Африкалық “айрылмастар”-дөңгелене біткен қысқа құйрығы бар кішігірім тотықұс. Олардың қоразы мен мекиені мәңгілік жұптасып тіршілік ететіндіктен де, айрылмастар деп аталады. Ұясында жұмыртқа басатын кездерден басқа уақытта олар топтанып жүреді. Түрлі шөптермен, жемістермен, жаңғақтармен қоректенеді. Ағаштардың қуысына ұя салады. Олар өте ұғымтал, әуесқой, қолға да тез үйренеді және иесіне тез бауыр басады, оны таниды, сәлемдесе біледі.
Қара қудың жабайытүрі тек қана Австралияда кездеседі. Ол батпақтарда, көл маңындағы қопаларда тіршілік етеді. Үйме тәрізді ұясын батпақты жердің өсімдіктерінен жасап алып, су бетіне я шағын аралдарға салады. Ұяға 5-7 жұмыртқа салып, оны мекиендері басып шығарады. Қара қулар ұшқан кезде тіпті сұлуланып кетеді. Ауада қалықтап бара жатқан қудың аппақ ашық түсті қауырсындары басқа қап-қара дене аумағында айрықша көрінеді. Бұл әсем құс қолға тез үйренеді, олар Еуропаның қаншама бақтары мен саябақтарының көркін ашып тұр десеңші?!