Қарахан мемлекеті



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі21,16 Kb.
#125939
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-63594

1.Қарахан мемлекеті

Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағының үлкен бөлігі Қарахан мемлекетінің шығыс аймақтары құрамына енген болатын. Алғашқы кезде бұл мемлекетке Шығыс Түркістанның бір бөлігі, Испиджаб (Сайрам) өңіріне дейінгі Жетісу жерлері қарады. Шын мәнінде, бұл бұрынғы Қарлұқ мемлекетінің аймағы еді. Мемлекеттің этникалық құрамы да бұрынғыша қалып, мұнда Яғма, Қарлұқ, Шігіл, Дулат, Қаңлы тәрізді түркітілдес тайпалар шешуші рөл атқарды. М.Қашқари ХІ ғасырда Яғма, Тұхси және Шігіл тайпаларын Іле өзені аңғарына орналастырады. Яғни бұлар Қарлұқтардан билікті басып алу үшін батысқа қарай жылжыған. 


В.Бартольд Қарахандардың билікке келулерін 940 жылдан бастайды. Алайда Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ-Боғра (Бура) хан Абд ал-Керім (943-955 жж.) шын мәнінде Қарлұқтар тұсында, ІХ ғасырда Қарахандар әулетінің басында тұрған Білге-Күл-Қадырханның ұрпағы еді. Мұның өзі Қарахан мемлекетінің Қарлұқ қағанатына этносаяси тұрғыдан мұрагер болып табылатынын аңғартады. Дей тұрсақ та, төңкерістің аты төңкеріс. Енді мемлекеттегі үкіметті билеушілер, негізінен алғанда, Қарлұқтардан емес, Яғма мен Шығыл тайпаларынан шыққандардан тағайындалатын болды. Алғашқысынан хан болғандар Яғманың тотемі Бураны өздерінің есімдеріне тіркеп көрсетсе, ал Шығылдың ықпалындағы билеушілер тайпа тотемі Арыстанның атымен «Арыслан хан» атанды.
Сонымен бірге Шығылдар ханы (Арыслан хандар) «Ұлы хан» мәртебесінде болып, ал Яғма билеушілері «Кіші хан» лауазымын пайдаланды. Осының өзі Нушебилерден (Қаңлылардан) бөлініп, Шығылдарға (Дулулардың бір бөлігіне) көрші қоныстанған Яғмалардың алғашқыларға бағынышты жағдайда болғанын аңғартады.
Шығылдар бірлестігі, шын мәнінде, бұрыннан жергілікті Дулу (Х ғасырдан бастап Дулат) одағына кіретін Шу руларын, яғни бұрынғы Қаратүргештерді біріктірген болатын. Бұлар кезінде Сарытүргештерден (Сарыүйсіндерден) тақты тартып алып, билікке келді. Алайда 766 жылдан бастап Қарлұқтардың күшеюі жағдайды қиындатты. Қуғындаудан қашқан Шығылдардың бір бөлігі Турфанға қоныс аударып, осындағы Қарлұқтардың жауларының бірі – Ұйғырларға бағынды. Олар жаңа жерде «Дулулар» немесе «Қаратүргештер» атауларынан айырылып, Шығыл атанды. Оларға «Шығыл», «Шығу» атауы Қарлұқ қағанатынан қашып шыққандықтан таңылды деп ойлаймыз. Осы аймақта Шығылдар Үлкен және Кіші Шығылдарға бөлініп, Яғмалармен, Шумугендермен (Шөмекейлердің бабаларымен), байырғы Йоабан тайпаларының қалдықтарымен (Албандар мен Суандардың бабаларымен), Қырғыздармен қатар көшіп-қонып жүрді. [1]
Олардың солтүстіктегі көршілері Қыпшақтардың бір бұтағына жататын Кимектер еді. Ал енді «мемлекетті алғаш билеуші Сатұқ-Боғра (Бура) хан неге Қарахан деп аталды және оның ізбасарлары неге Қарахандар әулетіне жатты?» деген сауалға тоқталар болсақ, түркі қағандарының Ашына әулетіне жатпайтындар билікке аса ықпалды жергілікті тайпалар одағы Қаратүргештердің ізбасарлары болуға күш салды. Сондықтан Жетісуда кейіннен билікке келген Қидандар да бірде Қарақидандар аталса, бірде Қарақытайлар аталып кетті. Қарахан мемлекетін нығайта түскен рухани фактор – басқарушы әулеттің 955 жылы Ислам дінін қабылдауы болды.
Көп кешікпей-ақ, олардың ізін ала арада бес жылдан соң Ислам дінін осындағы 200 000 киіз үй (түтін) қабылдады. Осылайша Ислам бұл мемлекетте, шын мәнінде, ресми дінге және мемлекеттік идеологияға айналды. Алайда біртұтас Қарахан мемлекеті 1032 жылға дейін ғана өмір сүре алды. Оның Сатұқ-Боғра ханнан кейінгі алты билеушілерінің есімдері тарихи деректерден жақсы белгілі. Атап айтар болсақ, олар – Байтас-Мұса-Боғра хан, Әли абу-Хасан, Ахмед (Тоған), Мансұр, Тоған хан, Жүсіп Қадыр хан. Мемлекеттік мәселені шешуге келгенде өзара текетірестерге ұрынған билеушілер қырғи-қабақ қатынастарға ұрынып, ақыры 1042 жылы екіге – Шығыс Қарахан және Батыс Қарахан мемлекеттеріне бөлініп тынды.
ХІ ғасыр ортасынан бастап, тақ үшін күрестің өршіп кетуі шығыстықтардың бұл мәселемен айналысуларына қатты қолбайлау болды. Тек 1074 жылы Хасан Табғаш Боғра хан (кейбір деректерде – Харун Боғра хан) таққа отырған соң ғана Шығыс Қарахан мемлекетіндегі алауыздық тоқтатылды. Бұл ханның тұсында мемлекетте мәдениетті, рухани өмірді жандандыруға байланысты ірі жұмыстар жасалды. Осы жылы Шығыс Қарахан мемлекеті аймағына шығыстан Қарақытайлар (Қарақидандар) баса-көктеп кірді.
Бұлар Манчьжурия өңірінен шығып, Елюй Даши деген ханзаданың басшылығымен шығыста манчьжуртілдестердің Ляо мемлекеті деп аталатын қуатты империясын құрған тайпалар бірлестіктері еді. Алғаш 1128 жылы Ахмед Арыслан Қара хан оларды жеңіліске ұшыратты. Алайда жергілікті Қаңлылар мен Қыпшақтардан әскер жасақтаған Қарақытайлар 1130 жылы Жетісудың көп бөлігін және Баласағұнды басып алып, шын мәнінде, Шығыс Қарахан мемлекетінің дербес өмір сүруіне нүкте қойды. Қарақытайлар мұнымен де шектеле қойған жоқ, олар Батыс Қараханға да қайта-қайта жорықтар ұйымдастырып, ақыры 1141 жылы Батыс Қарахан мемлекетін де жаулап алды. Алайда мұнда ескеретін бір нәрсе, өздері түркітілдестерге жатпайтын аз санды моңғол тайпалары болғандықтан, Қарақытайлар Қарахан мемлекеттерінің үлкен аймақтарына биліктер жүргізе алмады. Сондықтан да олар билеушілерді бұрынғыша, Қарахандар әулетінен қойды. Дегенмен де бұл әулет енді жатжерліктер қолындағы қуыршақ хандардың рөлін атқарды. Осылайша ежелгі қазақ тарихы елде ауызбірлік болмаған жерде саяси биліктен айырылып, жатжерліктерге жем болуға жол ашылатынын тағы да дәлелдеп берді.[2]
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына  Ходжентке дейінгі  Мәуереннахрды  қосып алған  Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына  ТаразИсфиджаб,  ШашФерғанаЖетісу  мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұнқаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады.
Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (10591074Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харунбасқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.
Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (10751102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаныМәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.
1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай  Мәуереннахрға  Баласағұн  мен Таластың иесі  Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (11181157салжықтар  Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет