ҚАРАЛДЫ КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН ӘБ отырысында Директордың ОТЖ Лицей директор Хаттама № орынбасары ____Қ.Ә.Егенбердиев
____ Қ.Азатқызы ___А.К.Ахметбекова «___» ______ 2023ж. «___» ______2023ж. «___» ______ 2023ж.
Элективтік курс Таңдау пәні «Эссе,оның түрлері,бағалауға қойылатын талаптары,өлшемдері.» Сыныбы: 7«А,Б» Пән мұғалімі: Сахаба Ж.
Сағат саны: Жылдық – 34 сағат; апталық – 1 сағат
Түсінік хат Жаңа оқу бағдарламасында көрсетілгендей, оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға, жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.
Эссе жазудың талаптары мен құрылымы кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 7- сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу дағдысы қалыптастырылады.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет
Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысу, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе — бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны дұрыс.
Эссе жазғызудың мақсаты – таңдалған тақырып немесе көңілде жүрген мәселе бойынша оқушының ойды логикалы түрде нақты жеткізе білуін және тақырыпты аша білуін анықтау.
Эссе жазғызу міндеті – оқушыны ойын жеткізе білуге дағдыландырып, тереңдетіп дамыту.