Арақашықтықтарды өлшеу



бет1/3
Дата24.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#59440
  1   2   3
Байланысты:
Лекция 12 Арақаш өлшеу


Дәріс 12


Арақашықтықтарды өлшеу

Сызықтарды өлшеудің мақсаты жер бетіндегі нүктелер арасындағы горизонталь қашықтықты өлшеу болып табылады. Жерде сызықты өлшеу тікелей немесе жанама әдістермен жүргізіледі және әр әдістің өзінің аспаптары мен тәсілдері бар.


Тікелей өлшеу әдісі жер бетінде сызықты механикалық сызықтық аспаптармен тікелей өлшеуге негізделген. Бұл аспаптарға лента, рулетка және өлшеуіш сымдар жатады. Тікелей әдіспен сызықтың ұзындығын өлшегенде өлшеуіш құралдарды біртіндеп салады.
Жанама өлшеу әдісінде сызықтың ұзындығы геометриялық немесе физикалық қатынастар арқылы орындалады. Геометриялық қатынастарда ұзындықтарды анықтау үшін базис пен бұрыштарды өлшейді. Оған жататындар оптикалық қашықтық өлшеуіштер. Электрофизикалық аспаптар – жарық пен радио қашықтық өлшеуіштердің құрылғылары физикалық қатынасқа негізделіп жасалған.
Арақашықтықтарды өлшеу - оларды өлшеу, оларды жер бетінде белгілеуден, бекітуден басталады, яғни бастапқы және соңғы нүктелер белгіленеді. Қашықтықтар қажеттігіне қарай уақытша немесе тұрақты нүктелер арқылы бекітіледі. Қазықшалардың ұзындығы 25-30 см, жуандығы 4-5 см ағаштан жасалады. Нүктені дәл көрсету және дәл центрлеу үшін қазықшаның басына шеге қағылады, ал ол нүктелерді тез тауып алу үшін айналасында шұңқыр қазылады немесе топырақ үйіледі.
Ұзақ уақытқа дейін қолданылатын тұрақты пункттер ағаш діңгектер, рельстен, трубадан жасалған белгілер арқылы бекітіледі.
Егер өлшенетін арақашықтық 150-200 м шамасынан артық және ойлы-қырлы болса, ұзындықты жеткілікті дәлдікпен өлшеу үшін нүктенің арасын қадалау керек. Қадалау деп бастапқы және соңғы нүктелердегі екі ағаш қаданың аралығына жарма сызық бойынша қосымша қадаларды орнатуды айтамыз.


Сызықтың ұзындығын өлшегіш аспаптар

Бекітілген нүктелер арасын тікелей 20 метрлік болаттан жасалған өлшеуіш ленталар, рулеткалар, инвар сымдар көмегімен өлшейді.





Сурет 12.1 - Өлшеу лентасы


Өлшеу лентасының жалпақтығы 10-15 мм, қалыңдығы 0,4-0,5 мм, көбінесе ұзындығы 20 м болып болат ленталар. Олар шкалалы және штрихты болып келеді. Жер өлшеуші ленталар-ЛЗ деп, дәлдігі жоғары шкалалы лента-ЛЗШ деп аталады. Өлшеу лентасының құрамына 6 не 11 түйреуіш (шпилька) және оларды тізіп алып жүретін шығыршық кіреді (сурет 20). Шпилькалар диаметрі 5 мм, ұзындығы 30 см болат сымнан жасалынады. Жер бетінің жағдайына байланысты штрихты лентамен сызықты өлшеу дәлдігі 1: 1000-нан 1:3 000 дейін болады. Ал шкалалы лентамен ұзындықты өлшеу 1: 7 000, ал инвардан жасалса 1: 100 000 дәлдікпен орындалады.


Сызықты үлкен дәлдікпен өлшеу үшін маркасы ЛЗШ шкалалы ленталар қолданылады (сурет 22).



Сурет 12.2

Бұл ленталар тұтас жолақтан тұрады. Екі шетінде миллиметрге бөлінген 10 см шкала орналасқан. Лента метрлік және дециметрлік кесінділерге бөлінбейді. Лентаның ұзындығы ретінде екі шетіндегі шкаланың нольдік бөлігінің аралығы алынады. Шкалалы ленталармен өлшеу жер бетінде немесе штативке блоктар орнатып жүргізіледі. Шкалалы лентамен ұзындықты өлшеу 1: 7 000, ал инвардан жасалса 1: 100 000 дәлдікпен орындалады.


Рулеткалар қысқа қашықтықтарды өлшеуге арналған. Рулеткалар болаттан жасалады, оның ұзындықтары 10, 20, 30, 50м, ал таспа рулеткалардың ұзындықтары 5, 10 және 20 м. Металл рулеткалар сантиметрлік немесе миллиметрлік бөліктерге бөлінген, олардың өлшеу дәлдіктері 1: 50 000 және одан жоғары болады. Таспа рулеткалар аз дәлдікті өлшеулерде қолданылады.
Өлшеу сымдар. Дәл және жоғары дәлдікті сызықтық өлшеулерде ұзындығы 24 және 48, диаметрі 1,65 мм болат пен инвар сымдары қолданылады. Сымдардың екі жақ шетінде миллиметрге бөлінген ұзындығы 8 см шкала орналасады. Ұзындықты өлшеу үшін өлшеуіш сымдар штативке орналастырып, 10 кг жүкпен керіледі.
Инварлық сымдар базистік аспаптардың БП-1, БП-2 және БП-3 құрамына кіреді. Олар триангуляция торларында базистерді, ал полигонометрияда қабырғалардың ұзындығын өлшеуге арналған. Болат сымдармен өлшегенде өлшеу дәлдігі 1: 10 000-нан 1: 25 000-ға дейін, инвар сымдармен өлшеу дәлдігі 1: 30 000-нан 1: 1 000 000-ға дейін болады.
Қолданудың алдында өлшеу аспаптары тексеріледі. Бұл тексеруде лентаның ұзындығы алдын-ала жоғары дәлдікпен өлшенген ұзындық-эталонмен салыстырады. Бұл процесті компарирлеу дейді. Олар арнаулы аспаптарда орындалады. Компарирлеуде өлшеу аспабының ұзындығы мен эталондық аспаптың ұзындығының айырмашылығын анықтайды.


(12.1)

Сонда жұмыс лентасының нақты ұзындығы:




(12.2)


мұнда -жұмыс лентасының немесе рулетканың номиналь ұзындығы.
Егер жұмыс лентасының ұзындығы лентаның номиналь ұзындығынан көп болса, онда компарирлеу түзетпесі оң болады. Ал, керісінше болса, онда таңбасы теріс болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет