«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы №6 18 шілде 2015


«МЕНІҢ СҮЙІКТІ  ҚАРАЖАНБАСЫМ»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.01.2017
өлшемі12,38 Mb.
#2778
1   2   3

«МЕНІҢ СҮЙІКТІ  ҚАРАЖАНБАСЫМ» 

Менің Қаражанбасым

Оразада тілек-дұға

(«Менің сүйікті Қаражанбасым»  

байқауында 1 орын 

алған туынды) 

Байқау қатысушылары

Мұханов Исламбек, 

Фото өнер сайысының гран-при жүлдегері

12

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым

Қаражанбаста «ЖІГІТТІҢ СҰЛТАНЫ» 

анықталды

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  биыл  Қазақ  хандығының 

құрылғанына  550  жыл  толатынын 

жəне  ол  тарихи  датаны  айрықша 

атап  өтетінімізді  мəлімдеген  бола-

тын. Алтын Ордадан бөлініп шыққан 

Керей  мен  Жəнібек  Шу  мен  Талас 

өзендерінің арасындағы аймаққа ор-

наласып, қазақтың туын көкке көтер-

гені  тарихтан  аян.  «Қазақ»  деп  ұран 

тастағанда  рухы  көтеріліп,  намысы 

оянған барлық қазақ тайпалары түгел 

жиналып,  Қазақ  хандығының  іргесін 

қалағанын  баршамыз  білеміз.  Қазақ 

хандығының 550 жылдығын атап өту 

–  сол  азаттық  сыйлаған  бабаларға 

деген  құрмет  болса  керек  -  ті.  Қазақ 

хандығының  550  жылдығына  орай, 

Əлеуметтік жұмыс департаменті «Қа-

ражанбасмұнай»  АҚ  кен  орнындағы 

цехтардың арасында «Жігіттің сұлта-

ны» байқауын ұйымдастырды. Атал-

мыш  сайысқа  əр  цехтан  тепсе  темір 

үзетін, ойы озық, санасы жүйрік жігіт-

теріміз қатысып, бақтарын сынады.

Сəні  мен  салтанаты  жарасқан 

бұл  байқауды  Қазылар  алқасының 

төрағасы,  Өндірістік  басқарманың 

жағдайларда  тығырықтан  жол  тауып 

кету  оңай  емес.  Дегенмен  Қаражан-

бас  мұнайшылары  қойылған  ситуаци-

ялық сұрақтардан да сытылып шығып, 

мүдірмей,  өздерінің  ұшқыр  ойларын 

байқатты.  «Ұлға  отыз  үйден  тыйым, 

он  сан  үйден  сын»  демекші,  жігіттер-

ге  қойылар  талап  жоғары  болды.  Ха-

лықтық  дəстүрлі  тəрбиеде  осы  баға 

– «Жігіт сыны» деп аталады. Азаматқа 

жүктелер  міндет  тұрғысынан  ер  жігіт-

тің  болмысы  -  ойынан,  зеректігі  мен 

алғырлығынан  білінеді.  Қазақта  нар-

дай жігіттерге «Еңсегендей бойлы, те-

рең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең 

маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, 

кең  иықты,  апай  төсті,  жуан  білекті, 

қынай белді, қапсағай денелі, от ауы-

зды, шешен тілді, темір саусақты, жау 

жүректі» деп баға берген. Кешегі жауы-

рыны  жерге  тимеген  Қажымұқан  мен 

Балуан Шолақты, зілтемірші жігіттерді 

ауыз толтырып мақтанғанда төбеміздің 

көкке бір елі жетпей қалатыны ақиқат. 

Байқау барысында біздің жігіттер ойы 

ұшқыр екендіктерін дəлелдеді. 

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқан-

да» демекші, қазылар алқасының қо-

рытындысы  бойынша,  топқа  түскен 

тұлпардай жігіттеріміз суырылып алға 

шықты. Бас жүлдені - Мұнай дайын-

дау  жəне  айдау  цехынан  Құрман-

баев  Руслан  қанжығасына  байлап, 

планшетпен жəне «Технодомның» 40 

000  теңгелік  сертификатымен  мара-

патталды.  І  орынды  Қабат  қысымын 

ұстау  бөлімінен  Базарбаев  Ерлан 

жеңіп  алды.  Ерлан  қабырға  саға-

тымен,  «Технодомның»  40.000  тең-

гелік  сертификатымен  марапаттал-

ды.  ІІ  орын  алған  №1  Мұнай  өндіру 

цехының  қызметкері  Абдиев  Бауы-

ржан  қабырға  сағатына  жəне  «Тех-

нодомның»  20.000  теңге  сертифика-

тына  ие  болды.  ІІІ  орын  №2  Мұнай 

өндіру цехынан Əскербаев Жомартқа 

бұйырды.  Жомарт  жеңімпаз  ерлерге 

арналған  косметика  жиынтығымен, 

«Технодомның»  құны  20.000  теңге 

сертификатымен марапатталды. 

Байқауға  қатысқан  басқа  да  жі-

гіттер  марапатсыз  қалмады.  Жоба-

лаушы  сметалық  бөлімінен  Кетеба-

ев  Асан  «Салмақты  жігіт»,  Электр 

цехынан  Байнеке  Асқар  «Дарынды 

жігіт»  жəне  Бу  өндіру  цехынан  Елу-

баев  Жангелді  «Парасатты  жігіт» 

номинацияларымен  марапатталып, 

бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сұл-

тандарымыз  нағыз  қазақ  жігіттерін-

дей  бəрі  де  тамаша  өнер  көрсетті. 

Əрқашан  сыналған  шақта  сүрінбей, 

қадамдарына нұр жаусын дейміз!

жалпы  мəселелер  жөніндегі  дирек-

тордың  орынбасары  Дүйсебеков 

Нұрлан  құттықтау  сөзбен  ашты.  Жі-

гіттер байқаудың бес кезеңінен сынға 

түсті.  Алғашқы  «Тегімді  менің  сұра-

саң»  кезеңінде  үміткерлер  өздерін 

жəне жұмыс жасайтын цехтарын та-

ныстырды. «Сегіз қырлы бір сырлы» 

додасында  бойға  дарыған  өнерді 

көрсете  білу  –  басты  талап  болды. 

Мұнайшылардың  бірі  əн  мен  биден 

шығармашылығын  көрсетсе,  енді 

бірі музыкалық аспапта ойнап, көре-

рменді  тəнті  етті.  Тағы  бірі  қолөнер 

шеберлігін  көрсетсе,  кей  қатысушы-

лар  спорттық  көріністермен  таңдан-

дырды. Үшінші кезең - «Білімді мың-

ды жығар» деп аталды. Бұл сайыста 

халқымыздың  салт-дəстүріне,  қазақ 

хандығының тарихына қатысты жəне 

Қаражанбас кен орнына байланысты 

викториналық  сұрақтар  қойылып, 

жігіттер өз білімдерін көрсете алды. 

«Шынықсаң,  шымыр  боларсың»  ке-

зеңінде қатысушылар 16 келіге дейін 

кір тасын көтеруден сынға түсті. 

Өмірде  түрлі  күтпеген  жағдайлар 

кездесіп  жатады.  Осындай  тосын 



Əділқазылар алқасы

Абдиев Бауыржан - 

2 орын жүлдегері

Əскербаев Жомарт - 

3 орын жүлдегері

Базарбаев Ерлан - 

1 орын жүлдегері

Руслан Кұрманбаев - 

Бас жүлде иегері

13

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым

БІЗДІҢ ЦЕХТАР

Жабдықтарды пайдалану 

жəне икемдеу-жөндеу цехы  

Жабдықтарды  пайдалану  жəне  икемдеу-жөн-

деу цехы - «Қаражанбасмұнай» АҚ – ның өндірістік 

бөлімшесі  болып  табылады.  Кезінде  бұл  цех  бар 

болғаны 4-5 темір жонатын станоктары (білдектері) 

бар кішігірім ғана дəнекерлеу – монтаждау цехы деп 

аталатын. Уақыт өте келе цех ауқымы кеңейіп, бүгін-

де мықты жабдықталған жөндеу орындары бар, түрлі 

токарь  жəне  фрезерлік  станоктары  үздіксіз  зырыл-

дап жұмыс жасап тұрған, білігі жоғары мамандардан 

құралған бүтін цехқа айналды. Цех жұмысын Қайрат 

Жаманғариев  деген  азамат  басқарып  отыр.  Қай-

рат  Оңғарұлының  екі  көмекшісі  –  цех  басшысының 

орынбасарлары Ізімшайыр Наурызбаев пен Нұрғазы 

Ибраимов  те  бүгінде  цех  жұмысының  өркендеуіне 

бір кісідей үлестерін қосып жүр. 

Цехтың  басты  міндеті  –  негізгі  өндіріс  басындағы 

құрал-жабдықтардың,  құрылғылардың  үздіксіз  жəне 

мүлтіксіз  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  ету,  оларды 

пайдаланудағы  техникалық  ережелердің  сақталуын 

қадағалауды жүзеге асыру. Сонымен қатар цех аса күр-

делі  механикалық  бұйымдарды,  жабдықтарға  қажетті 

маңызды қосалқы бөлшектерді жасап шығарады. 

Жаб-

дықтарды пайдалану жəне икемдеу-жөндеу цехы – 

Қаражанбас кен орнындағы нысандарда механикалық 

мақсатта қолданылатын қондырғылар мен жабдықтар-

ды дер кезінде əрі сапалы түрде түбегейлі жөндеуден 

өткізіп,  монтаждау  жұмыстарын  да  жүргізеді.  Бір  сөз-

бен айтқанда, атқарылатын шаруаның ауқымы кең. 

Қайрат  Жаманғариевтің  айтуынша,  қазіргі  таңда 

цехта өз ісінің асқан шеберлері, кəсіби білігі жоғары 

мамандар - темір жонушылар (токарь), слесарь-жөн-

деушілер,  дəнекерлеушілер  мен  монтаждаушылар 

еңбек етуде. Айта кету керек, цех құрамында жер үсті 

жабдықтарын жөндеу жəне қызмет көрсету бригада-

сы да жұмыс жасайды. Аталмыш бригада маманда-

ры  тербелмелі  –  қондырғыларға,  барлық  сорапты 

стансылардың сораптарына, трап қондырғыларына, 

өлшем құралдарына техникалық қызмет көрсетеді. 

Бұдан өзге металл кесетін токарь станоктарының 

тілін  білетін  металды  салқын  күйінде  өңдеу  брига-

далары,  ұста-пресс  жабдықтарын  баптаушы  жəне 

дəнекерлеу жұмыстарын жүргізетін бригадалар, мон-

таждаушылар мен слесарь - жөндеушілер, қолданы-

стағы  жабдықтармен  қоса,  үлкен  қысыммен  жұмыс 

жасайтын  құралдарды,  қазандық  құрылғылары  мен 

коммуникацияларды,  жүк  көтеретін  механизмдерді 

ағымдағы жəне күрделі жөндеуден өткізеді. 

«Цехта  қазіргі  таңда  235  адам  жұмыс  жасайды. 

Негізгі  мамандықтар  –  слесарь-жөндеуші,  дəне-

керлеушілер,  темір  жонушылар,  монтаждаушылар, 

сақтандыру  құрылғылары  мен  механизмдерін  жөн-

деу жəне сынақтан өткізу жөніндегі мамандар. Біздің 

жөндеу-механикалық  шеберханаларымызда  мұнай 

өндіру  саласындағы  барлық  құрылғыларды,  атап 

айтсақ, сорапты қондырғы, тербелмелі қондырғы, қо-

салқы бөлшектерді өз күшімізбен жасап, дайындап, 

керек кезде жөндеу жұмыстарын іске асырып отыра-

мыз», - дейді цех басшысының орынбасары Нұрғазы 

Ибраимов жұмыс барысын баяндай отырып. 

Темірден түйін түйетін шеберлер – темір жонушы-

лардың орны бөлек. Бұл мамандар кез - келген қара 

теміріңізді жонып, қажетті өлшем мен формадағы бөл-

шегіңізді дайындап береді. Қазірде жаңа заманауи тех-

нологиялардың енуі, темір жонушыдан да аса жоғары 

кəсіби шеберлікті қажет ететіні анық. Оған артылатын 

жауапкершілік  те  өсе  түспесе,  кемімей  отыр.  Өйткені 

күн  өткен  сайын  түрлі  детальдар  мың  сан  құбылып, 

күрделене түсуде. Жаңа технологиялардың бұйымда-

ры да өзгеше. Мұндайда керегі - мықты шеберлік. Темір 

жонушы болу – анау айтқандай оңай шаруа емес, қара-

пайым техникалық мамандық та емес. Темір жонушы – 

ерекше кəсіп жəне нағыз өнер. Бұл мамандықты екінің 

бірі алып кете алмайды. Цехтағы əрбір темір жонушы 

– жоғары білігі мықты, өз кəсібін адал игерген азамат-

тар жəне бұл кəсіпті өмірлік нəсіп етіп жүрген олар өз 

мамандықтарына ерекше берілген. 



Қайрат Жаманғариев - 

ЖПжИЖЦ басшысы 

Жаманғариев Қайрат Оңғарұлы – 

ЖПжИЖЦ басшысы. 1975 жылы туылған. 

1996 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық 

университетін (ҚазҰТУ) «Газ-мұнай 

қоймаларын жəне газ - мұнай құбырларын 

жобалау, жасау жəне пайдалану» 

мамандығы бойынша бітірген. 

Қаражанбас кен орнындағы еңбек жолын 

1996 жылы Мұнай дайындау жəне айдау 

цехында 4 дəрежелі слесарь-жөндеуші 

қызметінен бастап, осы уақытқа дейін 

бір мекемеде табан аудармастан қызмет 

етіп келеді. Осы уақыт аралығында МДАЦ 

механигі, Бас механик бөлімінің инженер 

механигі, Механика қызметінің жетекші 

инженер - механигі, Механика бөлімінің 

басшысы қызметтерін атқарған. 2014 

жылдан бастап Жабдықтарды пайдалану 

жəне икемдеу-жөндеу цехының басшысы. 

«Цехтағы дəнекерлеу жəне монтаждау жұмыста-

рын да өз ісінің шеберлері - біздің дəнекерлеуші жəне 

монтаждаушы  мамандарымыз  атқарады.  Олардың 

барлығы  да  қатал  сұрыптаудан  өткен  мамандар» 

- дейді цех басшысының тағы бір орынбасары Ізім-

шайыр Наурызбаев.

«Білесіз  бе,  біздің  Қаражанбас  –  үлкен  мектеп. 

Өндірістік мектептің шекпенінен шыққан талай дəне-

керлеушімізді өзге компаниялар ешқандай емтихан-

сыз жұмысқа қабылдайды. Неге дейсіз ғой? Өйткені 

біздің компанияда еңбек етіп, тəжірибе жинақтаған-

дар – шынында да мықты мектепте шыңдалғандар. 

Біздің дəнекерлеушілеріміз – аса бір сирек қолданы-

латын түбір тігіс пен түбірлік электрод сияқты пісіру 

мен дəнекерлеудің технологияларын жақсы меңгер-

ген,  халықаралық  стандарттарға  сай  жұмыс  жасай-

ды. Сондықтан да біздің мамандарды өз ісінің май-

талмандары деуге əбден болады жəне бұл - біз үшін 

мақтаныш. Біздің əр маманымыздың орны бөлек» – 

дейді цех басшысы Қайрат Жаманғариев. 

Бүгінде  Жабдықтарды  пайдалану  жəне  икемде-

у-жөндеу цехы өз жұмысында ең үздік технологиялар-

ды  қолдануда.  Кезінде  канадалық  инвесторлардың 

келуі  –  Қаражанбастағы  технологиялық  үрдістің  жақ-

саруына  ерекше  серпін  бергені  рас.  Сол  уақыттары 

шетелдіктердің бастауымен, американдық Ranger 305 

G дəнекерлеу агрегаттары алынып, өндіріс жұмысына 

қосылған еді. Бензинмен жұмыс жасайтын бұл агрегат-

тар сол күннен бері дəнекерлеуші мамандардың жұмы-

стағы сенімді серігіне айналды. Өте қуатты, ыңғайлы 

құрылғының техникалық көрсеткіштері де мықты. Əм-

бебап агрегат негізгі электродтармен жұмыс жасап, құ-

бырларды арнайы режимде пісіруге арналған. 



«Chopper  Technology

TM

»  арнайы  технология-

сын  қолдану  пісіру  сапасын  анағұрлым  арттырады. 

Аталмыш технология доғаның теңдей жануын, ала-

уды  жан-жаққа  шашыратпай,  пісіру  техникасын  жү-

зеге  асыруға  көмектеседі.  Бұл  мобильді  құралдың 

тағы бір артықшылығы - жылжымалылығы. Оны ав-

токөлікке тиеп, керекті жерге тасымалдауға болады. 

Бүгінгі таңда Қаражанбаста ГАЗ типті арнайы көлік-

терге орнатылған осындай 26 дəнекерлеу агрегаты 

бар. Тасымалдап жүруге тіптен оңай. 

Жалпы дəнекерлеушінің жұмысы өте қиын екенді-

гін жиі естіп жатамыз. Кез - келген адам дəнекерлеуші 

мамандығын меңгере ала ма? Əрине, аса ыждаһат-

тылық пен мұқияттылықты талап ететін мамандықты 

игеру үшін ерекше қабілет керек. «Біздің цехта мықты 

жастар өсіп келеді. Құлболғанов Əлібек пен Əлжанов 

Темірханның ерекше шеберліктерін, жоғары ынтала-

рын атап кетер едім. Өздерінің басқа да жас əріпте-

стерімен бірге алдыңғы аға буыннан тəжірибе алып, 

шеберліктерін күн өткен сайын шыңдап келе жатқан 

жас жігіттер», - дейді Нұрғазы аға. 

Нұрғазы Камилұлының өзі де 17 жыл бойы дəне-

керлеуші  болған.  Осы  мамандықты  жанына  жақын 

тұтатыны да сондықтан болар. Жетекшілік, ұйымда-

стырушылық жұмыстарда жүргенмен, арагідік дəне-

керлеушінің  күртесін  киіп  алып,  қолына  агрегатты 

алып жіберіп, бір екі темірді балқытып, пісіріп алаты-

нын да жасырмады. Өз кəсібін сағынады əлі...

Осы орайда айта кету керек, цехтағы əрбір дəнекер-

леуші  өз  міндетіне  асқан  жауапкершілікпен  қарайды. 

Жоғары қысымды мұнай құбырларын, су құбырларын, 

бу  құбырларын  пісіру,  жалғау,  дəнекерлеу-монтаждау 

жұмысын жүргізу – өте жауапты жұмыс. Əр жалғанған, 

пісірілген жердің түбінде дəнекерлеушінің жеке таңба-

сы тайға таңба басқандай етіп көрсетіледі. Өйткені дəл 

осы  таңба  –  маманның  кəсіби  біліктілігінің  көрсеткіші 

іспетті.  Жыл  сайын  дəнекерлеуші  мамандар  аттеста-

циядан өтіп, өздерінің біліктілігін растап отырады. 

Цехтың  ұйымшыл  ұжымы  –  өндірістің  өркендеп, 

алға қарыштап дамуына белді үлесін қосып келеді. 

Əр жылда кен орнында 150-180 ұңғы бұрғыланады. 

Бұрғылау  жұмыстары  белсенді  жүрген  тұста  атал-

мыш  цехтың  да  жұмысы  қызу  қарқынмен  жүреді. 

Өйткені ашылатын ұңғыларға, топтық өлшеу қонды-

рғыларына жаңадан құбырлар тарту керек. Бұл - Цех 

азаматтарына жүктелген жауапты жұмыс. 

Ізімшайыр  Наурызбаевтың  айтуынша,  əр  жұмыс 

өзге  цехтармен  келісіле  отырып,  арнайы  жоспарға 

сай жүреді. Бірақ қосымша ілесе жүретін, күнделікті 

міндеттерді де атқарып отыру керек. Бір жерде кері 

бағытты клапан қою керек, бір жерге өлшеуіш құрал-

ды орнату керек, не керек шаруа жетеді, мамандар 

да мігір таппай еңбек етеді. 

Қазірде цехта 9 станок басында екі вахтаны қоса 

есептегенде  18  темір  жонушы  қызмет  жасайды. 

Мұнан өзге 70 дəнекерлеу мен 70 монтаждаушылар 

–  металл  кесушілер,  тербелмелі  қондырғыларды, 

тұрба  сораптарының  жоғарғы  жетегін,  шыны  тал-

шықты тұрбаларды монтаждау бойынша 16 слесарь, 

сақтандыру  құрылғыларындағы  стендтерде,  тиекті 

(запорлы)  -  реттеу  арматураларында  жəне  сорап-

ты-күш  жабдығында  сынақтар  өткізу  жəне  жөндеу 

жүргізу бойынша 6 слесарь – жөндеуші еңбек етеді. 

Бір вахтада 1 цех басшысының орынбасары, 1 дə-

некерлеу-монтаждау учаскесінің басшысы, 1 жөндеу 

жүргізу учаскесінің басшысы, 10 шебер: 2 дəнекерлеу 

шебері, 2 монтаждау шебері, 2 мұнай кəсіп жабдығын 

жөндеу  бойынша  шебер,  2  механикалық  учаске  ше-

бері, 2 – ші категориялы 2 механик жұмыс жасайды.

Цех  ұжымы  бүгінде  өзіндік  үрдісі,  дəстүрі,  бет  - 

бейнесі қалыптасқан мықты ұжым. Талай буын алма-

сты.  Осы  жерден  шыңдалып,  тəжірибе  жинаған  та-

лай маман өзге мекемелерде қызмет етіп жүр. Кəсіби 

əлеуеті  зор  ұжым  да  туған  кəсіпорнының  өркендеуі 

жолында еселі еңбек етіп, асқаралы асуларды алып, 

абырой биігінен көрініп келеді. Олай болса, жетістік-

тердің тұғыры қашанда биік болғай!


14

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым

Мырзабай Рахметулла Мырзабайұлы - 1966 жылы 

дүниеге келді. Осы цехта ұзақ жылдардан бері елеулі 

еңбек етіп келе жатырған ардақты азамат, өндіріс ар-

дагері. 1996 жылы Алматы қаласындағы Тынышбаев 

атындағы  Алматы  институтын  «инженер-технолог» 

мамандығы бойынша бітірген кəсіби білігі жоғары ма-

ман.  Қаражанбас  кен  орнындағы  еңбек  жолы  сонау 

1987 жылы басталған. Ол кезде компрессорлық стан-

сы  машинисі  қызметінен  бастап  өндіріс  жұмысына 

араласады. Өзінің көп жылғы еңбек жолында талай 

жауапты қызметтерді атқарды. Компрессорлық стан-

сы технологы, токарь учаскесінің шебері лауазымда-

рында  қызмет  жасап,  бүгінде  механикалық  учаске 

шебері қызметін атқарып жүр. Отбасында төрт бала 

тəрбиелеп отырған өнегелі əке. 

Метеров  Мақсет  –  Қаражанбаста  1996  жылдан 

бері жұмыс жасайды. Жабдықтарды пайдалану жəне 

икемдеу-жөндеу цехы – 20 жылдан бері табан аудар-

мастан келе жатырған туған цехы. Өзі 1967 жылы дү-

ниеге келді. Кен орнындағы еңбек жолын слесарь қы-

зметінен бастады. Екі жылдан кейін шебер қызметіне 

тағайындалады. 2011 жылдан бастап күні бүгінге дейін 

Метеров Мақсет цехтың 2 категориялы механигі болып 

қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде жоғары кəсі-

би біліктілігімен көзге түсті. «Біздің міндет – кен орнын-

дағы нысандарды дəнекерлеу агрегаттарымен ұдайы 

қамтамасыз етіп отыру. Қазірде агрегаттар саны 26 – 

ны құрайды» - деп өз жұмысы туралы Мақсет Метеров 

осылайша баяндайды. Қазірде оның қарамағында бір 

вахтада 6 маман – 2 электромонтер, 2 моторист жəне 

жоғарғы қысымда жұмыс жасайтын 2 машинист бар. 

Қолы  бос  уақытта  Мақсет  спортпен  шұғылданғанды 

жақсы көреді. Өзі де цехтың атынан футбол команда-

сында ойнайды. Отбасында төрт баланың əкесі. 

Ержанов Жаңғабыл – 1956 жылы туылған. Қара-

жанбастағы еңбек жолын 1996 жылы осы Жабдықтар-

ды пайдалану жəне икемдеу-жөндеу цехында 3 раз-

рядты темір жонушы қызметінен бастады. Содан бері 

темір жонушылар бригадасында ең маңызды учаске-

лердің бірінде еңбек етіп келеді. Темір терсектің ай-

наласындағы  бүкіл  жұмыс  –  осы  темір  жонушылар-

дың мойнында. 

«Біз Сатыбалды Мұхит жəне Төлеубай Серік сияқты 

шеберлердің басшылығымен жұмыс жасаймыз. Темір 

жонамыз, берген жұмыстарды орындаймыз. Өз басым, 

бұл салаға келемін деп, темір жонушы боламын деп 

тіпті  ойламаппын.  Кезінде  22  жылдай  Ералиев  авто-

базасында шопыр болдым. 1996 жылы мекемеміздің 

жабылуына  байланысты,  осы  Қаражанбасқа  келдім. 

Бұрын оқыған оқуымыз бар, кейін арнайы курстардан 

тағы да білімімізді жетілдірдік, не керек осы салаға тү-



БІЗДІҢ МҰНАЙШЫЛАР 

Жабдықтарды пайдалану жəне икемдеу-жөндеу цехының үлкен ұжымы бірлігі мен татулығы жарасқан белді ұжым. 

Мұнда өз ісінің хас шеберлері өндірістің өркен жайып, компанияның қарыштап дамуына үлестерін қосып келеді. Цех 

қызметкерлері мекеменің түрлі қоғамдық өміріне де белсене араласады. 

Ұжымның негізін – осы цехта көп жылдардан бері келе жатырған майталман мамандар, өндіріс ардагерлері құрайды. 

Мұнда – əмбебап темір жонушылар, шебер дəнекерлеушілер, ұжымның лайықты құрметіне бөленіп жүрген басқа да мықты 

мамандар қызмет етеді. Шеберліктің үздік үлгісін көрсете білетін жедел бригадаларды да осы цехтан таба аласыз.

Мырзабай Рахметулла Мырзабайұлы

Метеров Мақсет 

Ержанов Жаңғабыл 

15

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым

бегейлі бет бұрып кеттік. Əрине темір жонушы болу - 

оңай емес. Екі аяққа салмақ түседі. Күні бойы станок 

басында  тұрасың.  Ең  бастысы,  жұмыста  техника  қа-

уіпсіздігін сақтау керек. Мəселен, жонып тұрғанда аса 

мұқият болуың керек. Сəл тек тырс етуі мүмкін. Жонып 

келе жатырғанда пышақтың басы да отырып қалады. 

Оны дер кезінде қайрап отыру керек. Не керек, барлық 

уақытта да дайын тұру қажет. Əлдебір темірдің бұран-

дасын шығару өте дəлдікті, сонымен бірге, жауапкер-

шілікті  қажет  етеді.  Жонатын  тұстан  сəл  қиыс  кетіп, 

болмашы ғана қателік жі¬бер¬сең, соның өзі жасаған 

жұмы¬сыңды жоққа шығаратыны əрдайым есте тұруы 

керек» - дейді Жаңғабыл ағаның өзі. 

Бүгінде ол - үлкен əулеттің басшысы, үш баланың 

əкесі.  Барлығына  бірдей  жоғары  білім  берді,  қазір 

бəрі де бір бір азамат болып, ата-ана мақтанышына 

айналып отыр. 

Қожаев Аманияз – еңбекті қорғау жөніндегі аға ин-

женер.  Техника  қауіпсіздігінің  сақталуын  қадағалай-

тын білікті аға маман. Өндірісте бұл мəселе ең маңы-

зды орында тұр. Сондықтан Аманияз Қожаев ең бір 

жауапты жұмыстардың бірін атқарып отыр. 

Кезінде  қызмет  жолын  осы  цехтан  2000  жылы 

бастаған болатын. Бастапқыда вентиляция жөніндегі 

инженерден бастап, кейін 2002 жылы еңбекті қорғау 

бөліміне жұмысқа ауысады. «Қызметкерлердің еңбек 

қауіпсіздігі – ең өзекті жəне маңызды сұрақ. Қаражан-

баста бұл мəселеге ерекше көңіл бөлінеді. Цех - нағыз 

механизмдердің ортасы болғандықтан, мұнда шуыл-

сыз болмайды əрине. Бірақ шуылдың да, жарықтың 

да, вибрацияның да деңгейі əрдайым жіті бақылауда. 

Қызметкердің өз жұмысын орындап қана қоймай, үйі-

не аман - сау оралғаны - біз үшін өте маңызды» - дей-

ді Аманияз Қожаев. 

Бүгінгі  таңда  цехта  көнерген  станоктар  біртін-

деп  жаңартылып  жатыр.  Жұмыс  жасау  үшін  барлық 

жағдайлар жасалып отыр. Вентиляцияның жаңа жүй-

есі қойылды. 

Аманияз Қожаевтың өзіне келер болсақ, білікті маман 

бүгінде отбасында үш бала тəрбиелеп отырған өнегелі 

əке,  немерелерін  қызықтап  отырған  бақытты  ата.  Ұлы 

Ержан Қожаев – Маңғыстау облысында карате - додан 

аға  бапкер.  Ержан  -  əлем  чемпионатының  екі  дүркін 

күміс  жүлдегері,  екі  дүркін  Азия  чемпионы,  Қазақстан-

ның 11 дүркін чемпионы. Түркия, АҚШ, Қытай, Жапония, 

Тайланд  сияқты  елдерде  өткен  көптеген  жарыстардың 

жеңімпазы.  Аманияз  ағаның  өзі  де  спорт  десе,  ішкен 

асын жерге қояды. Сірə, ұлының спортқа деген ынтасы 

өзінен берілген болуы керек. Аманияз Қожаев – футбол-

дан жəне мылтық атудан 1 разрядты спортшы. Қаражан-

бастағы  шахматтан  өткен  жарыстарда  дес  бермей,  4 

мəрте жеңісті қанжығасына байлаған мықты шахматист. 

Көкеев  Бекболат  –  Маңғыстаудың  төл  тумасы. 

1971  жылы  Тұшыкұдық  топырағында  дүниеге  келді. 

Бозашы  түбегіндегі  еңбек  жолы  2001  жылы  бастал-

ды. Осы цехта 5 разрядты слесарь-жөндеуші қызметін 

мүлтіксіз атқарып келеді. Адал еңбегімен мекемесінің 

өркендеуіне ұжымдастарымен бірлесе үлесін қосуда. 

«Біздің міндетіміз – пештерді жөндеу жəне тербелмелі 

қондырғыларды орнату болып табылады. Бұл - аса жа-

уапты міндет. Бірақ тəжірибесі мол командамыз үшін 

үйреншікті жұмыс, сондықтан бұл міндеттерді орындау 

аса қиынға соқпайды. Біздің жұмыс жасауымызға жақ-

сы жағдайлар бар, сол қуантады. Ұжым болса екінші 

үйіміздей болып кетті. Бір бірін аға-інідей сыйлап, құр-

мет тұтқан ұжымдағы азаматтар аман болсын!» - деп 

ағынан жарылды Бекболат аға. 

Сатыбалды  Мұхит  –  1977  жылы  туылған.  Қара-

жанбаста 1995 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы 

цехта 6 разрядты темір жонушы болып еңбек еткені-

не 20 жылдай уақыт болып қалыпты. Зырлаған уақыт 

ай...Осы  уақыт  ішінде  талай  маңызды  міндеттерді 

орындап, өзін кəсіби білігі жоғары маман ретінде көр-

сете білді. Қазір механикалық учаске шебері. Жоғары 

білімді  маман  Ш.Есенов  атындағы  мемлекеттік  уни-

верситетті  «мұнай  мен  газды  тасымалдау»  маман-

дығы бойынша бітірді. 

Сатыбалды Мұхит те өз əріптестері сияқты спортқа 

жақын жан. Кезінде футбол командасында белсенді 

ойыншы  болды.  Енді  уақыт  өте  келе,  жастарға  жол 

беріп, өзі əлі де болса сол футболдың мықты жанкүй-

ері қатарында. Отбасында 4 баласы бар. «Менің ой-

ымша, бұл өмірде ең бастысы – болашаққа жарқын 

көзбен  қарап,  оптимист  болу  жəне  адам  баласына 

тек жақсылық ойлау, айналаңдағылар туралы жақсы 

пікірде болу» - дейді Мұхит. 

Құлболғанов Əлібек – Түпқараған ауданының ту-

масы. Форт-Шевченко қаласында 1990 жылы дүниеге 

келді. Цех басшылары оң бағасын беріп жүрген, жал-

пы болашағынан көп үміт күттіретін жас дəнекерле-

уші. Осы кен орнына 2011 жылы келсе де, өзін жақсы 

қырынан көрсетіп үлгерді. 

«Менің  мамандығым  өзіме  ұнайды.  Болашақта 

жоғары  жетістіктерге  жетсем  деген  талпынысым  бар. 

Екі рет «Үздік маман» байқауына қатыстым. Алда тағы 

да бағымды сынап көрмекпін. Алдыңғы аға буын кейінгі 

толқынды жетелейді ғой. Өзінің тəжірибесімен бөлісіп, 

ағалық  ақылын  айтып,  қамқорлығын  көрсетіп  жатқан 

аға буынға алғысымыз зор» - дейді Əлібектің өзі. 

Қазіргі  кезде  Əлібек  –  5  разрядты  дəнекерлеуші. 

Ол жұмысшы мамандықтарын менсінбей, тек бастық 

болуды ойлап тұратын, «ауырдың астымен, жеңілдің 

үстімен»  жүруді  қалайтын  қатарлас  замандастары-

ның ойын қолдамайды. «Ең бастысы – еңбекқорлық 

пен өз жұмысыңа деген адалдық. Жасаған дүниеңді 

жақсы көріп тұрсаң, жұмыста өзіңе талап қойып, адал 

еңбек етсең, жетістіктерге жетесің. Еңбек пен талапты 

қатар ұстанған əр азамат туған мекеменің, аймақтың, 

одан қала берді туған елдің дамуына өз үлесін қоса-

ды» - дейді жас маман. Айтпақшы, Əлібек – дзю до-

дан Маңғыстау облысының чемпионы екен. 

Мырзабаев Жасұлан – 1977 жылы Жармыш ауылын-

да туған азамат. Ш.Есенов атындағы Мемлекеттік уни-

верситетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша 

бітірген. Қаражанбаста 2007 жылдан бері еңбек етіп ке-

леді. Алғашқы кезде монтаждаушы қызметінен бастаған 

ол өзінің кəсіби шеберлігімен көзге түсіп, бір жылдан соң 

тербелмелі  қондырғылар  мен  тұрба  пештерін  жөндеу 

жөніндегі шебер қызметіне тағайындалады. 

Бүгінде оның қарамағында 16 маман талмай ең-

бек етуде. Білікті жетекші отбасында да өнегесі мол 

əке. Үш баласын адамгершілік пен қарапайымдылық 

қағидаларына сүйене отырып тəрбилеп келеді. Өзі де 

ақжарқын мінезімен ұжымда сыйлы азамат. 

«Біздің  цехтың  ұжымы  –  бірлігі  жарасқан  тату 

ұжым.  Алдымызға  қойылған  міндеттерді  бір  жаға-

дан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  бірлесе  шешіп, 

ұйымшылдық танытамыз. Қашанда қол ұшын беруге 

даяр азамат жігіттерді де осы цехтан табасыз» - дейді 

Жасұлан Мырзабаев. 

Расында  да  өз  ісінің  хас  шеберлері  жұмыс  жа-

сайтын  цех  ұжымы  бірліктің  биік  үлгісін  көрсетіп  ке-

леді. Ұжымдастар цех абыройын ерен еңбектерімен 

асқақтатып  қана  қоймай,  ұймдастырылатын  түрлі 

спорттық - мəдени шаралардан да қалыс қалмай, цех 

намысын қорғап жүр. Еңбектің қанатына талмай мін-

ген осындай ұжымға тек табыстар тілейміз! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет