Қара сөзінің метонимиялық қолданылуы



бет3/4
Дата22.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#44807
1   2   3   4

Қара сын 1.Күйенің көмірдің түсіндей (Түс,бояу).Қожалық оқуға аттанарда,әкесі күркілдектің ашамай белді шолақ торысы бір мүйізі сынық қара сиыры,торғай қамасаң тұрмайтын қырық жамау қараша үйі бар еді(Б.Майлин Азамат).Оюлап кестеленетін тұс киіз бірыңғай не шымқай ақ,не шымқай қара болады(С.Қасиманов,Қаз.Қолөнері.).

  • Қара сын 1.Күйенің көмірдің түсіндей (Түс,бояу).Қожалық оқуға аттанарда,әкесі күркілдектің ашамай белді шолақ торысы бір мүйізі сынық қара сиыры,торғай қамасаң тұрмайтын қырық жамау қараша үйі бар еді(Б.Майлин Азамат).Оюлап кестеленетін тұс киіз бірыңғай не шымқай ақ,не шымқай қара болады(С.Қасиманов,Қаз.Қолөнері.).
  • 2.ауыс.Арам ,қара ниет,зұлым.Елдің ойын сондай сырты жылтыр,іші қара идеяға аударып,өндіріске бөгет жасап жүргендеріңді,оған енді өзімнің төзе алмайтындығымды қатты ескертемін.(Ә.Әбішев,Пьеса.).
  • 3.ауыс.Теріс,қисық.ынсапсызға не керек істің ақпен қарасы.Нан таппаймыз демейді,Бүлінсе елдің арасы(Абай,Тол,Жиын.).Мен қара бет сорлының Басынан Қара қалған жоқ.Айтқан сөзді білер жоқ,артында қалған жетімнің Тілегін сірә тілер жоқ(Манас).Қарапайым, халық арасынан шыққан адам,қараша,халық, бұқара.Әуелі әлімменен табынды алды,тоздырып ақ сүйекті тағында алды.Әленді күсеппенен Сібірге айдап,Бұ жұрттың қара түгіл ханында алды(Х.Досмұхаммедұлы,Шығ.) Хан емеспін қарамын,Қарадан туған баламын.Өзім деген адамға Ортаға бәрін саламын.Ерегіскен кісінің Еріксіз басын аламын.Хан баласын көргенде Қайраттанып қаламын(К.Әзірбаев Таңд.Шығ.)

Қара үзіп қалды.Көз жазып қалды.Әлі де бірінен-бірі қара үзіп қалмай,жылжи беру шарт (М.Әуезов,Таңд.шығ.)

  • Қара үзіп қалды.Көз жазып қалды.Әлі де бірінен-бірі қара үзіп қалмай,жылжи беру шарт (М.Әуезов,Таңд.шығ.)
  • Қарасы өшсін құрысын,көзі жоғалсын.Ол кірешілердің әрқайсысын саусағымен нұсқап осылар кірсін,ал ананың қарасы өшсін дегендей саудагерді көрсетті де, қолын алысқа сілтеп тастады.(Қ.Исабаев.Соңғы.) Қарасы суалды.Үміті өшті,зар жылады.Екі бірдей байынан тең айырылып енді қараң суалып қалғаның ба?(Қозы Көрпеш)
  • Қара таласты.Қабаттасты,қатарласты,тай-таласты.Сол белдерден бұрқырап заулап келе жатқан түтіндер.Ол поезд екен деймін.Оны мен жанасалай лықсып көш келеді.Поезд бен көш қара таласып андыздап келеді(І.Жансүгіров,Шығ.) Әділге тіркеушінің қылығы қатты батты,Қашан келсеңде,қара таласам деп отырып сөзіңді ылғи қағыс естиді де,қайырып сұрасаң қалшиып шыға келеді(Ғ.Орманов,Жүрек.)
  • Қара таныды.Әріп таныды,сауаты ашылды.Қара танимын,Шот қаға білемін,есебімді ешкімге жібермеймін(М.Иманжанов,Көк белес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет