Семинар тақырыбы: «Жазылым дағдысын дамыту: аргументативті эссе жазудың жолдары мен бағалаудың талаптары»



бет1/6
Дата13.04.2023
өлшемі39,91 Kb.
#82401
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6

Күні: 23.02.2017ж.


Жауапты мұғалімдер: Темешова А.Ә., Есентаев Н.А.


Семинар тақырыбы: «Жазылым дағдысын дамыту: аргументативті эссе жазудың жолдары мен бағалаудың талаптары»


Мақсаты:

Күтілетін нәтижелер:

  • Аргументативті жазба жұмыстары туралы түсінік қалыптастырады;

  • Аргументативті жазба жұмыстары бойынша тапсырма орындай біледі.



І.Теориялық кезең
Эссе жазу жолдары мен бағалаудың талаптары бойынша таныстырылым.
ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАЛАРЫ: ЭССЕ, АРГУМЕНТТІК ЖАЗБА, СҰХБАТ ЖӘНЕ СИПАТТАУ МӘТІНІН ОРЫНДАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ
ЭССЕ ДЕГЕН НЕ?
Бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама осындай болса, француз тілінде талпыныс, байқау, очерк, латын тілінде салмақтау деген мағыналарды береді.
ЭССЕНІҢ ТҮРЛЕРІ

  • Сипаттамалық. Сипаттамалық эссенің мақсаты - адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.




  • Анықтамалық. Анықтамалық эссенің мақсаты - дәлелдер, терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.




  • Хабарламалық. Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі - хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.



  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет