«Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің Қарқаралы қаласының «Жас терек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны


Ауа ағының дамыту жаттығуларын қолдану ерекшеліктері



бет2/4
Дата08.11.2022
өлшемі8,78 Mb.
#48495
1   2   3   4
Ауа ағының дамыту жаттығуларын қолдану ерекшеліктері
 
Сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
демалу бөлігі
дыбыс шығару бөлігі
дыбысты құбылтып-өзгеру бөлігі (артикуляциялық сөйлеу бөлігі).
Демалу бөлігіне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Себебі, адамның сөйлеу процесі дем алып, дем шығару процесімен тікелей байланысты.
Адамның дауысы /фонация/ қалай шығады?
Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір-бірімен қабысып жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері қайтып өз орнына келеді. Осылайша фонация кезінде дауыс сіңірлері дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әртүрлі дірілге түсіріп, қозғап, соған байланысты әртүрлі дыбыс шығады.

Ауыз қуысы арқылы шығатын ауаны үш бағытта қолдануға болады:
1.Ауа ағыны ауыздың ортасынан шығады: ерінмен тіс арқылы (ф,в) дыбыстар, ысқырық (с,с; з,з; ц) ерін қалпы іргелес (т,т; д,д;) тіл мен таңдай іргелес (к,қ,г,ғ,х,һ) дыбыстар.
3.Ауа ағыны тілдің екі бүйірінен шығады: ламбдацизм (л,л)
2.Ауа ағыны тілдің ортасынан шығады: ызын дыбыстар (ш,ж, щ,ч), дірілдейтін велярлық (р,р,ыр) дыбыстар.

Мектеп жасына дейінгі балаларға жүргізілетін тыныс алу жаттығуларының жас ерекшеліктеріне сай құрылған жоспары
Мақсаты: Тыныс алу жаттығуларын орындау кезінде баланың денсаулығына назар аударып, оның жаттығуды жасау қабілетін анықтау. Жаттығуды орындау барысында иықты, кеудені, жақты қалыпты ұстауын қадағалау. Жаттығудың мақсаты ұзақ, күшті, қалықтау ауа ағынын дамыту, ерін мен тіл бұлшық еттерін жетілдіру.
 


Тыныс алу жаттығулары

Мақсаты

Өткізілетін мерзімі

Жаттығулардың орындау ұзақтығы

Мұрынға арналған дем жаттығулар

Кезек-кезек оң жақ, сол жақ мұрынның қанатын жауып тұрып демді тартамыз да, мұрынымызды ашып демді толық мұрынннан шығару.

қыркүйек

3 секунд
2-3 қайталап жасау

«Жел»

Ерінді түтікше тәрізді созып үрлеу, ауа ағыны тілдің ортасынан шығады

қыркүйек

5 секунд
2-3 қайталап жасау

«Көбелектер»

Ұзақ,күшті, қалықтау ауа ағынын дамыту

қыркүйек

8-10 секунд
Үзіліс жасап отырып

«Сиқырлы ағаш»

Ұзақ,күшті, қалықтау ауа ағынын дамыту, ерін бұлшық еттерін жаттықтыру.

қазан

8-10 секунд
2-3 қайталап жасау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет