Ара,үй арасы, бал арасы


Құрылғылар мен технология



бет6/8
Дата30.10.2022
өлшемі224 Kb.
#46210
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бал арасы ғылыми жоба

3. Құрылғылар мен технология. Ең алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине, тәжірибесі мол омарташылардың өздерінің ағаш өңдейтін құралдары бар және олар омартаны өздері жонып жасай алады. Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді. Омартаның бұрын қолданылғанын әрі онша тозбағанын алу керек. Бұл олардың кемшіліксіз болатынын білдіреді, және сізге де оны түзету үшін қолыңызға балға алудың қажеті болмайды. Бірақ бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі өте қолайлы болып табылады. Ондай омарталарды 1 500 – 2 000 теңгеге сатып алуға болады.
Бірақ бір ғана ара отбасын асырау – «бұл бизнес емес». Күзде өнімді сату үшін ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да көп болса болады, бірақ тәжірибе болмағандықтан сіз үлкен омартаға қарау барысында проблемаларға ұрынуыңыз мүмкін). Сондықтан да 5 омарта сатып алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады.
Енді аралар. Оларды омартамен бірге сатып алуға болады, бұл өте қарапайым, бірақ есесіне ең қымбат тәсіл болып шығады. Аралар отбасының құны орта есеппен 11 000-13 000 теңге.
Құрал‑жабдықтар. Сізге бетжақ перде, мұржа және ең керегі омарташы қашауын алу керек, онсыз омартаға жақындай алмайсыз. Сонымен қатар, ашық түсті, түксіз киім керек, араларды ұйпау үшін щетка (қаздың қанаты) және қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек.
4. Жем. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі – гүл шырыны (гүлдің арнайы мүшелерінен бөлінетін тәтті сұйықтық). Аралар өздері жемін тауып, қысқы азық қорларын өздері әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын және ара ағзасымен жақсы игерілетін өнімге айналдырады.
Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы қосылған суға араласқан құрақ қант) азықтандыру қажет;
5. Көбейту. Бал аралардың көбеюі екі түрлі жолмен болады: шағылысу және аралардың үйірлену жолымен (бұл ара отбасыларын жеке жайғастыру жолымен аналық отбасын аралардың жартысынан бөлу – роя болып табылады).
Үрдіс. Аналық – бір өзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін 3-4 күн өткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне 2-3 мыңға дейін жұмыртқа салады. Аналығы 30 күн бойы шағылысу қабілетін сақтайды.
Үйірлесуге дайындалу барысында аралардың отбасы кәріздер құрылысын тоқтатады, бірден шырын мен тозаң жинауды төмендетеді. Аналықтың алмасуы отбасының үйірлесуі үшін ынталандыру бола алады. Бұл жаздың ортасында, бал өсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін. Үйірлесу 2-ден 6 аптаға дейін жалғасады. Жаңадан жарып шыққан араның жұмсақ хитинді сүйегі болады, денесін жүн жауып тұрады, сондықтан түрі ұлпаға ұқсайды. Алғашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен – аналық сүтімен тамақтанады. Үш тәулік өткеннен кейін асыраушы аралар жұмыс істейтін және жалқау аралардың личинкаларын көмірқышқыл жемімен – бал мен балтозаңның араласқан түрімен қоректендіреді. Нәтижесінде үш тәуліктің ішінде ( 3-күннен 5 күндік жасқа дейін) аналық личинканың таза салмағы 26 есеге дейін өседі (жұмысшы аранікі - 6 есе, жалқаудікі -3 есе).
6. Сату. Балдан басқа жанама өнімдерді сатумен де айналысуға болады: аналық сүтті, балауызды, тозаңды. Дегенмен, омарта шаруашылығының негізгі табыс көзі (шамамен 80%) – бал сату.
Сіз балды өз туыстарыңызға, достарыңызға сата аласыз, базарға, дүкенге өткізуге де болады және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет