Қарахан мемлекеті



бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі21,16 Kb.
#125939
  1   2   3   4   5



Жоспар


Кіріспе......................................................................................................................3

1.Қарахан мемлекеті................................................................................................4


2.Шаруашылық пен мәдениеті...............................................................................7
3. Саяси құрылысы..................................................................................................7
4. Бөлінуі..................................................................................................................8
5. Ыдырауы..............................................................................................................9


Қорытынды..........................................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................11

Кіріспе

Қарахан әулетінің атасы Сатуқ бограхан (915-955жж.) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйсініп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғары қағанмын деп жариялайды. Осы кезде бастап, Қарахандар мемлекетінің өз тарихы басталады.


Қарахандар мемлкетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рөлді Қарлық конфедерацияның тайпалары атқарады, бұл конфедерацияға қарлықтармен бірге шігіл мен ягма да кірген еді. Хғ. Ягманың бір бөлегі қарлықтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек ХІ ғ. Ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында тұрады. Ыссық көлдің солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді.
992 ж. Қарахандар шығыста Хотанды, батыста Бұқарды жаулап алады. 999 ж. Қарахан әулетінің Насыры мен Газнауилер әулетінің Махмұты бірлесіп, Орта Азия Саманилер мемлекетін біржолата қиратады. Амудария Қарахандармен Газнауилер арасындағы шекара болып қалады. Солтүстік Қазақстандар мен Қыпышақ хандығының шебі Тараз қаласына жуық өтетін. Ал Солтүстік-шығыс бетте Қарахандар шекарасы Балқаш көлі мен Алакөл шетінен аспайтын. Шығыста олар ұйғырлармен шектелетін, Қарахандардың оңтүстік шығстағы иелігі шерешенге дейін созылатын. Олардың батыс пен оңтүстік батыс жаққа қарай жылжуы оңтүстік Туркмиенияда салжықтар қарсылығына тап болды. Бұдан кейінгі екі ғасыр бойына Қарахандар иелігі батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мауаранмахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашығарға дейін кең көсіліп жатады. Қарахандар мемлекеті, шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін еншілік иелерінің құқықтары зор болатын, олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін баратын. Вассалдық жүйесі бағзы бір кездері көп басқышты болып келетін.
XI ғасырдың 30 жылдарының аяққы кезінде Ибрахим Ибн – Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: Біріншісі, орталығы Бұқарда болған қарауына Ходжентке дейінгі мауаран нахырды қосып алған Батыс хандығы. Екіншісі, қамтуына Тараз, Исфиджак, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашқар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы – Баласағын қаласы болған. 1056 жылы Қадырханның ұлы Ииналтегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің елін басып алады. Бірақ ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тәж таққа Ииналтегінің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет