Қарағанды техникалық


Ағымдағы  төлем  қабілеттілігі



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата07.01.2022
өлшемі344,4 Kb.
#19480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
     Ағымдағы  төлем  қабілеттілігі  баланс  жасау  мерзімімен  анықталады. 

Кәсіпорын  жабдықтаушыларына,  банктік  қарыздар  және  басқа  да  есеп 

айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. 

Келешекке  арналған  төлем  қабілеттілігі  нақты  бір  мерзімдегі  оның  төлем 

құралдарынның  сомасын  осы  мерзімдегі  жедел  (бірінші  кезектегі) 

міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады. 

      Қаржылық 

тұрақтылығы  бұл  тәуекелдердің  мүмкін  болатын 

деңгейінде  төлем  қабілеттілігі  мен  несие  қабілеттілігін  сақтай  отырып, 

табысты  өсіру  негізінде  қаржыны  тарату  мен  пайдалану  арқылы 

кәсіпорынның  дамуын  көрсететін  қаржы  ресурстарының  жағдайы. 

Қаржылық  тұрақтылықтың  мәні   бұл  қорлар  мен  шығындардың 

қалыптастыру көздерінен қамтамасыз етілу. 



2-тапсырма. Келесі ұғымдарды оқып және жазып, талдаңыз: 

   - пайда

   - баланстық пайда

   - рентабельділік

   - активтердің рентабельділігі

   - өткізу рентабелділігі

   - өтімді   - төлемқабілеттілігі; 

   - қаржылық тұрақтылығы. 

     Пайда – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың 

осы  тауарларды  өндіру  мен  сатуға  немесе  қызмет  көрсетуге  жұмсалған 

шығыннан  асып  түсуі.  Пайда  –  кәсіпорын  мен  кәсіпкерлердің  шаруашылық 

қызметі  қаржылық  нәтижелерінің  аса  маңызды  көрсеткіштерінің  бірі.  Ол 

шаруашылық  қызметтің  өнімін  сатудан  түскен  ақшалай  түсім  мен  өндіріс 

факторларының  осы  қызметке  ақшалай  жұмсалған  шығындарының 

сомасы. Пайданыңалынуын  немесе  оның  алынбауын  екі  нәрсе  алдын-ала 

айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және 

қызметтер  көрсетуге)  жұмсалған  жалпы  шығын  және  негізгі  қызметтен  тыс 

жұмсалған шығын. 




      Баланыстық пайда жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырма; 

кәсіпорының шаруашылық саласындағы жалпы қаржылық әрекетінің құндық 

көрсеткіші.  Жалпы  пайданы  жасаудың  басты  көзі  -  кәсіпорын  еңбеккелерін 

өнім  өндіруге.  Жалпы  пайданың  мөлшері  кәсіпорының  көтерме  бағамен 

өткізген  өнімімен  түскен  кіріс  пен  оны  өндіруге  және  өткізуге  кеткен 

шығынның  арасындағы  айырмасы.  Жалпы  пайданың  кәсіпорында  жасалған 

қосымша  құнды  және  қажетті  өнімді  құн  түрінде  көрсетеді.  Жалпы  пайда 

таза пайданы анықтау үшін негіз болып, нарық жағдайында өнімнің арзанға 

түсуін, өзара бәсекелестікте банкротқа ұшырамауында көмегін тигізеді. 

      Рентабельділік  ,  пайдалылық (  нем.rentabel   -  табысты,  пайдалы  )  -

тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылықкөрсеткіші. Сан жағынан 

табысты  шығынға  бөлуден  алынған  жеке  сан  ретінде  айқындалады. 

Түрлері: инвестициялар Рентабельділікnі  —  ұлғаймалы  өндіріс  пен  жаңа 

техникаға жұмсалған күрделі қаржының тиімділігі. 

      Ағымдағы  активтердің  рентабельділігі.  Бұл  кәсіпорын  ағымдағы 

активтердің  бір  теңгесінен  қанша  табыс  көзін  алатындығын  көрсетеді. 

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, белгілі-бір дәрежеде кәсіпорынның ішкі 

жағдайымен  бірінші  кезекте,  оның  активтерін  басқару  стратегиясының 

тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет