазақ
халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы
мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін
тəуелсіздіктің күші – ең қадірлі күш.
Егемендігімізді жариялағаннан бері көпте-
ген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл
президентіміздің жүргізіп отырған парасатты
саясатының нəтижесі. Еліміздің тыныштығы мен
қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының
жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында
көптеген жетістіктерге қол создық. Еліміздің
тəуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі,
ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел
қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының
өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі
замандағы өркениетті қауымдастық ортасын-
да іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі
бағыттарды құрайды.
«Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық
патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге
ие. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың
кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі
бүгінде бүкіл əлемге үлгі. Тəуелсіздігіміздің 25
жылдық мерейтойын жəне халықаралық ЕХРО-
2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің əлеуетін
əлемге паш етеміз» – деген еді Елбасы.
Шынында, мұндай табыстарға қол жетуі үшін
алдымен – Тəуелсіздіктің мəні зор. Осындай
биіктерге жетелей алатын көреген басшы Қазақстан
дүние жүзіндегі дүйім елге таныта білді.
Ұлболсын САҒЫНАЕВА,
Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы.
Қазақстан Республикасын-
да орта білім беру мазмұнын
жаңарту
шеңберінде
білім
беру үдерісінің құрылымы мен
мазмұнына елеулі өзгерістер
енгізілуіне байланысты 2016-
2017 оқу жылында Ұлттық
бірыңғай тестілеу үлкен өз-
геріске толы болып отыр.
Мұндағы жаңа оқу бағ-
дарламасының ерекшелігі –
оның ХХІ ғасыр дағдыларын
дамытуға бағытталғандығы. Бұл
тың өзгерістер жас түлектердің
ойлау қабілеті мен сөйлеу, жазу
дағдыларын дамытуға үлкен
үлес қосары сөзсіз. Республи-
ка бойынша білім саласындағы
ең үлкен жаңалық болып табыл-
ды. Себебі, қай жағынан алып
қарасаң да, оқушылардың он бір
жылдық алған білім көрсеткішін
бағамдауға қолайлы əрі оқу-
шының емтиханға дайындау ба-
рысында ой шығармашылығын
тереңдетіп, сөйлеу мəнерін қа-
лыптастырып, өмірлік тəжіри-
беде қолдануға мүмкіндік ала-
ды. Осындай жазба пəндерден
эссе жазу арқылы ой-өрісін арт-
тырып қана қоймай, ізденушілік
талаптарды
қалыптастырады
жəне ғылыми термин сөздердің
оңтайлы
қолданып,
көркем
ойды жеткізу шеберлігі артады.
Ақын Міржақып Дулатов-
тың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз
үміт – оқуда. Теңдікке жетсек
те, жұрттығымызды сақтасақ
та, дүниедегі сыбағалы ор-
нымызды алсақ та, бір ғана
оқудың
арқасында
ала-
мыз.
Жақсылыққа
бастай-
тын жарқын жұлдыз – оқу.
Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі – тұман» деген.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры.
Мақсатты білім беру – тұлға
дамуын жүзеге асыратын мəселе.
Ал, осы жалпы еуропалық стан-
дартқа сай жаңа білім беру –
жеке тұлғаның жан-жақты да-
муына əкелетін бірден-бір жол!
А.IЗБАСОВА,
№5 мектеп-лицей
директоры.
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жəне азаматтардың
өтініштерінің орындалуы жөнінде журналистермен жүздесті.
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ
ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫ
Қыс мезгілінде ауа райының құбылмалы болуы байқалып жүр.
Осыған байланысты дария арнасынан тасып, біресе мұз қатып
біршама қиындық туғызатыны мəлім. Сондай-ақ, бұл уақытта су
айдындарындағы төтенше жағдайлар да арта түседі.
ҚЫС қамсыздықты
көтермейді
ОҚУ – ЖАҚСЫЛЫҚҚА
БАСТАЙТЫН ЖОЛ
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны
жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев
өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация»
атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық
əлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын.
Ендеше, еліміздің əлемдік үрдістерге енуі білім
беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту
қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.
ДЕНСАУЛЫҚ
ТАРАЗЫ
МІНДЕТ
Жер кадастры жəне жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде
халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай дөңгелек үстел өтті. Оған департамент
директорының міндетін атқарушы Қ.Баймаханов, Қызылорда облысы бойынша сыбайлас
жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы К.Абдраманов, облыстық «Нұр
Отан» партиясының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Е.Қожақов жəне мекеме
қызметкерлері қатысты.
ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Тəуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің қуаныш тойы. Міне, биыл осы айтулы
мерекеге 25 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында айтарлықтай жетістіктерге қол
жеткіздік. Өркениетті мемлекет ретінде Қазақстан əлем сахнасына көтерілді.
Егемендік жылдарындағы
сот жүйесі
Тəуелсіздік жылдарындағы Сыр медицинасында
серпін бар. Облыстан үш үлкен орталық – кардио,
нейро, офтальмохирургиялық ашылды. Жоғарғы
мамандандырылған көмек көрсету деңгейі арт-
ты. Қазір ешкім Астана мен Алматыға барып ота
жасатпайды.
НЕСІБЕ
Қазақ елі – тəуелсіз ел! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша
тебіренбейсің? Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған халық
еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық
қасиеттеріміз қалпына келуде.
Болашаққа берік сенім
НАЗАР
Өңірімізде 200-ге жуық көлдер мен каналдар,
1200 шақырымды құрайтын өзен суы, 18 учаскеден
тұратын Кіші Арал теңізі бар. Қазіргі таңда осындағы
су көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
СУ КӨЛІГІНДЕ САҚТЫҚ КЕРЕК
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі
уəкілетті орган «Мемлекеттік аудит
жəне қаржылық бақылау туралы» ҚР
Заңының 14 бабы, 2-тармақшасына
сəйкес бюджетті атқару жөніндегі
орталық уəкілетті орган ақпараттық
жүйелерінің деректері мониторингінің
нəтижелері бойынша квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің активтерін пай-
далануына сəйкестік аудитін жүргізеді.
Комитет
сұранысы
бойын-
ша
«Ақпараттық-есеп
орталығы»
АҚ бұрмаланған қаржылық есепті-
лікті жасау түріндегі Қазақстан Рес-
публикасының бухгалтерлік есеп жəне
қаржылық
есептілік
саласындағы
заңдылықтарының бұзылуы ықтимал
мемлекеттік аудит объектілерінің
тізімін береді.
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті
ақпараттық жүйе арқылы алынған
тізімдегі объектілер мен мəліметтерді
алдын-ала зерттеп жəне мемлекеттік
аудит объектілері бойынша қосымша
мəліметтер алынып 2014 жылдың
нəтижесі бойынша Қазақстан Рес-
публикасының
бухгалтерлік
есеп
жəне қаржылық есептілік тура-
лы заңдылықтарының сақталуына
облыстағы 40 квазимемлекеттік сек-
тор субъектілеріне жоспардан тыс
мемлекеттік аудит жүргізді. Ондағы
19 объектіде қаржылық есептілікті
бұрмалау түріндегі жалпы сомасы
1771574,0 мың теңгеге заң бұзушылық
анықталып,
жүргізілген
шаралар
нəтижесінде есеп жүргізу толық
қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, 6 ұйым басшы-
сының жария мүдделi ұйымның бас
бухгалтерi лауазымына кəсіби бух-
галтер сертификаты жоқ тұлғаны
қабылдап
«Бухгалтерлік
есеп
жəне қаржылық есептілік туралы»
Қазақстан Республикасының заңының
9 бабының бұзылғандығы анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша
20 лауазымды тұлға 4214,2 мың тең-
геге əкімшілік айыппұлға тартыл-
ды. Атқарылған шаралар нəтижесінде
бюджет кірісіне 3283,8 мың теңге
қайтарылды.
Қазіргі уақытта айыппұлдардың
қалған сомасын бюджет кірісіне қай-
тару жұмыстары жүргізілуде.
М.ОЛЖАБАЕВ,
Бөлім басшысы.
СЫР
СЫР
МЕДИЦИНАСЫ
МЕДИЦИНАСЫ
ДАМЫП КЕЛЕДІ
ДАМЫП КЕЛЕДІ
ÀҚÌÅزÒ
àïòàëûғû
4
¹97 16 ÆÅËÒÎҚÑÀÍ, 2016 ÆÛË
ÐÓÕÀÍÈßÒ
Меншiк иесi:
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Қызылорда қалалық «Ақмешіт
апталығы» газетінің редакциясы
Бас редактор
Əділжан ҮМБЕТ
Телефондар:
Бас директор - 70-00-36
Бас редактор - 40-01-09
Қабылдау бөлімесі - 70-00-37
Бас редактордың орынбасары - 40-11-10
Жауапты хатшы, бөлімдер - 40-11-10
Газеттің негізін қалаған Əділхан БƏЙМЕН
Мекен-жайымыз: 120008, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4. Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі.
Нөмірдің кезекші редакторы Бағлан ТIЛЕУБЕРГЕНОВА.
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат
агенттігінде 11.07.2014 жылы қайта тіркеліп, №14459-Г куəлігі берілген.
«Ақмешiт апталығы» қалалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына
сəйкес сертификатталған.
Аптасына 2 рет, сейсенбі, сенбі күндері шығады.
Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасымен сəйкес келе бермейтіндігі, деректер
мен мəліметтердің нақтылығына автордың, хабарландыру иесінің жауапты екендігі ескертіледі.
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,
беттеліп,«Сыр медиа» ЖШС
баспаханасында басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68
Газеттің таралымы бойынша 70-14-08 телефонына
хабарласуға болады.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 4.
Таралымы 4611 Тапсырыс №1530
syr-media.kz
aqmeshit-aptalygy.kz
БІЛГЕНГЕ МАРЖАН
САЙЫС
ТАНЫМ
ӨНЕР
БОЛАШАҚ
• Ас қорыту жүйесін реттейді.
• Жұқпалы дерттен сақтайды.
• Көздің көру қабілеттілігін арттырады.
• Терінің жұсақ əрі əдемі болуына жағдай жасайды.
• Антибиотиктердің қосалқы əсерлерін жояды.
• Жүйке жəне жүрек үшін қажетті В1 витамині бар.
• Ұйқысыздық дертін болдырмайды.
• Ота жасалғанда ағзаның тез жазылуына əсерін береді.
• Іш өту жəне асқазан ауруларын емдейді.
• Адамның күшін арттырады (құрамында ақуыз бар)
• Жара жəне күйіктерді емдейді.
• Сүйектің жетілуі үшін D витамині бар.
• Ішектердің жақсы жұмыс істеуін қам-
тамасыз етеді.
• Түрлі инфекциялардың алдын алады.
• Құрамында кальций мен калий бар.
Сонымен қатар, айран таптырмас косметика. Шаш
күтімінде алар орны зор десе де болатын шығар, өйткені
шаштың қайсар болып, жылтыр қалпын сақтауы үшін айран-
ды пайдаланғаныңыз жөн. Шаш жуардан 30-40 миунт барын
шашқа сіңіре жағу керек. Ал, терінің тазарып, ағарып, өз реңін
сақтауы үшін айран маскасын пайдаланыңыз. Ваннадан кейін
бетіңізге маска жасап, 20 минуттан соң жылы сумен шайып
тастаңыз. Бұл маска бетке əжім түсуден де сақтайды екен.
Өткен айдың амал кездерінде салқын
болып, жауын-шашын орын алғанымен ол
да ұзақ тұрмады. Қыстың алғашқы айы да
мамыражай басталды. Желтоқсанның орта-
сы ауса да күн қабағын шытпай, шаруалы
қазаққа қарасып тұр. Қыстың қамын жаз
ойлайтын қазекең жылы күздің басында
дайындығын тас-түйін əзірлеп қойса да, ке-
неттен алдап соғатын «кəрі құтан қыстың»
əлегінен үрейленетіні рас. Сондықтан тір-
шілігінің көзі саналатын төрт түліктің
жем-суы мен отын-шөбін сықырлаған аязға
қалмай, ертерек қамдап қоюға тырысады.
Өйткені, желтоқсанда болатын аязды амал
түрі – «Қырбастың қызылы» да қыр астын-
да тұр. Алғашқы аязбен кіретін «кəрі құда»
өз əмірі жүретін тоқсан күнде қарға ораған
үскірігі мен аязын қатар əкеп, жанды да,
малды да біраз əуреге салатыны бар.
– Желтоқсандағы алғашқы аязды көне-
көз қариялар «Қырбастың қызылы» деп
атаған. Бұл ұғым қазір жиі қолданылмайды.
Сондықтан көп жұрт үшін беймəлім сөз
болуы да ықтимал. Жалпы, амал түрінің
бұлай аталу себебі туралы ешқандай мəлімет
оқып көрмеппін. Үлкендер жағы да оны тап
басып айта алмайды. Негізі, қырбастың
қызылы бір аптаға созылады. Амал кезінде
қатты сықырлаған аяз, өңменіңнен өтетін
өрекпіген жел, ызғары табан қарықтыратын
суық болады. Бірақ, соңғы бірер жылда
бұл амал біздің өңірде онша көрініс бер-
мей жүр. Əйтпесе, Арқаға қаһары қатты
қыс əлдеқашан келді, – дейді қала тұрғыны
Қайырхан Жадақов бізбен білгенімен
бөлісіп.
Расында, əрбір жыл мезгілінде келетін
амал түрінің өзіне тəн сан түрлі белгілері
бар. Тұмса табиғаттың құпияға толы қыр-
сырын бабаларымыз сонау заманнан-
ақ асқан көрегендікпен түйсіне білген.
Түйсінгені мен түйгенін кейінгіге сабақ етіп
қалдыра білгені көрегендік емей немене...
Үлкендердің
айтуынша, «Текенің
бұр қылы» деген амал түрі де желтоқсан
айында көрініс береді екен. Сəуірде келетін
бесқонақ сынды аса танымал болмаса да, бұл
амал түрлерінен кезінде шаруақор бабала-
рымыз қатты сескеніп, оған ерте сайланған
көрінеді.
Желтоқсанның соңғы онкүндігінде қат-
ты боран соғып, дəл осы кезде киік текесі
маталады деседі. Бұл 2-3 күн ішінде толық
аяқталатын көрінеді. Ал, мамыр айындағы
киіктердің лақтауының да 2-3 күннен əріге
созылмауы осы жағдаймен тікелей байла-
нысты деген жорамал бар.
Қылышын сүйреткен қыс қаһарынан
халқымыз қашанда мал-жан түгел шығуын
Тəңірден тілеген. Сөйтіп, тоқсан күн бойы
жейтін азық-түлігін де желтоқсанның
орта тұсында дайындап, соғымнан сыбаға
тарт қызған. Қыстың кəделі асы ретінде
үлкен құрметке ие болған оны үй иесі қара
қазанды аузы-мұрнынан шығара тұздап,
əдемі сақтай білген. Осылайша, бабымен
сақталған соғымның етін аязды күні балқыта
асып, туған-туысқа ұсынған. Бұл да қиын
қыстау күндері ағайынның бір-біріне деген
жанашырлық қасиетін таныта түссе керек.
Себебі, «Кемедегінің жаны бір» деп қыстан
қысылмай шығу жолындағы бейнетті ауыл
аралас, қой қоралас ағайын қашанда жұмыла
көтерген.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Игi iс өрендерді «Жас ұлан»
қатарына қабылдау салтанатымен ба-
сталды. Бұл шара 16 желтоқсанға
дейін облыс мек теп терінде жалғасады.
Слетке 300-ден астам оқушы
қатысып, слет барысында Сыр ұлан-
дарының «Отаныма 25 игі іс» акция-
сы қорытындыланды. Үздіктерге сый-
сияпат берілді. Бес жылда ұйымнан
шыққан белсенділер өз лебіздерін
жеткізді. Слет шеңберінде «Жас Ұлан»
бірыңғай балалар мен жасөспірімдер
ұйымдарының қызметін ұйымдастыру
жөнінде мектеп тəлімгерлері мен көш-
басшыларға арналған семинар өт-
кізілді. Көшбасшылар «Жаңа жоба
– жаңа леп» тақырыбында іске асыра-
тын жобаларын қорғады.
Бес жыл ішінде бұл ұйым көзінде
оты бар, өнерлі, дарынды, ақылды,
ойы ұшқыр, алғыр балалардың руха-
ни ордасына айналды. Ал, аталмыш
ұйымға алғаш қабылданған өрендер
бүгінде ержетті. Олар еліміздің белді
жоғары оқу орындарында білімдерін
одан əрі шыңдап жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |