Үлкен ақ құтан –ұшатын ірі құс. Солтүстік Американың оңтүстігінде ғана баяу ағатын өзендер мен көлдерде тіршілік етеді.Олар жұптасып жау жақындай алмайтындай қалың қамыс арасына ұя салады, кейде суға жақын ағаштың басына да ұя жасайды. Олар насекомдармен, шегірткелермен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Кейде басқа құстардың балапандарын да жейді. Браконьерлер оның арқасынан құйрығына дейін жететін ұзын аппақ әдемі қауырсын шоқтары үшін аулайтын.: сәнқой әйелдер ертеректе осы қауырсынды сән үшін қолданатын.
Ұрғашылары ұяларын бұта түбіне, не жасырынып жатуға ыңғайлы қамыс арасына салады. Ұясына 10-15 жұмыртқа салады. Жұмыртқаны жарып шыққан күннің ертеңінде-ақ балапандар ұядан шығады. Екі апта өткенде олар ағаштың төменгі бұталарына қонақтай алады.