Қарақалпақ филологиясы факультетi тү р к I ф и л о л о г и я с ы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата05.02.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3426
1   2   3   4   5   6   7

                Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. Аханов К.Тіл білімінің негіздері.Алматы.1993ж. 

2.Ə.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. Алматы.  Cанат.1997. 

 3. Ə.Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы.     Алматы. Мектеп. 1988ж. 

4.Балақаев  М,  Жанпейісов  Е,Томанов  М.Қазақ  тілінің    стилистикасы.  Ал-

маты. 1994ж. 

5.Сарыбаев Ш, Нақысбеков О.Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы. 

1996ж. 


6.Кеңесбаев І,Мусабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика, Фонетика. 1995ж. 

7.Болғанбаев Ə.ДүйсебаеваД.  Қазіргі қазақ тілі.Ташкент.2008. 

 

 

 


 

 

67



              ЭТИМОЛОГИЯ  ЖƏНЕ ОНОМАСТИКА 

 

                 Ж О С П А Р Ы : 

1. Этимологияның қарастыратын мəселелері. 

2. Өлі түбір этимологиясы. 

3. Этимологияның əдет-ғұрыпты түсінудегі ролі. 

4. Ономастика туралы түсінік. 

5.Ономастиканың негізгі түрлері. 

Тірек сөздер:   этимология сөздердің шығу тегі туралы ілім, ол тіліміздегі 

жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, кейде морфемалардың пайда болу, қалыптасу 

жолдарын  тексереді,  этимологияның  тіліміздегі  əдет-ғұрыптарды  да  түсінуде 

маңызы зор, ономастика жалпы есім атауларын зерттейді, оның антропонимика, 

топонимика, гидронимика т.б. салалары бар. 

 

Этимология гректің  еtumas- ақиқат, логос-ілім деген сөздерінен жасалған. 



Бұл  ғылым  сөздің  тегін  тексеруі  арқылы  тіл  тарихына  жəрдемдеседі,  бірақ 

тілдің  тарихын  зерттей  алмайды.  Этимология  жеке  сөздің,  кейде 

морфемалардың  жасалу,  даму  тарихын,  шыққан  төркінін  тексереді.  Тіл 

білімінің  бұл  бөлімі  тарихи  сөздіктер  жасағанда  жеке  сөздердің  төркінін 

айқындауға,  сөздің  даму  тарихының  заңдылықтарын  дұрыс  шешуге 

көмектесетін  маңызды  құрал  болып  саналады.  Мысалы:  аш-қыл-тым  деген 

сөзді алсақ, оның түбірін тауып, жұрнақтарын бөлектеп, оның басында қандай 

сөз  екенін,  кейін  қандай  жұрнақ  қосылып,  қалай  жасалғанын  айқындауға, 

этимологиялық əдіс керек болады. Этимология-жеке сөздердің, грамматикалық 

тұлғалардың тарихын зерттейтін ғылым. Қазіргі қазақ тілінде мағынасы белгісіз 

сөздер  баршылық.  Олардың  көпшілігі  қос  сөздерде  сақталған.  Мысалы:  азан-

қазан,  қым-қуыт,  шым-шуыт,  қатын-қалаш,  жаяу-жалпы,  түп-құян,  құл-құтан, 

кəрі-құртаң  тағы  басқалардың  тіркесі  түсінікті,  бірақ  жеке  сөздік  мағынасы 

белгісіз.  Осылардың  этимологиясын  қарастыру  қызық  екені  түсінікті,  өйткені 



 

 

68



этимология  тіл  тарихын  жетектеп,  туыс  тілдермен  салыстыра  зерттеуді  керек 

етеді. 


Этимология  тұрғысынан  қарағанда  қызғылтым  деген  түбірі  қыз  болады. 

Өйткені ол сөз қызыл, қызғыш, қызғылтым деген түбірлерде мағыналас болады. 

Бұл  сөздің  түбірі  қыз  бала,  отқа  қызды  дегендерден  осы  күнде  басқашарақ 

екенін  ескереміз,  оған  ғыл  жұрнағы  қосылған,  мұндағы  ғыл  жұрнақ  екенін 

бозғыл, сарғылт, құқыл дегендердегі -ғыл, -қыл жұрнақтарымен салыстыра та-

нимыз.  Осының  қызғыл-тым  дегеннің  соңғы  жұрнағы  тым  осы  күндерде  де 

қолданылып жүрген үстеу тым екенін этимология жолымен қарап, тым қызыл, 

тым ащы дегендермен салыстыра отырып түп төркінін шығарамыз. 

Сөйтіп,  қызғылтым,  ашқылтым  дегендегі  тым-энклетика  болып,  тым 

қызғыл-тым,  тым  ашқыл-тым  деген  праклетика  екенін  аңғарамыз,  бұл  тым 

сөздің алдында келсе де, соңында келсе де сөздік мағынасын жоғалтқан, бірде 

күшейткіш шылау, бірде жұрнақ болып кеткен. Мұны, əрине, негізгі үш жақтан 

бірдей  қараймыз. 1. Жұрнақ  я  шылау  болу  үшін  ол  форма  көптеген  сөздерге 

қосылып айтылуы қажет. Мысалы: боз-ғыл, тар-ғыл, қу-қыл т.б.  

2. Мағыналық   ерекшелігімен қатар, туыс тілдер фактісі де салыстырыла-

ды. Мысалы: татар, башқұрт тілдеріндегі сарғылт, сарғын. 

3.  Көне  түркі  тілінде  қолданылу  заңдылығы,  мағынасы  салыстырылады. 

Мысалы:  қыз-қызыл  мағынасында  болған  (махмуд  Қашқари).  Сондай-ақ  жол-

дас-жора,  бала-шаға  деген  қос  сөздердің  соңғы  компоненттері  (жора,  шаға) 

түсініксіз. 

Этимология  кірігіп,  түрін  өзгертіп  кеткен  сөздерді  де  тексереді.  Мысалы: 

Каспий  теңізінің  Маңғыстау  жарты  аралы  деген  тіркестегі  Маңғыстау  сөзінің 

ертедегі мағынасы қой жайылымы деген екенін осылардың түбірін тексергенде 

көреміз. Оны осы күндегі қыстау, қышлақ деген сөздің мағына эквиваленті деп 

қарауға  болмайды. 

Қазіргі қолданылып жүрген көзілдірік (көз-іл)-көзге ілдірік, өмілдірік (өм-

іл)-омырауға  ілдірік,  табалдырық,  табанға  ілдірік  деген  элементтердің 


 

 

69



қосындысы екенін жəне олардың мағынасын анықтайтын ғылым-осы этимоло-

гия. 


Этмология ғылымы сөздің төркінін тексергенде нақтылы жағдайларды ес-

кере  отырып,  сыртқы  пішіні  мен  ішкі  мағыналық  тұтастығын  көздейді. 

Олардың  бірлестігінің  заңдылығын    ашады.  Сыртқы  тұлға  мен  ішкі  мазмұн 

қабысып келгеннің өзінде де ол сөздің мағынасы осы күндегісінен басқа болуы 

мүмкін.  Мысалы  жоғарыда айтылған көзілдірік деген сөзді алсақ, ол  ерте  кез-

дерде  осы  күндегі  көзге  ілетін  шыны  əйнекке  емес,  көзді  күннен  сақтайтын, 

қылдан  торлап  істелген  күн  қақпаға  айтылған.  Бертін  келе  шыны  көзілдірікке 

ауысқан. 

Бұл  тілдегі  бар  сөз,  екінші  тілде  болуы  мүмкін.  Бірақ  бұлар  бірінен  бірі 

ауысып  алмай-ақ,  əрқайсысы  өзіндік  мүмкіншілігін  пайдаланған  да  болар. 

Оларды  тексеріп  анықтау  қажет.  Ах,  ай  дейтін  ажа  жоқ,  қой  дейтін  қожа  жоқ 

деген мақалдағы ажа сөзі монғол тілінде əке деген мағынада қолданылатынын 

Ибн-Мұханның сөздігінен кездестіреміз. 

Тіліміздегі кейбір сөздердің мағынасы қолданыла келе кейде кеңейіп, көп 

мағынаға  ие  болады,  ал  кейде  қолданылу  өрісі  азайып,  мағынасы  тарылып 

қалады.  Бұларды  зерттеп  білу  де  этимологиялық  маңызы  өте  зор.  Мысалы:  ас 

аттынікі, той тондінікі немесе орамал тонға жарамайды, жолға жарайды деген 

мақалдардағы тон сөзін қазір қой терісінен иленіп, тігілген киім деп ұғамыз. Ал 

осы тон деген сөз бұдан бір мың жыл шамасы бұрын теріден істелген киім ғана 

емес, жалпы киетін киім атаулының жинақты аты ретінде қолданылған.  

Қазіргі  қазақ  тілінде  өлі  түбір  деп  аталатын  көптеген  сөздер  бар,  яғни 

түбірдің  бұрынғы  мағынасы  ұмытылып,  қандай  сөзден,  қалай  жасалғандығы 

мəлімсіз.  Мысалы:  арбау  деген  сөзді  алайық,  мұның  у  деген  қосымшасы 

етістіктің тұйық райының жұрнағы ек енін, -ба етістік жасайтын жұрнақ екенін 

білеміз. мұны ар-ұят дегенмен шатастырмау керек, олар өзіне басқа. 

Ар  деген  түбір  көне  түркі  тілінде (VI-VIII) арбау  деген  мағын  ада 

қолданылған.  Ал  дегеннің  айла,  алдау  мағынасында  қолданылғанын  Махмуд 


 

 

70



Қашқаридың сөздігінде жазылған мына мақал дəлелдейді. Аушы неше ау білсе, 

айығ (аю) сонша жол біледі. Осы сөз бертін келе əл-əдіс мағынасына ауысып, 

онан  əрі  күш  мағынасына  қарай  беттеп  барады.  Мысалы, «Əлім  жоқ  деп 

дұшпанменен  алысатын,  ат  қайда  сұр  қызыл  мен  шабысатын»  деген  халық 

əніндегі əл деген сөз күш, қуат мағынасында қолданылып тұр. Ал деген түбір 

жіңішкеріп əл болып өзгерген сияқты. Сол сияқты, аран деген сөз екі түбірден, 

ар-ан сөздерінен құралып, бірі жұрнақ, екіншісі түбір болып жымдасып кеткен. 

Бұл күнде бұларды екі түбір деу де қиын. Осының-ан деген компонентін салы-

стыру  арқылы  ғана  түсінуге  болады.  Ол  баста  ар-ан  алдап,  аңды  қамап 

ұстайтын  қора  мағынасында  болып,  бертін  келе  аң  аулайтын  алдау  қора 

мағынасынан мал қорасына ауысқан. Ол кезде аранның орнына ауыл деген сөз 

қолданылған.  Ауыл  деген-қора  деген  сөз  екен,  осы  кезде  басқа  мағынаға  ауы-

сты. 

Сөздің  этимологиясын  зерттеу  ісі  халықтың  əдет-ғұрпын,  тарихын, 



дəстүрін  түсінуге,  білуге  де  көмектеседі.  Бұған  мысал  ретінде  мына  бір  сөзді 

қарастырайық. 

1.  Оқ  деген  сөз  ертеректе  жайдың,  садақтың  оғы  деген    тіркеспен  қатар, 

жерді  қауым  мүшелеріне  бөлу  үшін  пайдаланылатын  құрал  ретінде 

қолданылған:  əр  адам  бөлінетін  жерге  келіп,  кезекпен  оқ  атады,  əркімнің 

оғының  түскен  жері  өзіне  үлес  болып  беріледі.  Мұнда,  əрине  садақ  тартқыш 

адам  оғын  алысқа  түсіріп,  жерді  көбірек  алады  да,  ата  алмайтындар  жерді  аз 

алады.  Бұл  əдіс  қауым  мүшесін    жай  тартуға,  соғыс  өнерін  үйренуге 

жұмылдырған.  Өйткені  сол  заманда  адамдар  жауынгер,  садақ  тартқыш  болса, 

олар  жаумен  арпалыста  жеңіп  шығады,  сондықтан  əр  адам  үйренуге  құштар 

болған. 

Алып - түнге  (Афрасиаб,  Оғыз-хан)  Иран  ша8ары  басып  алғанда  қала 

халқы. Біз саған бағынайық,бір атым жер бер. Садақтың оғы түскен жер Иран 

мен Тұрынның шекарасы болсын-депті (Хабус нама, “арузи) 



 

 

71



Осыдан  келіп  бір  атым  жер,  атым  деген  атау  жасалады.  Бертін  келе  жер 

бөлістің түрі, əдісі өзгерген кезде жаңағы атау, қолданудан қалып, оның орнына 

басқа өлшеуіш пайда болады да, бұрынғы атау ұмытыла бастайды. Сөйтіп, он-

дай  сөздер  тұрақты  сөз  тіркесінде  ғана  сақталып  не  болмаса  басқа  мағынаға 

ауысып кетеді. 

Сондықтан  бір  адым  жер  деген  тіркес - көне  тілдің  бір  көрінісі.  Оның 

бұрынғы  мағынасы  өзгеріп,  соның  салдарынан  дыбыстық  деформацияға 

ұшырап,  атым  дегендегі  т,  д-ға  ауысып,  халықтың  ұғымындағы  бұрынғы  ату 

деген етістіктің орнына адымдау деген етістік туады. 

2.  Тілімізде  жыл  келді,  жыл  тиді  деген  тіркестер  есте  жоқ  ескі  заманнан 

бері  қарай  келе  жатқан  көне  екені  анық.  Мұны  біз  Абулғазы  Ба8адурханның 

«Шежіре-и түркме» деген еңбегінен кездестіреміз. Мысалы: йыл келіп, яз бол-

ды  (Жыл  келіп,  жаз  болды).  Қазіргі  қазақ  тілінде  де  күн  жылынып,  қар  еріп, 

жерден  бу  шықса,  жыл  шықты,  жыл  келді  дейтінін  еске  алсақ,  жыл  дегенді 

бірдемеге  теңеп,  онда  жыл  үйектен  мерзімді  кезеңінде  келеді  деген  ұғым  бар 

екенін аңғаруға болады. 

3.  Жылдың  аталуы  туралы  біраз  аңыз-əңгімелер  бар.  Түркі  хандарының 

бірі,  атақты  бір  соғыстың  болған  жылын  нақты  есептеп  шығара  алмаған  соң, 

ғұламаларын  жинап,  бізге  жыл  санау  жүйесі  керек.  Жыл  жүйесін  жасап,  əр 

жылға ат қоюымыз керек дейді. Олар ақылдаса келіп, бір жылда 12 ай бар деп 

алады, одан соң он екі жылды бір мүшел деп алуға пəтуаласады. Оның аттарын 

айуанат аттарымен белгілейді. 

4.Этимологиялық  зерттеудің  тағы  бір  керектігі-тіл  фактісінде  сақталған 

халық өміріндегі кейбір елеулі құбылыстардың да сырын ашуға себепкер бола-

ды.  Қазіргі  қазақ  тілінде  ит  шана,  ит  арба  деген  атаулар  бар.  Сонымен  қатар, 

қол  шана,  қол  арба,  деп  те  айтылады.  Мұның  кейінгісін  қолмен  тартып, 

сүйрейтін болғасын солай атау орынды. Ол сөздердің алғашқылары итпен бай-

ланысты.  Бұған  қарағанда  қазақ  халқы  көне  замандарда  итти  жеккен  болу  ке-

рек. Өйткені итті арбаға не шанаға жекпесе итарба, ит шана деген сөздер тумас 


 

 

72



еді.  Бұл  сөздерді  басқа  тілден  де  ауысқан  деуге  болмайды.  Себебі  бұл 

атаулардың қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар екенін мына фактіден 

көреміз. Мысалы: ит өлген жер, ит өлкесі-қиян, ит арқасы-қиян деп, алыс жерді 

айтуымыз да кездейсоқ нəрсе емес. 

5.  Этимология-  көптеген  грамматикалық  формалардың  жасалу  жолын 

тексере келе, жалғау-жұрнақтардың көпшілігі ерте кездерде мағыналы түбір сөз 

екендігін зерттеп шығаруға да ең қолайлы құрал. 

Мысалға етістіктің жіктік жалғаулары. 

     1-жақ -мын, -мін, -мен 

     2-жақ -сың, -сің, -сен 

екенін  тарихи  жазу  ескерткіштерінен  кездестіреміз.  М.  Қашғари  барсақ 

дегенді барса сен деп көрсеткен. 

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы-

ономосиология деп аталады. Ономосиология грек тілінің  «ат, есім, атау» де-

ген мағынадағы оnоmо деген сөзі  мен «сөз, білім» деген мағынаны білдіретін 



lоgоs    деген  сөзінен  құралған  термин.  Семасиология    сөздің  мағыналарын, 

семантикалық  заңдарды  зерттесе,  ономосиология    зат  немесе  құбылыс 

ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігін қарастырады. 

Анығырақ  айтқанда,  сөз  семасиологиялық  тұрғыдан    қарастырылғанда,  оның 

мағыналық  жағына  назар  аударылады  да,  ономосиологиялық  тұрғыдан 

қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. 

Сонымен ономосиология заттар мен құбылыстардың  аталуы, белгіленуі туралы 

ілім дегенді білдіреді. 

Ономосиологияның  диалектологияға  да  қатысы  бар.  Ономосиологияның 

диалектологияға  қатысы  əсіресе,  лингвистикалық  географиядан    айқын 

көрінеді. Əр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық 

картасы  ономосиологиялық  негізге  сүйеніп  жасалады  да,  бір  заттың  немесе 

құбылыстың диалектілердегі  əр түрлі аталарының таралу шегі көрсетіледі. 


 

 

73



Ономосиологияның  айрықша  бір  саласы-  ономастика  жалқы  есімдерді 

зерттейді. Ономастика деген терминнің орнына кейде ономаталогия деген тер-

мин  де  қолданылады.  Бұлар  өзара  синонимдес  терминдер.  Ономастика  өз 

ішінде екіге бөлінеді. Оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі  

етіп алса, екіншісі-топонимика географиялық  атауларды зерттеу обьектісі  етіп 

қарастырады. 

Кісі  аттары  адамдарға  туған  уақтында  қойылып,  олар  адамдарды  семьда 

жəне қоғамда бір-бірінен айыру үшін қызмет ететіні белгілі. Қазақ семьясында 

ат таңдап қою мəселесі өте шексіз жəне əр түрлі болып келеді. Кейде əр түрлі 

жағдайларға  байланысты  да  балаға  ат  қойылып  отырған  (Мысалы,  жол  жүру 

барысында, көшіп-қону дəуірінде, жауынды-қарлы күндерде т.б.). Мынадай кісі 

аттарын  алып  қарайық:  Аманжол,  Жаңбырбай,  Жолшыбай,  Жолай  т.б.  Ер 

балаға    аттар  көбінесе  ерлік,  ақылдылық,  ептілік  қасиеттерімен    байлынасты 

қойылған.  Мысалы,  Түлкібай-айлакер,  қу,  Арыстан-арыстандай,  Бүркіт 

т.б.Қыздар  аттары  сұлулықпен,  əдемілікпен,  мейірімділікпен    байланысты 

Айсұлу, Сұлухан, Жібек, Меруерт, Алтын, Маржан т.б. 

Жаңа  туған  нəрестеге  ат  қоюда  халық  арасындағы    əр  түрлі  ырымдар 

маңызды  орын  алған.  Мысалы,  бірнеше  қызы  бар,  бірақ  ер  балалы  болмай 

жүрген  семьяда  соңғы  қызына  ырымдап,  Ұлтуған,  Тоқта,  Қызтумас,Ұлбосын 

т.б.  осы  сияқты  аттарды  қойған.  Қазақтың  ескі  дəстүрі  бойынша    балалалары 

тұрмай, көп өліп жүрген семьяда келесі туған балаға ырымдап Өтеген, Өтеміс, 

Төлеген, Төлеміс, Орынбасар сияқты аттар қойылған. Ертеректе көшпелі семь-

яларда  балалар  жиі  шала  туылып  отырған.  Оларға  Шалабай,  Шалабек,  Лекер 

сияқты аттар қойылған. 

ХХ  ғасыр  басында  орыс  тілі  арқылы  интерноционалдық  аттар,  орыс 

ұлтының аттары қазақ тіліне көптеп еніп, жаңа туған нəрестелерге қойыла бас-

тады. Мысалы: Алексей, Андрей, Борис, Петр, Анна, Зина,  Зоя, Лида, Август, 

Артур, Роман,  Жанна,  Анжела, Эльмира, Тарас, Маргарита т.б. 



 

 

74



Қазақстан  республикасының    территориясы  өте  үлкен.  Республикада 19  

облыс, 80 нен астама қала, 193 қала типіндегі село, 218 аудан бар. Бұл террито-

рияда  жүздеген  мың  топонимдердің    болуы  да  заңды  құбылыс.  Тек  ғана 

өзендердің  аты 85 мың,  осылардың  ішіндегі 8 мыңы 10 км.  ден  артық 

ұзындықта.  Ең  басты  Қазақстан  өзендер  мыналар:  Ертіс,  Ишим,  Сырдария, 

Орал,  Іле,  Торғай,  Тобыл,  Шу,  Ақсу,  Сарысу,  Ембі,Талас,  Ырғыз,  Шідерті, 

Аягөз, Қара тал, Арыс, Тентек т.б. 

Берілген  мəліметтер  бойынша    Қазақстанда  50 мыңға  жуық  көл  аттары 

бар.  Олардың  ішіндегі  ең  ірілері:  Балқаш,  Алакөл,  Теңіз,  Селеті  теңіз, 

Сасықкөл, Құсмұрын, Марқакөл, Теке, Шалқар, Кеш, Баласағұн т.б. 

   Республиканың    топонимикалық    жүйесінде    монғол,  араб-парсы,  орыс 

тілдерінен  енген  топонимдер  бар.  Г.К.Қоңқашбаев  өз  зерттеуінде  монғол 

тілінен енген 200 топонимді көрсетеді. 

  Қазақстанның географиялық атауларының көпшілік бөлегін: құрайды.Ол 

топонимдердің  пайда  болуы    Қазақстан  мен  Россияның  өзара  қарым-

қатынасымен    тығыз  байланысты.   1645- жылы  қазақтар  :йшік  деп  атайтын 

ауылда  Михаил  Федорович деген  патшаның  жарлығымен    Гурьев  деген  көпес 

орналасып,  тас  қаланың  негізін  салған. 1718 жылы  Семипалатинск  қаласы  са-

лына бастайды. Атақты географ-ғалым П.Семенов Тянь-Шанский бұл қаланың 

аты «семи палат» сөзінен алынған деп жазады. 

Қазақ тіліндегі асу, су, көл, сор, сай тау, тас, төбе, шоқы сөздері арқылы да 

көптеген  топонимдер  жасалған.  Мысалы:  Ақкөл,  Алакөл,  Ақтөбе,  Қарашоқы, 

Кеңсай, Жетісай  т.б. 

Топонимдердің  қалыптасуына    сан  есімдердің  де  қатысы  бар.  Мысалы: 

Жетісу, Жетіарал, :шбас, Тоғызбұлақ, Жүзағаш, Мыңарал, Екібастұз т.б. 

Орыс шаруаларының Қазақстанға көшіп келуімен байланысты жаңа топо-

нимдер пайда бола бастады. Ол топонимдер негізінен көшіп келгендердің аты-

мен, жер иелерінің атымен байланысты пайда болған ауыл мен село аттары еді. 



 

 

75



Мысалы:  Юрьевка,  Степановка,  Андриановка,  Карниловка,  Ермак,  Владими-

ровка жəне т.б. 



 

Cұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Этимологияның зерттеу обьектісі не

2. Этимологияның түрлері қандай



3. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаған ғалым кім

4. Ономастиканың зерттеу обьектісі не



5. Ономсатиканың қандай салалары бар

6. Қазақ тілінждегі антропонимдерді кім зерттеген



? 

 

 



          Пайдаланылған əдебиеттер: 

1Ə.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы.Алматы. 1988ж 

2. Ə.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Алматы.1998ж. 

3. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы.1993ж. 

4. Ə.Хасанов. Тіл білім. Алматы. Рауан-1996 ж 

5. К.Аханов. Қазақ тілі лексикасының мəселелері. 1979 ж 

6.Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы.Алматы1977ж. 

7. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. Алматы. 1988ж. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76



       ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ 

 

                  Ж О С П А Р Ы : 

1.Фразеология жəне оның белгілері. 

2.Фразеологизмдердің түрлері. 

3.Фразеологизмдердің сөз табына қатысы. 

 

Тірек  сөздер:  фразеология  тілдегі  тұрақты  сөз  тіркестерін  зерттейтін  тіл 

білімінің   саласы,  фразеологизмнің  үш  түрлі  белгісі  бар:  мағына  тұтастығы, 

тіркес  тиянақтылығы,  мағына  тұтастығы,  фразеологиздмердің  негізгі  үш  түрі 

бар: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық  бірлік, фразеологиялық  тізбек. 

 

Фразеология  деген  термин  негізінен  екі  түрлі  мағынада  қолданылады. 



Бірінші  мағынасы  тілдегі  тұрақты  тіркестерді  зерттейтін  тіл  білімінің    саласы 

деген  ұғымда  қолданылады.  Екіншісі-бір  тілдегі  фразеологизмдердің  тұтас 

жиынтығы  дегенді  білдіреді.  Фразеология  жеріне  жеткізе  зерттеліп  біткен 

ғылым  деп  айтуға  болмайды.  Мұның  шешілмеген  даулы  мəселелері  өте  көп. 

Сондықтан  да  соңғы  жылдарға  дейін  мұны  жеке  пəн  ретінде  арнайы 

зерттеушілер тым аз бодды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы де-

ген  топқа  жатқызып,  лексиакның  көлемінде  тексерумен  шектеліп  келгендігі 

мəлім. 


Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін таны-

татын  негізінен  үш  түрлі  басты  белгісі  бар.  Олар: 1. Даяр  қалпында  жұмсалу 

белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы. 

Осы  үш  белгіні  түсіну  үшін  əрқайсысын  жеке-жеке  алып  қарайық. 

Фразеологизмдердің  даяр  қалпында  жұмсалу  белгісі  еркін  сөз  тіркесімен 

салыстырғанда  айқын  байқалады.  Мəселен,  Дəурен  қалаға  жүрейін  деп  отыр 

деген бір сөйлемді əркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады. Мысалы: 

Дəурен  қалаға  жүрмекші,  Дəурен  жақын  арада  қалаға  бармақшы,  Дəурен 


 

 

77



қалаға барам ба деген ойда, Дəуреннің қалаға жүрем бе деген ойы бар т.б. Бұл 

сияқты  еркін  сөз  тіркестері  қатынас  жасау  процесінде  əркімнің  өз  қалауы 

бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім алай етіп жеткізсе де өз еркі деген сөз. 

Ал тілдегі фразеологизмдер бұлай етуге, құбылтуға көнбейді. Мəселен, төбесі 



көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші 

деп  өзгертуге  болмайды.  Оның  сыртқы  құрылым-құрылысы  еркін  тіркеске 

ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. 

Фразеологизмдердің  бір  бүтін  единица  ретінде  қолданылуы  жағынан 

лексикалық единица -сөзге ұқсайды.Фразеологизмдер бірнеше сөздің тіркесінен 

құралғанымен  тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге  

бөлінбейді,  сөйлегенде  тұтас  күйін  бұзбай    қолданылады.  Мысалы:  жер  аяғы 

кеңіді,  жерге қаратты, жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты т.б. 

       Тілдегі  фразеологизмдердің  жасалуына  сан  түрлі  құбылыстар,  ұғымдар, 

түсініктер себеп болған. Солардың бастылары: 

1.  Көптеген  фразеологизмдердің  жасалуына  адам  ойында  қорытылған 

құбылыстардың  нақтылы  бейнесі  негіз  болған.  Мысалы,  жауыр  болды  (əбден 

мезі  қылды,  ығыры  шықты)  деген  тұрақты  тіркестің  негізінде  көп  мініліп 

арқасы  жара  болған  аттың    бейнесі  елестейді.  Басында  атқа  байланысты 

шыққанымен  қазіргі  кезде  ол  мағынасы  ұмытылып,  қайта  жасалынып  адамға 

байланысты  айтылады.  Арс  етті  (беттен  алды,  қарсы  келді)  деген 

фразеологизмнің  негізінде  иттің  қарсылық  білдіріп,  айбат  шегуі  жатыр. 

Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған. От ала келген кісідей 

деп,  асығыс-үсігіс,  мұрнына  су  жтпей  жүрген  кісіге  айтылады.  Бұл  тұрақты 

тіркестің  о  бастағы  от  ала  келу    мағынасы    ұмытылып,  қазір  адамның  өзіне 

тікелей  қолданылып  кеткен.  Сол  сияқты  ағынан  жарылды,  айдап  салды,  асты-

нан су шыққандай, асығы алшысынан түсті, ас ішіп, аяқ босатар, ата сақалы ау-

зына  біткен,  ат  басына  күн  туды,  атқа  мінер,  ат-тонын  ала  қашты,  ауыз  жала-

сты, ауыздықпен алысты, жеп еті, ішіп сорпасы жоқ, жілігі татымайды, аяғынан 

келді,  аяғынан  тік  тұрды,  аяғының  ұшынан  басты,  аяқ-қолын  жерге  тигізбеді, 


 

 

78



бал ашты, беті бері қарады,  дəмін татты, ет жемесе де сорпа ішкендей болды, 

еттен  өтіп,  сүйекке  жетті,  етігімен  су  кешті,  жағасын  ұстады,  жайып  салды, 

жанбай жатып сөнді, аузынан ақ май ағызды, жас иіс, жастығын ала жатты, жа-

тып ішер, жау жетті, ел көшті, жауырды жаба тоқыды, желі оңынан тұрды, жең 

ұшын жалғасты, жерге түкірді, жер шұқыды, жол көрсетті, жібі бос, жібі түзу, 

жіпке  тізді,  иі  жұмсақ,  иі  қанды,  исі  мұрнына  кірмеді,  кəрі  қойдың  жасындай 

жасы  қалды,  қаймағы  бұзылмаған,  қамшы  салдырмайды,  орнын  сипап  қалды, 

өңін айналдырды, өті жарылды, көшсе көш басында, отырса от басында, санын 

соқты,  сорпаға  шығар,  су  татиды  дкгкн  фразеологизмдердің  жасалуына  да  сөз 

жоқ, адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын та-

нып білуге болады. 

2.  Бірқыдыру  фразеологизмдер  өлшемдік  ұғымдардың  негізінде  пайда 

болған. Мысалы: а) уақыт, мерзім өлшемдер: күн шыға, сəске түсте, тападай тал 

түсте,  шаңқай түсте, түс  ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, 

көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында, ел жа-

та,  түн  ортасында,  таңға  жақын,  жылқы  жусар  кезде,  тауық  шақырғанда,  таң 

ата, құлқын сəріде, таң аппақ атқанда, ала жаздай, қыс бойы, ақ қар көк мұзда, 

мал  балалап  жатқанда,  ел  қосқа  шыққанда,  көктің  көлінде,  ел  жайлауға 

көшерде,  күзем  алып  жатқанда,  ел  күзекке  отрығанда,  соғым  сойып  жатқанда 

т.б. 


1) көлем өлшемдер: бір топ (ошар) жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір 

жылқы, бір қоспақ (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын, 

бір айдам жер, бір мая шөп, бір ұрттам су, бір жағым от, бір тең жүк, бір сабақ 

жіп, бір шүйке жүн, бір киер киім, бір жалқы,  бір түйір дəн, бір түп көде, бір 

қанат  ши,  бір  шумақ  жіп,  бір  кесек  киіз,  бір  жайым  құрт,  бір  білем  май,  бір 

асым ет, бір шайлық сүт, бір тілім нан, бір қайнатым шай, бір шағым қант, бір 

саба қымыз, бір атым насыбай, бір қарын май, бір қап астық, бір шана шөп, бір 

шайнек  шай,  сыңсыған  қалың  орман,  мыңғырған  мал,  жер  қайысқан  қол, 

жайқалған егін, шаш етектен, қыран күлкі, мидай дала т.б. 


 

 

79



    б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, сала құлаш 

жіп, тұтам емшек, қол созым жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шапты-

рым, айлық жол, кісі бойы, оқ бойы, ат кекілінен, бір кез, бір шақырым, иек ас-

ты,  түстік  жер,  бір  көш  жер,  көз  көрім  жер,  арқан  бойы,  тұла  бойы,  өн  бойы, 

есік  пен  төрдей,  аспан  мен  жердей,  жырта  (кере)  қарыс,  бір  сүйем,  сынық 

сүйем, бір құшақ т.б. 

  

   Қазақ  халқы  Қазан  төңкерісіне  дейін  көшіп-қонып  көшпенділік  дəуірді 



басынан  өткізгендігі  белгілі.  Олар  жаз  жайлауда,  қыс  қыстауда,  күз  күзекте 

бірден-бірге  көшіп-қонып  жүргенде  уақыт  мерзімін,  ұзындық  пен  көлемді 

қалай  өлшеп  білген  деген  заңды  сұрақ  туады.  Сол  заманда  біздің 

халқымыздың уақытты сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзындық пен 

кеңістікті  метрмен  өлшеуге  əлі  дағдыланбаған,  үйренбеген  кезі  еді.  Бəлкім, 

сол  кезеңге бұл өлшемдердің  көшпенділік тұрмысқа соншалықты қажеті де 

болмаған шығар. Қалай дегенмен, сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайық өз 

өлшемдері  болғандығын  тілдегі  өлшемдік  ұғымды  білдіретін  қыруар  сөздер 

мен  тұрақты  сөз  тіркестері  арқылы  танып  білуге  болады.  Өткен  заманда 

қазақтар уақытты сағатпен нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, сағат де-

ген  уақыт  өлшемдерін  шамамен  дəл  болжай  білген.  Мəселен  секунд  ұғымын 

қас  қағым,  кірпік  (қабақ)  қаққанша,  көзді  ашып-жұмғанша,  демнің  арасында, 

табан  аузында  деген  дене  мүшелерінің    қимыл  қозғалысы  арқылы  білдірген. 

Секунд  деп  айтпағанымен,  секунд  ұғымын  айнытпай  дəл  түсініскен.  Минут 

пен сағатты  бие сауым, сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым сияқты нақтылы 

мөлшерлі  уақытпен  білдірген.  Осы  фразеологиялық  тіркестер  сағат 

болмағанымен, сағаттың орнына жүрген. Тəулік пен жыл ішіндегі мерзімдерді 

нақтылап  дəл  айыру  үшін  қазақтар  Ай,  Күн,  Шолпан,  Жеті  қарақшы,  Үркер, 

Темірқазық,  Есекқырған  тəрізді  толып  жатқан  аспан  денелерін  молынан 

пайдаланған. Олардың күнбе-күнгі (тəулік бойындағы) айлық, жылдық қимыл-

қозғалыстарын қадағалап  бақылап отырған. 


 

 

80



Уақыт-мезгіл  өлшемдерінде  қас,  кірпік,  қабақ,  көз,  ауыз,  дем  сияқты 

адамның  дене  мөлшерінің  қимыл-қозғалысы  пайдаланылса,  ұзындық  пен 

қалыңдықты өлшеуге елі, сүйем, қарыс, табан, адым, тұтам, құшақ тəрізді атау-

лар  қатысқан.  Мəселен  жылқының  қазысын  өлшегенде  пышақ  сырты,  қыл  ел, 

жарты елі, шынашақ, бір елі, бармақ елі, екі елі, үш елі, төрт елі, сынық сүйем, 

табан  сере  деп  талдайды.  Бұл  өлшемдер  ел  арасында  əлі  күнге  сақталған. 

Тігінші,  үйші,  етікші,  ұста,  ағаш  ұстасы  дегендердің  бəрі  де  метрлік  өлшем 

тұрмыс  тəжірибесінде  əлі  ене  қоймаған  кезде,  негізінен  жоғарыда  аталған 

өлшемдерді  қолданған.  Бірақ  əрқайсысы  əр  түрлі  өлшемге  пайдаланылған. 

Мəселен,  ендей  матадан  киім  пішкенде  құлаш,  қарыс,  сүйем,  елі  жұмсалған. 

Жіпке  қарыс,  тұтам,  құлаш,  сала  құлаш,  ал  шашылып-төгілетін  жəне  жұмыр 

нəрсеге тұтам мен құшақ қолданылған. 

3. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі əдет-ғұрыптарға бай-

ланысты  жасалған.  Мысалы:  ант  су  ішті,  аруақ  (құдай)  атсын,  бата  қылды 

(оқыды),  бір  тарының  қауызына  сыйғызды,  дін  мұсылман  ағайын,  діні  қатты, 

жазмыштан  озмыш  жоқ,  жан  берді  (тапсырды),  жан  таласты,  жетісін  берді, 

қырқын  берді,  заман  ақыр,  қыл  көпір,  зəмзəм  суы,  зікір  салды,  иманды  адам, 

иман жүзді, иманы жолдас болсын, кəусар суын ішті, кешу айтысты, пірге қол 

тапсырды, құран сөзіндей, құрбан шалды, махшар күні, маңдайға жазды, мой-

нына  бұршақ  салып  тіледі,  намазы  қаза  болды,  неке  суын  ішті,  некесін  қиды, 

талақ етті, пайғамбардың жасына келген, періштенің құлағына шалынсын, пітір 

берді, дем салды, атастырып қойды, бесік құда т.б. 

4.  Кейбір  тұрақты  тіркестердің  жасалуына  аңыздар  мен  түрлі  ұғымдар, 

өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: қайда барса да Қорқыттың көрі, 

Есімханның  ескі  жолы,  Қасымханның  қасқа  жолы,  ердің  құны,  нардың  пұлы, 

есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, жы-

ланы  қайтты,  ер  кезегі  үшке  дейін,  ер  қаруы  бес  қару,  күл  төбенің  басында 

күнде жиын, жеті атасынан қара көк, шынжыр балақ, шұбар төс, қара нар, қалы 

кілем, ат-шапан айып, ақ сүтін көкке сауды, теріс батасын берді, жерұйық, қой 


 

 

81



үстінде  боз  торғай  жұмыртқалады,  қой  тұяқ  жамбы,  құба  қалмақ  заманы, 

кедейдің  жеті  қаңтаруы  бар,  кедейдің  аузы  асқа  тисе  мұрны  қанайды,  мал 

құлағы  саңырау,  қара  жер  хабар  бермесін,  сүт  көп,  көмір  аз,  отқа  май  құйды, 

жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбауын көтерді, қол шоқпар болды, қол 

жаулық т.б. 

Тілдегі  фразеологизмдердің  бəрінде  о  баста  конкретті  тура  мағынасы 

болған.  Профессор  Г.  Мусабаевтың  пікірінше,  осы  күнгі  жүрек  жұтқан,  қан 

ішер,  қатарға  қосылды,  санатқа  ілінді,  ит  терісін  басына  қаптады  деген 

фразеологизмдердің  бəрі  о  баста  тура  мағынада  қолданылған.  Бұлар  талай 

заманның белгісін сақтап, кейіннен басқа мағынаға ауысып кеткендігін айтады. 

Бет моншағы үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жұлды) деген тұрақты 

тіркестер де баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай заманның белгісін 

сақтап,  кейіннен  басқа  мағынаға  ауысып  кеткендігін  айтады.  Бет  моншағы 

үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жұлды) деген тұрақты тіркестер де 

басында тура нақты мағынаны білдірген. Кейіннен қатты ұялып, біреуге тіктеп 

қарай  алмау,  біреу-дің  айыбын  бетіне  басып  масқаралау  мағынасында  фразео-

логизмге  айналып  кеткен.  Əр  заманнан  тілде  белгі    қалады.  Соған  қарай  оты-

рып,  тіл  фактісі  арқылы  көненің  сырын  ашуға  болады.  Мəселен,  қазіргі  қазақ 

тілдіндегі  ит  шана,  ит  арба  деген  тіркестерге  қарап  көне  заманда  итті  көлік 

ретінде пайдаланған шығар деп жорамалдауға болады. Мұны ит өлген жер, ит 

арқасы  қиян  дегендер  де  дəлелдщей  түседі.  Фразеологиялық  мағынаның  түп-

төркіні  лексикалық  мағынамен  астасып,  іштей  өзектесіп  жатады. 

Фразеологизмдердің пайда болу жолдары, шығу арналары бұл айтылғандармен 

шектелмеуге тиіс. Олардың жасалуы мен түп-төркінін əлі де зерттеу келешектің 

ісі.           

Фразеологизмдерге тəн үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірінен 

əрдайым  ашық  ажыратыла  бермейді.  Бұл  белгілер  əсіресе  мағына  тұтастығы, 

біреуінен  ап-анық  көрінсе,  екіншісінен  көмескі,  үшіншілерінен  өте  солғындау 

болып кездеседі. Сондықтан тіл біліміндегі фразеологизмдерді түр-түрге бөлір 


 

 

82



топтастыру  ең күрделі де қиын мəселелердің бірінен саналады. Қазақ тіліндегі 

фразеологизмдер  фразеологиялық  тұтастық,  фразеологиялық  бірлік  жəне 

фразеологиялық тізбек болып үш топқа жіктеледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет