Этимологиялық сөздік. Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі
сөздердің келіп шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу
түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді. Этимологиялық сөздік тілдің даму ба-
рысында ондағы сөздердің семантикалық жақтан қандай өзгеріске түскендігін
айқындайды. Сөздің шығу тегі, оның алғашқы мағынасы жəне сөз
мағынасының дамуы туыс тас тілдердегі түбірлес сөздермен салыстыру арқылы
айқындалы.
Этимологяилық сөздік жасау-өте күрделі құбылыс жəне қиын жұмыс. Оны
жасау туыстас тілдердің лексикасына тарихи тұрғыдан келіп терең бойлауды
жəне салыстыра зерттеуді қажет етеді. Мұнымен бірге, Этимологиялық сөздікте
берілетін көп сөздердің шығу тегін айқындау тарихи фонетика мен тарихи
93
грамматиканың мəселелерін жете білуді қажет етеді. Орыс тілінде
А.Г.Пребраженский құрастырған «Орыс тілінің этимологиялық сөздігі» бар.
Түркі тілдерінде көптеген əр түрлі сөздіктердің бар екені белгілі. Ал
этимологиялық сөздіктер жасау-түркі лексикографияның кенже қалған саласы.
Фразеологиялық сөздіктер. Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі əр
түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын
түсіндіреді.»Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі» 1967 жылы жарық көрді. Бұл
сөздікте орыс тіліндегі төрт мыңнан астам фразеологиялық оралымдар
қамтылып, олардың мағыналары талданған. Бұл сөздікте фразеологиялық ора-
лымдар оларды құрастырушы сыңарлардың алфавит тəртібі бойынша тізіліп,
белгілі бір фразеологиялық оралым қанша сыңары болса, сонша рет қайталанып
берілген. Сөздікте фразеологиялық оралымның мағынасы түсіндіріледі де, ол
мағынаны ашып айқындайтындай əдебиеттен мысал беріледі.
Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дəрежеде түсіндірме сөздіктерде
қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мəтелдерді өте мол
қамтыған сөздік-В.И.Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі.
Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ат сөзінің мағыналыр
талданғаннан кейін, осы сөздің ұйытқы болуынан жасалған мынандай
фразеологиялық оралымдар берілген:
Ат ұстар-жаңа туған ұл бала.»Ат құйрығын кесті-бір жола безді, қол үзді
«Ат шаптырым жер-бəйге атының шауып келетін жерінің қашықтық мөлшері.
Ат салысты-жəрдемдесті, көмектесті. Ат үсті-бір іске қалай болса солай,
немқұрайды қарау, селқос қарау. Ат сабылтты-атты шаршатты, болдыртты. Ат
шалдырды-жолаушыларға орта жолда атын тынықтыруы, тамақтандыруы.
Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішінде тек сан жағынан ғана
көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайып сапа жағынан да
жақсарды. Сөздік жасаудағы қол жеткен табыстарымыз бен қатар алдағы
уақытта шұғыл кірісіп, жүзеге асыруға болатын əр түрлі міндеттер бар
екендігін айта кеткен жөн. Кейінгі кезде шығып жатқан үлкенді-кішілі
94
сөздіктер зейін қойып арнайы зерттелінбегендіктен олардың жетістігі мен
кемшілігі сараланбай, тиісті теориялық қорытындылар жасалынбай келеді. Осы
кезге дейінгі істеліп келе жатқан лексикографиялық зерттеу жұмыстары жеке
мақалалар мен шағын рецензиялар көлемінен аспай келеді. Соның салдарынан
сөздік жасауда неше алуан алалықтарға жол беріліп келеді.
Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясын жан-жақты əрі тыңғылықты
зерттемей тұрып, сапалы ғылыми сөздіктер шығару мүмкін емес. Қазіргі кезде
лексикография əр халықтың күнделікті сөйлеу мəдениетін, оның қалыптасқан
əдеби нормаларын жалма-жыл жұртшылыққа насихаттап, білім берудің
дағдылы бір түріне айналып отыр.
Қазақ лексикографиясын бұдан əрі кемелдендіріп дамытуда тіл
мамандарының алдында мынадай келелі міндеттер тұр.
1.Қазақ халқының сөз байлығының бəрі бірдей əлі күнге хатқа түсіп жиан-
лып біткен жоқ. Əсіресе түрлі кəсіп пен мамандыққа, əдет-салтқа, тұрмысқа
қатысты байырғы халықтық сөздер сарқа жиналмай келеді. Тілді жеке адамдар
емес, қауым болып жасаған. Сондықтан қауым болып жасаған игілік, байлықты
көпшілік болып жұмылып жинауымыз керек. Ендігі лексикографиялық
жұмыстардың даму қарқыны жиналған материалдардың саны мен сапасына
қатысты болмақ.
2.Сауаттылық-тыңғылықты зерттеу жұмыстарының нəтижесі, биі
мəдениет көрсеткіші. Емле ережелерін жетілдіріп, «Орфографиялық сөздіктің»
өңделіп толықтырылған жаңа нұсқасын дүркін - дүркін шығарып тұруға
тиістіміз.
3.Көп томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жайында қыруар
жұмыстар істеліп, оның негізінен сəтті аяқталғаны белгілі. Енді осы үлкен
еңбектің негізінде бір томдық «Қазақ əдеби тілінің түсіндірме сөздігін»
шығаруды тездету керек.
95
4. Шығып жатқан үлкенді-кішілі сөздіктерді жан-жақты зерттеп, олардан
теориялық қорытындылар шығару ең кезек күттірмейтін келелі мəселе деп
есептелуі керек.
Лексикографиялық жұмыс-практикалық та, теориялық та мəні зор, ауыр да
абыройлы іс. Бұл салада істелуге тиісті жұмыстар əлі де ұшан-теңіз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Лексикографияның зерттеу обьектісі не
?
2. Қазақ лексикографиясы қашан қалыптасты
?
3.Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі қашан жарық көрді
?
4.Қазіргі қазақ тілінде сөздіктердің қандай түрлері бар
?
5.Орысша-қазақша аударма сөздік ең алғаш қашан жарық көрді
?
6.Терминологиялық сөздік дегеніміз не
?
7.Орфографиялық сөздіктің мақсаты не
?
8.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін жасаған қай ғалымдар
?
9. Арнаулы сөздік дегеніміз қандай сөздік
?
10.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі қашан жарық көрді
?
11. Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігінің авторы кім
?
12. Қазақ лексикографиясының алдында қандай міндеттер бар
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ə. Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. Алматы. 1997ж.
2. Кеңесбаев І, Мусабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1995.
3. Хасанов Б.Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.
Алматы.1996ж.
4. Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы. 1988ж.
5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.Алматы. 1977ж.
6.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 10 том. Алматы.1974-1986жж.
7. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алмаы.1986ж.
96
8.Дүйсебаева М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. Алма-
ты.1981ж.
9. Қазақ тілінің диалектолгиялық сөздігі.Алматы.1994ж.
10. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы. 1997ж.
Достарыңызбен бөлісу: |