13. Студенттер бақаға тәжірибе жасау үшін физиологиялық ерітінді дайындады. Ол үшін олар 100г суға 9 г тұз қосты. Физиологиялық ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%)
A) 8,26
B) 6,45
C) 11,84
D) 12,76
E) 9,17
Шешуі:
m ( ертінді)=100+9 =109г
w (тұз) =9/109 ˖100%= 8,26%
14.Күкірт қышқылының көлемі 500мл ,массалық үлесі 15 %,тығыздығы 1,1г/см2 ерітіндісіне 60г су құйылды.Түзілген ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі %
A) 98,5
B) 82,5
C) 13,5
D) 65,5
E) 28,5
Шешуі:
m (ерт) =V ˖ρ =500 ˖ 1,1=550г
m (е.з.) =550˖0,15 =82,5г
m (ерітінді) =550+60=610г
w (қышқыл) =82,5/610 ˖100%=13,5%
15. 15%-тік хлорсутектің ерітіндісін дайындау үшін 300мл 20%-тік (ρ=1,1г/мл) хлорсутектің ерітіндісіне қосу қажет судың көлемі
A) 180мл
B) 200мл
C) 160мл
D) 220мл
E) 110мл
Шешуі: m(ерт)= 300г ˖1,1г/моль =330г
m( е.з.)=330г˖0,2= 66 г
егер 100г ерт----15г еріген зат
xг ерт ------66г еріген зат x=440 г ертінді
440г -330г =110г немесе 110мл су қосу керек
Жауабы: A) 110 мл
16.Химиялық лабораторияда тәжірибе жасау үшін лаборантқа 10%AgNO3 ерітіндісін дайындау керек. Лаборант ыдыста 15% 50г ерітінді қалғанын байқады.Ерітінді дайындау үшін қажет судың массасы
A) 10г
B) 20г
C) 25г
D) 30г
E) 15г
Шешуі:
100г ерт-----15г AgNO3
50г-ерт----хг AgNO3
Х=50˖15/100=7,5г AgNO3
100г ерт------10г
Хг ерт -------7,5г
Х=100˖7,5/10=75г ерт
75-50=25г су
17.CuSO4˖5H2O өсімдік зиянкестерімен күресте қолданылады. Бау-бақшаны өңдеу үшін бағбанға 10кг 5% CuSO4˖5H2O ерітіндісі қажет болды.Ерітінді дайындау үшін қажет CuSO4˖5H2O
A)1562,5г CuSO4˖5H2O , 8437,6 г су
B) 78,125г CuSO4˖5H2O, 921,875г су
C) 7821,5г CuSO4˖5H2O, 92,187 г су
D) 156,25 г CuSO4˖5H2O, 84,375г су
Достарыңызбен бөлісу: |