Домна пешіндегі отынның жануын қолдау үшін үнемі ыстық ауа үрленіп отырады, ол шойындықтың үстінде сақиналап орналасқан қос қабатты кұбыршықтардың кҿмегімен жүзеге асырылады. Осы құбыршықтар балқып кетпес үшін олардың кабырғаларының арасымен үнемі су айдалып отырылады. Шойын алу немесе домна процесі. Жұмыс істеп тұрған домна пешінің жекелеген бҿліктерінде үзіліссіз түрде тҿмендегідей процесстер жүреді: отынның жануы, руданың балқуы, темір тотықтарынан темірдің кҿміртегімен қанығып шойынға айналуы, күлдектің жэне домна газының пайда болуы. Пештің тҿменгі бҿлігі, яғни иықтыққа құбыршықтар арқылы үрленген ыстық ауаның кҿмегімен кокстың ҿте карқынды түрде жануы байқалып, осында жоғары температура кҿтеріледі. Бұл температураның мҽні пештің жоғары бҿлігіне кҿтерілген сайын тҿмендей береді жэне осында кҿміртегі мен оттегі қосылып кҿмірқышқыл газын түзеді. Осы түзілген газ руда балқуға қажетті Косымша жылу бҿлінуіне себепші болады.
Мартендік ҽдіс. Конверторлык ҽдістің бір кемшілігі онда металл сынықтарын қайта ендеудің шектеулі болуы еді. Машина жасау саласының қарқынды дамуы жҽне материалдарды пайдаланудың күрт артуы, металл сынықтарын қайта ендеу проблемаларын езекті мҽселеге айналдырып отырған кезеңде дүниеге келген мартен ҽдісі бойынша дүние жүзіндегі алынатын болаттың басьім белігі ендіріледі. Екінші жағынан, осы эдістің ойлап табылуы - машина жасау кешені жақсы дамыған аудандарда осындай жанама шикізат кезін кенінен пайдалануға мүмкіндік береді. Осылай қарай металлургия кэсіпорындары тек қана шикізат кезіне емес, оның негізгі тұтынушысы орналаскан аймакка жақындады: Мартен пеші - металды жанып тұрған отынның жалынында балқытып алуга мүмкіндік беретін ерекше кұрылысты пеш. Ол түбі, тҿбесі жҽне кабырғаларымен шектелген балкыту кеңістігінен түрады (бұлардың бэрі отка тҿзімді кірпіштермен қапталған). Балқыту кеңістігінің екі жағында басты бҿлегі (головкалар) жҽне олармен тікелей байланысатын, отқа тезімді кірпіштердең жасалған ерекше күрылысты-регенераторлар орналасқан. Регенераторлар пешке келетін ауа мен газ тҽріздес отынды жылытуға арналған.
Ауа мен газ тҽріздес отын (кокс немесе табиги газы) регенераторга берілетін ауа мен отынның бағытын реттеп отыратын қақпақтармен жабдықталған каналдар арқылы беріледі. Сонымен біргѐ осы каналдар аркылы балкыту кеңістігінде түзілген жанган отын ҿнімдері сыртқа шығарылады. Қақпақтар орналасуының бір жағдайында ауа мен жанғыш газ оң жактағы каналдарга, одан регенераторға жҽне оң жақтағы басты бҿлігі (головкалар) арқылы балқыту кеңістігіне жетеді де, сол жерде араласып -жанып осындағы металды балқытады. Осында жанған ҿнім пештің сол жағындағы басты бҿлегі арқылы регенераторға барып, оны жылытады да, сол жактағы каналдармен түтін шығатын мүржаға жҿнелтіледі. Қакпақтар орналасуының екінші жағдайында ауа мен жанғыш газ сол жактағы регенератор арқылы түсе бастайды, алдын-ала жылытылған осы регенераторларда олар біршама жылынып сол жақтағы басты бҿлігі арқылы балқыту кеңістігіне жетеді. Осылай, кезектеп жылыту арқылы мартен пешіне түсетін ауа мен газдың температурасын 1000-1200°С дейін кҿтеруге болады. Осы жағдайда отын жылдам жҽне толық жанатын болады жҽне балқуға кажетті 1700°С үстап тұра алады. Мартен пеші газ отынмен қатар мазутпен де жұмыс істей алады. 0,5-0,8МН/м2 қысыммен мазутты балқыту кеңістігіне үрлегенде ол шашырап тарайды да, қызған ауамен араласып жана бастайды. Осылай, мартен пештерінде, отын металды балқытуға жҽне оның қоспаларын күйдіруге жүмсалады.