Сызықтың ұзындығын жанама өлшеудегі аспаптар
Оптикалық қашықтық өлшеуіштер – горизонталь және көлбеу арақашықтықтарды жанама әдіспен өлшейтін аспаптар тобына жатады.
Оптикалық қашықтық өлшеуіштерде арақашықтықты анықтаудың негізіне қысқа қабырғасы тең бүйірлі үшбұрыштың шешімі кіреді. Үшбұрыштың сүйір бұрышын параллактикалық бұрыш , ал сол бұрышқа қарама-қарсы жатқан қабырғаны база (базис b) деп атайды (сурет 23).
Сурет 23
Арақашықтықты D параллактикалық үшбұрыштың шешімімен келесі формула арқылы анықтайды:
(12.4)
Бұрыш кіші болғандықтан (10–тан кіші), онда функция радианмен көрсетілген аргументтің мәніне тең болады. Сонда:
(12.5)
Оптикалық қашықтық өлшеуіштің құрылғыларындағы екі шаманың біреуі (,-бұрыш немесе базасы) тұрақты болады, ал екіншісі өзгермелі болып келеді. Сондықтан оптикалық қашықтық өлшеуіштің екі түрі бар:
1. Тұрақты параллактикалық бұрышы бар қашықтық өлшеуіш. Мұндай қашықтық өлшегіштермен жұмыс істегенде ұзындық шеткі нүктеде орналасқан қашықтық өлшеуіш рейкалардың көмегімен өзгермелі шамасын өлшеумен анықталады.
Егер формуласындағы тұрақты шама -ны С арқылы белгілесек, яғни , онда:
(12.6)
мұнда С – қашықтық өлшеуіштің коэффициенті.
2. Тұрақты базасы бар қашықтық өлшеуіш. Қашықтық өлшеуіштің бұл түрімен жұмыс істегенде бұрышы өлшенеді. Тұрақты база b қашықтық өлшеуіш рейкасына арнаулы маркамен бекітіледі. Бұл жағдайда ізделетін қашықтықты D келесі формуламен анықтайды:
(12.7)
мұнда - қашықтық өлшеуіштің коэффициенті.
Қашықтықты жіптік қашықтық өлшеуіштермен анықтау. Жіптік қашықтық өлшеуіш оптикалық қашықтық өлшеуіштің қарапайым түріне жатады. Мұнда параллактикалық бұрыш тұрақты, ал базасы өзгермелі болады. Ол көру дүрбісінің ішіндегі жіптік тордың орта сызығының жоғары және төменінде орналасқан екі штрихпен көрсетіледі. Оның принциптік схемасы келесі түрде беріледі (сурет 24).
Сурет 12.3
1 және 2 нүктелердің арасындағы D арақашықтығын анықтау керек. 1 нүктеде теодолит орнатылады, ал 2 нүктеде вертикаль жағдайда рейка қойылады. Сонда сурет бойынша анықталатын қашықтық:
(12.8)
мұнда - объективтің алдыңғы фокусы мен рейкаға дейінгі қашықтық;
- объектив пен аспаптың айналу осіне дейінгі қашықтық;
- объективтің фокустық қашықтығы.
Үшбұрыштың ұқсастығына байланысты келесі қатынасты құруға болады:
- , одан , бұдан және тұрақты болғандықтан,
олардың қатынасы аспап үшін тұрақты болады. Мұны қашықтық өлшеуіштің коэффициенті деп атайды, яғни , сонда формуласы мына түрге келеді:
, (12.9)
мұндағы - қашықтық өлшеуіштің тұрақты қосындысы.
Арақашықтықты оңай өлшеу үшін және шамаларын аспапта С=100 жағдайына байланысты таңдайды.
Егер дүрбі сыртқы фокусталу болса, с=0,6 м дейінге жетеді. Сондықтан ірі масштабты түсірістерде (1: 500, 1: 1000, 1: 2 000) ол шаманы ескеру керек. Дүрбі ішкі фокусировкамен болғанда, с см аспайды. Сондықтан ұзындықты өлшегенде бұл шама ескерілмейді.
Үлкен қашықтықтарды өлшегенде, сондай-ақ шөптің биік өсуіне байланысты жіптік қашықтық өлшеуіштің төменгі штрихы көрінбесе, онда жоғары штрих пен орта сызықтың арасындағы санақты алуға болады. Мұндай жағдайда қашықтық өлшеуіштің коэффициенті с=200 болады.
Жіптік қашықтық өлшеуіш арқылы 200 м дейінгі қашықтықты өлшеуге болады, ал егер 200 м көп болса, онда сызықты бөліп өлшейді.
Жіптік қашықтық өлшеуіштің құндылығы – оның өлшеу кезіндегі жеңілдігінде, ал оның кемшілігі - өлшеу дәлдігі төмен 1: 200 - 1: 400. Бұлай болу себептері ауа райының қолайсыздығы, рейкадан дәл санақ алынбайды, жіптік тор сызығының жуандығы, қашықтық өлшеуіш коэффициенті мен рейканың бөліктерінің дәл болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |