Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Молодецкое ауылы Жаңаталап орта мектебі кмм бірінші санатты химия пәні мұғалімі


Ерітінділер. Ертінділер концентрациясын көрсету жолдары



бет2/14
Дата27.11.2023
өлшемі66,2 Kb.
#129028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ерітінділер. Ертінділер концентрациясын көрсету жолдары Ертінділердің маңызды сипаттамаларының біріне концентрация жатады. Концентрация – ертіндінің немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген заттың мөлшері. Ертіндінің концентрациясын шамамен анықтау үшін концентрациялы және сұйылтылған деген түсініктер қолданылады. Концентрациялы ерітіндіде еріген заттың мөлшері көп болады, ал сұйытылған ерітіндіде еріген заттың мөлшері аз болады. Қанықпаған ерітінді – еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын ерітінді.
Қанық ерітінді – белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.
Аса қанық ерітінді – сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.
Сұйық ерітінді – еріген зат аз ерітінді.
Қою ерітінді – еріген зат көп ерітінді
Концентрленген ерітінді — өте қою ерітінділер.
Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін өлшемсіз бірлікпен – үлес не пайызбен, не өлшемді шамамен – концентрациялармен көрсетеді:
Ертіндінің массасы тұрақты болғанда оның концентрациясы үлеспен немесе процентпен көрсетіледі.
Массалық үлес –еріген зат массасы ертінді массасының неше үлесі екенін көрсететін сан. Массалық процент – ертіндінің 100 массалық бірлігінде еріген заттың неше массалық бірлігі бар екенін көрсететін сан. Массалық процент массалық үлестен 100 есе көп болады, яғни массалық үлестен массалық процентке көшу үшін массалық үлесті 100-ге көбейту керек. Көлемі тұрақты ертіндінің концентрациясы еріген заттардың молі, эквивалент санымен көрсетіледі. Молярлық концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың моль саны. Молярлы концентрация ( См) не молярлылық ( М) – еріген заттың мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы , моль/л Нормальдық концентрация – бір литр ертіндіде еріген заттың эквивалент санымен өлшенеді. Мольдік концентрация – 1 кг еріткіште еріген заттың моль саны. Эквиваленттің молярлы концентрациясы н ( нормальность)– еріген заттың эквивалентінің санының ерітінде көлеміне қатынасы, моль / л. Эквиваленттің молярлық концентрациясын 1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік массасының санымен анықтайды. 
Ерігіштік – заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті. Ерігіштік берілген температурада 100 г еріткіште ери алатын заттың ең жоғары мөлшерін көрсетеді . Ерітінділердің концентрациясын әр түрлі мәндермен өрнектеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет