13-тақырып
Морфология қатысты мәселелер мен зерттеулер
1950 жылдан бергі уақыт ішінде морфологияның
жеке мәселелеріне
қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20-ға тарта монографиялық зерттеулер
мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістік категорияларын
зерттеуге арналған Ы. Мамановтың, А. Хасенова-Қалыбаеваның, И.
Үйықбаевтың, осы жолдар авторының, Н. Оралбаеваның, Т. Ерғалиевтің
еңбектерін, сын есім категорияларына арналған Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов, Ә.
Төлеуов еңбектерін, сан есімге арналған Ә. Хасенов, одағай,
еліктеуіш
сөздерді зерттеген Б. Кәтенбаева, Ш. Сарыбаев, үстеуді зерттеген А.
Ысқақов, есімдіктерді зерттеген Ә. Ибатов, шылауларды зерттеген М.
Балақаев, Р. Әміров, т. б. еңбектерін атауға болады.
Аттары аталған авторлар еңбектеріне жеке-жеке тоқталып, талдау
жасау — біз алға қойған міндеттің шеңберіне сыймайды» сондықтан қазақ
тілі морфологиясының жан-жақты да терең зерттелуіне, сөйтіп, оның
категорияларының қазіргі заман ғылым талабына сай айқындалуларына өз
үлестерін қосқанын зерттеулерді атаумен ғана шектелеміз.
1954 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты.
«Қазіргі қазақ тілі» атты көлемді еңбек шығарды. Өз кезінде мерзімді
баспасөз бетінде көрсетілген біраз кемшіліктеріне қарамастан бұл еңбек
қазақ
тіл білімінің елеулі табысы, қазақ тілі мамандарының ұзақ жылдар
бойы фонетика, лексикология, грамматика салаларынан жүргізген
зерттеулері арқасында қол жеткен ғылыми табысы, солардың жиынтығы.
Сондықтан да бұл еңбекті қазақ тіл білімінің 1954 жылға дейінгі ғылыми
жұмыстарының қорытындысы деп түсінген мақұл.
Бұл кітаптан қазір біздің аларымыз — морфологияға қатысты
зерттеулер. Бұл салаға үш автордың еңбектері енген: морфологияның жалпы
бөлімі мен зат, сын есімдерді, есімдік пен үстеуді, одағай мен еліктеуіш
сездерді, көмекші сөздерді А. Ысқақов, сан есім мен шылау сөздерді М.
Балақаев, етістік саласын Н. Сауранбаев жазған.
А. ЬІсқақовтың морфологияға қатысты алғашқы көлемді еңбегі осы
кітапта.
Әдетте, өзінен бұрынғыларға ұқсамау үшін
қалыптасқан терминді,
тұрақталған классификациялық принциптерді өзгертіп, жаңа түр жасауға
тырысушылық—жеке
зерттеушілер
еңбектерінде
кездесіп
қалады.
Соңғылардың ғылымға қосқан үлесі ондай жаңалықтармен өлшенбесе керек.
Мұндағы таразы — объектіні талдаудағы ғылыми жаңалығы, ойының өрбуі
мен тереңдігі, айтқандарының теория мен практика талабына сайлығы.
Аталған еңбекке тоқталар алдында кіріспе іспеттес бұл пікірді айтуымыздың
себебі мынада: терминдік жағынан, грамматикалық категорияларды өз
ішінен ұсақ бөлшектерге жіктеуі жағынан алғанда, аталған авторлар
өздерінен
бұрынғыларды қайталап отырады, ал баяндауларының мазмұны,
мәселені қамту шеңбері, теориялық тереңдігі жағынан келгенде әңгіме
басқаша. Мысалы: өзінен бұрынғы зерттеушілер сияқты бұл еңбек те
сөздерді тұлғалық белгілеріне қарай түбір сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос
сөз, қысқарған сөз деп бес түрге бөледі. 1974 «Қазіргі казақ тілі» деген атпен
жарияланған оқулығында А. Ысқақов алдыңғыға біраз түзету енгізіп,
сөздерді тұлғасына қарай алдымен жалаң сөздер, күрделі сөздер деп екіге
бөлген де, алдыңғыға негізгі, туынды түбір сөздерді, соңғыға біріккен,
қысқарған, қос сөздерді жатқызған. Бұл — орынды түзету. Осы тақырыптағы
бір өзгешелік—бұған дейінгі еңбектердің
барлығында да сөз тұлғасы
құрамына қосымшалар мен шы-лауды, кейбір еңбекте үстеуді де қосатын еді,
аталып отырған еңбекте олар жоқ. Ол дұрыс та сияқты.
Сөздерді тапқа бөлуде бұл еңбек те олардың семантикасы мен
морфологиялық белгісіне сүйенуді жөн көреді. Бұрыннан келе жатқан, Қ.
Жұбанов еңбегінде де қолданылған принцип ізімен А. Ысқақов та қазақ
тіліндегі сөздерді атауыш сөздер (Жұбановта—түбір сөз), көмекші сөздер
(Жұбановта—шылау), одағай сөз деп үш топқа бөледі. Атауыш сөзді екі
автор да есім, етістік деп бөлген. Есімдерді өз ішінен жіктеулерінде де бірлік
бар. Мұндағы өзгешелік—әр сөз табы категориясын кең көлемде баяндау,
айтқандарын тілдік фактілермен жете дәлелдеуінде.
Морфологияның жалпы бөлімінде А. Ысқақов грамматикаға анықтама
береді, оның объектісін айқындайды, жалпы тіл білімі пәнінде айтыла
беретін лексикалық,
грамматикалық мағыналар, грамматикалық форма мен
грамматикалық категория дегендерге тоқталады. Сөздерді тапқа бөлуде бұл
автор тоғызыншы сөз табы етіп еліктеуіш сездерді қосады. Бұған дейін бұл
топқа жатқызылған сөздер «еліктеу одағайы» деп есептелетін. Одағай
дейтіндер—сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысы жоқ
сөздер, ал еліктеу сөздер олай емес, сондықтан соңғы автордың оны Н. К.
Дмитриевтің ізімен одағайдан бөлекше қарауы орынды. Осы кітаптан бастап
еліктеу (мимема —
Т. Қ.) сөздер жеке категория ретінде қалыптасты. Бұл
саладағы бір соны пікір көмекші есімдерге байланысты. Автор мекендік мәні
бар
асты, үсті, щасы, жаны, алды, арты деген сөздерді жеке сөз табы
ретінде қарамағанымен, түркологиядағы пікірлерге сүйеніп, оларды зат
есімнің бір алуан түрі
деп санап, айырықша сөз етеді. Ал бұған дейінгі
зерттеулерде бұлар мекен үстеуі деп саналатын.
Сөз таптары ішінде пікір алалықтарына көбірек душар болып келе
жатқан сөз таптарының бірі — сын есім. Бұл саладан жазылған қомақты
ғылыми зерттеу де жоқ емес, бірақ соған қарамастан бір ізге түспей келеді.
Жоғарыда аталған педучилище оқулығынан кейін бұл тақырыпты Ғ.
Мұсабаев жан-жақты зерттеп, монографиялық еңбек жазды. Бұл еңбек — өз
кезінде айтылған біраз елеулі кемшіліктеріне қарамастан — сын есімді және
оның грамматикалық категорияларын едәуір кең көлемде талдаған зерттеу.
Педучилище оқулығындай емес, мұнда сын есімді мағынасына қарай
сапалық сын, қатыстық сын деп екіге бөледі, сын есім шырайын талданып
отырған кітапта пед-училище оқулығында айтылғандай салыстырмалы,
таңдаулы, шағын шырай деп үшке бөлсе. Ғ.
Мұсабаев оны салыстырмалы
(жақсырақ, үлкенірек), бәсең шырай (жақсылау, үлкендеу), шағын (көкшіл,
ақшыл, қызғылт), күшейтпелі шырай (сап-сары, қьш-қызыл, үп-үлкен),
үдетпелі шырай (өте жақсы, тым үл-кен) деп бес түрге беледі. Осы автор
кейініректегі еңбегінде бәсең, шағын шырай дегендерін қосып бір-ақ шырай
еткен. Ал А. Ысқақов еңбектеріндегі алдыңғы екі авторда да айтылмаған
түрін жай шырайға жатқызу Қ. Жұбанов еңбектерінде де бар және ол дұрыс
та. Бірақ Қ. Жұбанов еңбегінде қазақ тіл білімінде орнықпаған кесімді
шырай, салыстырмалы шағын шырай, жалаң шағын шырай, орта шырай
дегендер бар. А. Ысқақовтың жоғары оқу орнына арналған окулығында
шырай төртке бөлінген.
Сөз болып отырған кітапта басқаша әңгімеленетін тағы бір сөз табы—
шылау. Шылау грамматикалық жүйені сипаттауға
арналған әдебиеттердің
ешқайсысында да назардан тыс қалған емес, бірақ сонымен бірге, бір ізді
шешімін
де
тапқан
жоқ.
Революциядан
бұрынғы
практикалық
грамматикаларда шылаудың әр түрін жеке-жеке сөз табы деп те қарады. Қ.
Жұбанов еңбектерінде — «шылау» деген терминді жалпы атау ретінде
қолданған да, оны өз ішінен қосалқы сөз, қосымшалар деп екі түрге бөлген.
Ал қолданылу орнына қарай қосалқыны (қазіргі термин бойынша шылау,—
Т. К-) дәйек қосалқы, аяқ қосалқы, деп тағы екі түрге бөледі. Дәйек қосалқы
(қазіргі атау бойынша күшейткіш үстеу) дегенге
тым, бек, әрең, қас, өте,
тап
дегендерді
жатқызады.
Дәйек
қосалқылар
сөз бен
сөзді
байланыстырмайды, тек жеке сөзге қосымша мағына үстейді дейді де, соған
қарай оларды үстеуіш қосалқы деп те атайды. Терминдік түрлілігіне
қарамастан автордың
ете, аса, тым, тіпті т. б. дегендерді шылау құрамында
қарауы дұрыс, өйткені бұлар негізгі сезден бөлек қолданылмайды, сөйлем
мүшесі де бола алмайды.