Анықтама. Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі деп, жүйенің әрбір теңдеуін тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың пар мәндерін айтамыз. Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз- оның әрбір теңдеуін дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу. Мына теңдеулер жүйесін шешу керек.
I тәсіл ауыстырымдылық. I теңдеуден y-ті x арқылы өрнектейміз де, II теңдеудегі y-ң орнына қоямыз. Сөйтіп бір белгісізі бар теңдеуге келтіреміз.