Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі жастағы ерекше білімді қажет ететін балалардың тілін дамытуда
тыныс алу жаттығуларының тиімділігі»
«Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің Қарқаралы қаласының «Жас терек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
мұғалім-логопед: Оспанова Гульжазира Баковна
1.Мектепке дейінгі жастағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету- педагогикалық көмек көрсету
2.Ауа ағынын дамыту жаттығуларын қолдану
3.Мектеп жасына дейінгі балаларға жүргізілетін тыныс алу жаттығуларының жас ерекшеліктеріне сай құрылған жоспары
4.Ойын түрлерінің қыр-сырларын меңгеру, тәжірибеге жүзеге асыру
Негізгі бағыттары
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан ерекше білім қажет ететін балалар саны жылдан жылға артуда. Әрбір елде ерекше білім қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар. Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың қабілеттерін жетілдіру мақсатында, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту жұмыстары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін балалардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан-жақты жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінде жас бүлдіршінді қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б), педагогтар түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді.
Қазіргі кезде логопедиялық жұмысты жаңашылдық тұрғысынан ұйымдастыру және баланың оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік беретін әр түрлі замануи технологиялар бойынша жүргізуді қажет етеді. Соның бірі сөйлеу тілін түсінуді үйретіп, сөйлеуге белсенді еліктеуді қалыптастыратын, оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіріп, зейін, есте сақтау және ойлауды дамытатын ойын технологиялары болып табылады.
Коррекциялық- логопедиялық жұмыс мақсаты: ұзақ, күшті, қалықтау, ауыздық ауа ағынын дамыту ерекшеліктері
Л.В.Щерба, Р.О.Якобсон, Н.И.Жинкин және т.б ғалымдар сөйлеу тілінің механизммін (фонация) зерттегенде атқарушы қызметті ауа ағыны атқарады. Ал, ауа ағыны ауыз қуысынан, өқпе бұлшық етінен, дауыс шымылдығынан, ауатамырдан(бронхи), кеңірдектен (трахея) шығады.
Л.С. Выготскийдің ой-көзқарасы бойынша, сөйлеу тілінің механизмде дем, ауа ағыны маңызды рольді атқарады, демек ауа ағынысыз сөйлеу өзі бетімен қалыптаспайды.
О.В. Правдина өз дәлелінде, демнің маңыздығы ұзақ шығарып ұстап тұрғанда емес, ауа ағынын жеңіл, қалықтап, дұрыс пайдалану.
Л.М. Теляева пікірі бойынша, дем өнері, ол сөйлеу барысында ауа ағынын үнемдеп, дұрыс пайдалану. Ауа ағынын дамыту жаттығуларын логопедия сабағында қолдануы жақсы нәтижеге жеткізеді. Ауа ағынын дамыту жаттығулар, өз тәжірибемде ойын түрінде қолданамын.
Достарыңызбен бөлісу: |