Қарағанды -2023 2 Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Педагогикалық технологияны жүзеге асыру шарттары



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата17.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117030
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Педагогикалық технологияны жүзеге асыру шарттары 
 
Тәрбиелеу технологиясын түзу барысында тұлғаның өз әрекеттері мен оның жеке 
басының қасиет – сапаларын жан – жақты талдау басты назарда болады. Талдау барысында, 
педагогикалық іс-әрекетте кестеде көрсетілген жағдайлардың барлығы көрініс беретіндігі 
айқындалады. Егер технология іс - жүзінде толық атқарылмаса немесе оның тиімділігі 
төмендесе, қандай компонент жеткіліксіз деңгейде іске асырылғаны талдау барысында 
анықталады. Ережелерді кез келген педагог жүзеге асыруы мүмкін, бірақ балаға деген үнемі
сыйластық қарым - қатынас жасау шарттарын сақтау қиын, өйткені, мұнда педагогтың ішкі 
дүниетанымдық бағыттары бейнеленген. Егер жоғарыда көрсетілгендер талаптар бала 
бойынан толық көрініс беретін болса, онда бұл технологияның тиімді болғаны.
Н.Е. Щуркованың «Педагогикалық технология» деген еңбегінде бұл мәселелер кеңінен 
сипатталған. 
Педагогикалық үдеріске жылдам бақылау жасау мен оған дер кезінде түзету жасауға 
қатысты тәрбиелеу технологиясының ерекшеліктеріне тоқталайық. Тәрбиеленуші тұлғасына 
вариативті әсер ететін тәрбиелік ықпалдың күрделілігі мен бірізділігі; фактілердің әр 
қилылығы оқыту технологиясындағыдай толық бақылау жасауды және кері байланысты 
нақты орнатуды жүзеге асыруға мүмкіндік бере бермейді. Тамаша технологиямен 
тәрбиеленгеннің өзінде күтілетін нәтиже қандай болады, оны да болжау қиын.Сондықтан 
оқушының жеке тұлғалық сапаларының дамуы жөніндегі мәліметтерді психологиялық – 
педагогикалық диагностика нәтижелері арқылы көруге болады. 
Бекітуге арналған сұрақтар 
1.
Педагогикалық технологияның мәнін қалай түсінесіздер? 
2.
Оқу – тәрбие үдерісінде тәрбие технологиясын пайдаланудың тимділігі неде? 
3.
Щуркованың тәрбиелеу технологиясын жүзеге асырудың шарттары қандай?
Дәріс №15 Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбиелік 
жұмыстар. 
Жоспары: 
1. Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты 
2. Тәрбиелеу жүйесiндегi балалардың қоғамдық ұйымдарының қызметi. 
3.Қазақстандағы, алыс және жақын шет елдердегі балалар қоғамдық ұйымдарының мазмұны 


77 
4. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мәселесі
Мақсаты: Балалардың қоғамдық бірлестігінің пайда болуы, оның түрлері, бағыттары 
мен басты мақсаттарын ұғындыру. 
Глоссарий: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет