Қарахан мемлекеті



бет5/5
Дата25.11.2023
өлшемі21,16 Kb.
#125939
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-63594

Қорытынды
1102 жылы Богра хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Мауаран-нахырға Баласағұн мен Таластың иесі Қадір хан Жабрайл шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалып, тұтқынға түседі де, жазасын тартады. Құдіретті Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118 – 1157 жж.) Салжықтар Мауараннахырда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған еді. XII ғасырдың 2 – ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған Қытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, Шығыс Қарахандарының қалған иеліктерін түгел басып алады да, оның Батыс тармағына қауіп төндіреді.
1210 жылы Шығыс Қарахандар әулеті Наймандар мен қиғаш келіп, соқтығысып қалады. Ал, 1212 жылы Хорезм шах Мұхаммед Батыс Қағанаттың соңғы қағаны Самархандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Құдіретті Қарахан әулеті мемлекетінің тарихы осылай аяқталады.
Қарахан әулеті мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери мұралық жүйе болған. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың немесе қаланың халқының со уақытқа дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинап алу құқын тарту етеді. Мұндай салық «икта» деп аталады. Ал, оны берушіні «мукта немесе иктадар» деп атаған.
Халықтың ең басты тіршілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болады. Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой - санасы өседі. Мұсылман әдебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Тұтас алғанда, Қарахандар дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең болып табылады. Тек Монғол жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процессін үзіп тастайды.
XI–XII ғасырдағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда түрік тайпаларының тұтас бір бөлігі егіншілікпен айналысады және қала мәдениетіне барып қосылады.
Көшпелі және отырықшы халық идеологиясында ежелгі түріктердің діни түсініктері орын алады. Қағанатта мемлекеттік дін есебінде қабылданған ислам одан ары дами береді. Елді исламдандыру Оңт.Қазақстан аудандарын исламдандыру Мұсылман дінінің көшпелі ақсүйектер арасына енуі көне түрік руникалық жазуын тығыстырып тастайды да, араб әріпіне негізделген жаңа түрік жазуының түзілуіне жеткізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер



  1. ҚСЭ. 6-т. - Алматы, 1975. – 510-б.

  2. Қазақ ССР тарихы. 2-т. - Алматы, 1983. – 15-б.

  3. Қарахан мемлекеті // Қазақ ССР тарихы. 2-т. - Алматы, 1983. - 13-33 бб.

  4. Қазақстан тарихы. 2-т. - Алматы, 1998. – 89-б.

  5. ҚСЭ. 1-т. - Алматы, 1972. – 302-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет