Ара,үй арасы, бал арасы



бет5/8
Дата30.10.2022
өлшемі224 Kb.
#46210
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Бал арасын өсіру





1. Жалпы ақпарат. Ара өсіруге негізделген бизнес – бұл негізінде
балара ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы балара балы, балауыз, ара желімі, тозаңы және басқа да балара өнімдерін алуға болады. Табиғи жас балара өнімі азық–түлік саласында да, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие.
2. Түрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс.
Ортаресейлік аралар. Ірі болады, салмағы 110 мг жетеді. Тұмсығы қысқа – 6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері ортаресейліктен кіші, бірақ кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 6,7 ммдейін. Бұл аралар да бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін.
Неден бастау керек? Омарта орналастыратын жерді таңдаудан (ара ұясымен бірге бірнеше омарталар) және қажетті құрал‑жабдық алудан бастау керек. Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде орналасқан, желден жақсы қорғалған шағын жер учаскесі қажет, сонымен қатар оның маңында орман, бақша, балды өсімдіктер өсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да үлкен мәнге ие, оның сапасы күшті, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға және омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет