Каражанбас
«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы
№6
18 ШІЛДЕ
2015
Қасіретке апарған қателік
Адам өліміне əкеп соқтырған қайғылы
оқиға 2015 жылдың 17 маусымында Қара-
жанбас кен орнында болған. Электр цехы-
ның жұмысшысы, 6 разрядты электро-
монтер, 1967 жылы туылған Қалдыбаев
Наурызбек жоспарлы-алдын ала жөндеу
жұмыстарын жүргізу кезінде ТӨҚ (ГЗУ)
– 2ВВГ аумағындағы КТҚС - комплектілі
трансформаторлық қосалқы станцияда
кернеуі 6/0.4 кВ жұмыс орнын дайындау
бойынша техникалық шараларды орын-
дап жатқанда өрескел қателіктер жібер-
ген. 0.4 кВ КТП – 6 /0.4 кВ автоматтарын
тоқ күшінен, 6 кВ ажыратқышын тоқтан
айырмай, тоқ кернеуін көрсету құралымен
өткізу изоляторындағы электр тоғының
бар-жоғын тексермей, КТП жоғарғы бөлі-
гіндегі 6кВ өткізу изоляторларына қолы
тиіп кетіп, тоққа түсіп, қаза болған.
Наурызбек Қалдыбаев - электр жаб-
дығын жөндеу жəне қызмет көрсету
бойынша ең жоғарғы – 6 разрядты элек-
тромонтер болып еңбек етті. Тəжірибесі
үлкен, 1000 вольтке дейін жəне одан да
жоғары дəрежеде жұмыс жасауға рұқса-
ты бар кəсіби білікті маман.
«Бұл – өте ауыр қайғылы жағдай. Ол
білікті маман болатын жəне оның мін-
деті - бригадаға жұмыс орнын дайындап,
қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етіп,
жұмысқа кірісетін жұмысшыларға қажет-
ті барлық шараларды жүзеге асыру еді.
Алайда техникалық шараларды орындау
кезінде өзі қателік жасап, тоққа түсті. Ин-
струкцияға сай, ол алдымен барлығын
тоқтан ажыратып, тексеріп, сосын барып
келесі кезеңге көшу керек еді. Бірақ жұ-
мыс тəртібін шатастырып алды. Өкінішке
орай, бұл арада адами фактор рөл ойнап
кетті. Сол күні таңертең қауіпсіздік тех-
никасы жөнінде өткен жиналыста Орал
қаласында «Қазтрансойл» компаниясы-
ның филиалында электромонтер қателік
жасап, тоққа түсіп мерт болғанын айтып,
ескерткен едік. Қызметкерлерімізге аса
сақ болу керектігін қадап тұрып айттық.
Ал тура екі сағаттан кейін мынадай қай-
ғылы жағдай орын алып, өзіміздің қыз-
меткеріміз дəл сондай қателік жіберіп,
тоққа түсті» - дейді «Қаражанбасмұнай»
АҚ бас энергетигі Абай Ахметкереев.
Арнайы құрылған комиссия қоры-
тындысы бойынша, аталған оқиғаға
6000 Вольттік кернеулі электр тарату
желісімен арадағы тікелей контакт, наряд
- жіберу қауіпсіздік шараларын сақтамау,
жеке қорғаныс құралдарын қолданбау
себеп болған. Бұл оқиға, қандай шара-
лар жүзеге асырылмасын, жалпы адами
факторды мүлдем алып тастауға бол-
майтындығын, көп ретте адамның өзіне
де байланысты екендігін көрсетіп отыр.
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау, қор-
шаған ортаны жəне денсаулықты қорғау
департаменті директоры Валентин Ми-
ненконың айтуынша, қазірдің өзінде же-
дел шаралар қолға алынды: «Мұндай
жағдайлардың қайталанбауы үшін электр
цехының бүкіл персоналының білімдері
кезектен тыс тексерілетін болады. Со-
нымен бірге құрылымдық бөлімшелер
мен мердігер мекемелерде кезектен тыс
инструктаж өтеді. Əрбір қызметкерге
болған оқиғаны толықтай жеткізіп, неге
орын алғанын, қандай қателік болғанын
түсіндіруіміз керек. Сонымен қоса барлық
жедел тоқтан ажырату мен қосу операци-
яларына бақылауды күшейтуді жоспарлап
отырмыз. Арнайы тексеру нəтижесінде
комиссия акт жасап, жүргізілетін жұмы-
старды бейнеге түсіріп тіркеуді қамтама-
сыз ету мəселесі ұсынылып отыр.
«Қаражанбасмұнай» АҚ бас энергетигі
А. Ахметкереев төмендегідей нұсқаулар
берді: №345 нұсқау - «Қауіпсіздік техни-
касы бойынша электр цехының электр
техникалық қызметкерлерімен кезектен
тыс инструктаж өткізу», №346 нұсқау -
«Электр цехының инженерлік-техникалық
құрамына электр құралдарын пайдалану
кезінде техникалық пайдалану ережелері
мен техникалық қауіпсіздік ережелері
бойынша кезектен тыс емтихан өткізу»,
№347 нұсқау - «Кен орны ұңғыларын-
дағы КТП-6/0,4кВ изоляциясын тазарту
жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарға
жауапты басшы тікелей жұмыс орнында
болу керек». Сонымен бірге электр құрал-
дарында қауіпсіз жұмыс жасау əдістері
бойынша электр техникалық персонал
практика жүзінде оқытылады.
Əрине осындай қайғылы жағдайдың
орын алғаны өкінішті...Атпалдай азамат
– Наурызбек Қалдыбаевтың артында
жанұясы мен үш баласы қалды...
Болашақта, мұндай жағдайлардың
алдын алу үшін компания барлық шара-
ларды қолға алуда. Жəне əрбір қызмет-
кер жұмыс кезінде өте мұқият болудың
қажет екенін түсінуі тиіс.
Қарапайым ережені бұзу, тіпті кіш-
кентай бір қателіктің өзі үлкен бақытсы-
здықпен аяқталмасын десек, немқұрай-
лылық танытпай, өндірістегі қауіпсіздік
техникасын толықтай сақтауымыз керек.
«Сақтансаң, сақтаймын» дегендей, қа-
уіпсіздік қағидаларын естен шығармай
жүрейік, ағайын! Өміріміз бен денсау-
лығымызды сақтау – алдымен əр адамға
байланысты екенін ұмытпаңыз.
«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы
мен басшылығы Наурызбек Қалды-
баевтың отбасына, туған туыстарына
қайғырып, көңіл айтады.
Қаражанбас кен орнында жұмысшы тоққа түсіп мерт болды
Қаражанбасмұнай» АҚ ұзақ мерзімді стратегиясының мақсаттарының біріне қол
жеткізді – Жер қойнауын пайдалану туралы Келісімшарт 2035 жылға дейін созылды
«CITIC» Қытай корпорациясы директорлар
кеңесінің жұмыс тобы ресми іссапармен «Қаражан-
басмұнай» компаниясында болып қайтты. Делегация
мүшелері сапар аясында компания басшылығымен
кездесіп, алдағы даму мен ынтымақтастық мəселе-
лерін талқылады.
Айта кету керек, 2007 жылдан бастап «Қаражан-
басмұнай» АҚ акционерлері болып қазақстандық
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жəне Қытай мем-
лекеттік CITIC Resources Ltd корпорациясы болып
табылады, сəйкесінше əрқайсысында 50% акциядан.
Бүгінде көршілес Қазақстан – Қытай мемлекет-
тері арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде
достық жəне ынтымақтастық бағытында дамып ке-
леді. Тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестік-
ке ерекше мəн беріп отыр. Екі жақты байланыс ая-
сында «CITIC» Қазақстан Республикасында бірнеше
жобаны жүзеге асырып үлгерді. «Қаражанбасмұнай»
компаниясы – қытайлық корпорацияның алғашқы та-
бысты инвестициялық жобасы болып табылады.
Сапар барысында Директорлар кеңесінің мүше-
лері компанияның тиімді басқару жүйесі мен ме-
неджментіне жоғары баға беріп, қазақстандық жəне
қытайлық əріптестер арасындағы жемісті ынты-
мақтастықтың тиімділігін атады. «Басқарудың зама-
науи стандарттары, айқын стратегиялық міндеттер,
жаңа технологияларды енгізу, бір мақсатқа жұмыл-
дырылған команда – ертеңгі күнге деген сенімді арт-
тырып, компанияның тұрақты дамуына ықпал етері
сөзсіз» - деді CITIC корпорациясының Қазақстандағы
өкілдігінің басшысы Ли Ин ханым.
Өз кезегінде директорлар кеңесінің мүшелері бо-
лашақ жоспарлары жəне жобаларымен бөлісті. 2013
жылы ҚХР төрағасы Си Цзипинь Қытайды Еуропа
елдерімен байланыстыратын, Азия жəне Африкамен
қарым-қатынасты нығайтуға тиіс жаңа Ұлы Жібек
жолын салу туралы ойын айтқан болатын. Осыған
байланысты CITIC корпорациясы аталмыш жобаны
жүзеге асыру үшін 120 млрд. доллар бөлуге дайын
екендігін мəлімдеді. Сонымен қатар директорлар
кеңесінің делегациясы Қаражанбас кен орнында бо-
лып, мұнай өндіру үдерісімен танысты.
«CITIC» директорлар кеңесінің делегациясы
іссапармен Қаражанбасқа келді
Құрметті қызметкерлер!
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиясы-
ның мақсаттарының бірі жер қойнауын пайдалану туралы
Келісімшарттың 2020 жылға дейінгі есептелген мерзімін 2035
жылға дейін созу еді.
Бүгінгі таңда біздің стратегиямыздың мақсаттарының біріне
қол жеткізгенімізді қуанышпен хабарлаймын, осыған орай «Қа-
ражанбасмұнай» АҚ мен мемлекеттік органдар арасындағы
жүргізілген ұзақ келіссөздер нəтижесінде Қаражанбас газ –
мұнай кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі 1997
жылдың 23 мамырындағы № 60 Келісімшарт мерзімін 2035 жыл-
дың 7 маусымына дейін ұзарту туралы қосымша келісімге 2015
жылдың 26 маусымында қол қойылды. Бұған дейін Келісімшарт
мерзімі 2020 жылға дейін деп есептелген еді.
Аталмыш келісімге Қазақстан Республикасының Энерге-
тика министрлігі мен «Қаражанбасмұнай» АҚ қол қойды.
Барлық қызметкерлерді осы жетістікпен құттықтаймын
жəне баршаңызға жемісті еңбек пен жетістіктер тілеймін, со-
нымен бірге акционерлерге жер қойнауын пайдалану туралы
Келісімшарттың мерзімін ұзарту туралы мəселені шешудегі
баға жетпес көмектері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен, Президент Д.К.Хасанов
10
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым
КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР
1968 жылы туылған. Донг Ин қа-
ласындағы Мұнай Университетін
«мұнайды сақтау жəне тасымалдау»
мамандығы бойынша бітірген.
Жоғары оқу орнынан кейін ең-
бек жолын «China Petroleum and
Chemical Corporation, Sinopec» ком-
паниясынан бастап, 27 жыл бойы
сол мекемеде қызмет еткен.
2015 жылдың шілде айынан
бастап «Қаражанбасмұнай» АҚ Күр-
делі құрылыс департаментінің ди-
ректоры болып тағайындалды.
1983 жылы туылған. И.М.Губкин
атындағы Ресей мемлекеттік мұнай
жəне газ университетінің магистрату-
расын «мұнай кен орындарын игеру
жəне пайдалану» мамандығы бой-
ынша бітірген. Сонымен қатар Қытай
мұнай университетін «мұнай жəне
газ кен орындарын игеру» маман-
дығы бойынша тəмамдаған.
Магистратурадан кейін еңбек жо-
лын 2008 жылы «Қаражанбасмұнай»
АҚ бастаған. Осы уақыт аралығын-
да Өндірістік басқармада, Геология
жəне игеру департаментінде, Өн-
дірістік бөлімде жұмыс жасап, жер
қабатын зерттеу жəне игеру техно-
логиялары бойынша геолог, игеру
жөніндегі жетекші инженер позиция-
ларында қызмет атқарған.
1968 жылы туылған. В.И.Ленин атын-
дағы Қазақ политехникалық институтын
«мұнай жəне газ өнеркəсібінің машинала-
ры мен жабдықтары» мамандығы бойынша
жəне Халықаралық Еңбек Академиясын
«құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанба-
смұнай» компаниясында Мұнай дайындау
жəне айдау цехында 5 дəрежелі машинист
қызметінен бастаған. 1994 - 2001 жылдар
аралығында №3 Мұнай өндіру цехында
5-ші дəрежелі машинист, 5 – ші дəрежелі
оператор, Қабат қысымын ұстау цехында
жабдықтарды жөндеу шебері қызметтерін
атқарды. 2001 - 2008 жылдар аралығында
Құрылыс жəне механика бөлімінің инже-
нер-механигі, Бас механик бөлімінің жетек-
ші инженер – механигі қызметтерінде бол-
ды. 2010 жылдың сəуір айынан бастап 2014
жылдың шілде айына дейін Жабдықтарды
пайдалану жəне икемдеу-жөндеу цехының
басшысы, 2014 жылдың шілдесінен 2015
жылға дейін Газ цехының басшысы лауа-
зымдарында қызмет атқарды.
2015 жылдың 11 маусымынан бастап
Өндірістік Басқарманың жалпы мəселе-
лер жөніндегі директордың орынбасары
қызметіне тағайындалды.
1957 жылы туылған. В.Ленин атын-
дағы Қазақ политехникалық институ-
тын «мұнай жəне газ кен орындарын
игеру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Атырау облысын-
дағы «Мақатмұнай» Мұнай - газ
өндіру басқармасынан бастап, сол
мекемеде 1980-1983 жылдар ара-
лығында мұнай өндіру цехында ше-
бер қызметін атқарған.
Маңғыстау облысындағы «Қаражан-
басмұнай» компаниясындағы қызметі
1983 жылы басталып, 1997 жылға дей-
ін Мұнай өндіру цехында шебер лау-
азымында болды. 1997 жылдан 2010
жылға дейін Мұнай өндіру цехының бас-
шысы, 2010 – 2013 жылдар аралығын-
да Бұрғылау жəне ҰКЖЖ бөлімінің
басшысы, 2013 жылдан 2015 жылға
дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Өндірістік
басқарма басшысының орынбасары
лауазымдарында қызмет атқарды.
2015 жылдың маусым айынан
бастап «Қаражанбасмұнай» АҚ Өн-
дірістік-техникалық департаментінің
Директоры қызметіне тағайындалды.
Шуриев Мағаз Хасанұлы
Тао Е (Tao Ye)
Гэн Юнцзюнь
(Geng Yongjun)
Қаршығаев Ахан
Ермұханұлы
Биылғы жылдың 12 маусымынан
бастап Өндірістік – техникалық де-
партаменті директорының орынба-
сары қызметіне тағайындалды.
1972 жылы туылған. Маңғыстау
«Болашақ» институтын «мұнай-газ
кен орнын игеру» мамандығы бой-
ынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Қара-
жанбастермнефть» мұнай-газ өн-
діру басқармасына қарасты Мұнай
өндіру цехында слесарь-жөндеуші
қызметінен бастаған. 1996 - 2002
жылдар аралығында Мұнай дай-
ындау жəне айдау цехында опера-
тор қызметін атқарып, 2002 жылы
МДАЦ технологы болып тағайын-
далды. 2006 жылдан 2012 жылға
дейін МДАЦ басшысының орын-
басары қызметін атқарды. 2012
жылдан бастап осы уақытқа дейін
Мұнай өндіру цехының басшысы
қызметінде болды.
2015 жылдың маусым айында
Өндірістік Басқарманың Өндіріс
жөніндегі директордың орынбасары
қызметіне тағайындалды.
Жанан Əліп
Жананұлы
1965 жылы туылған. В.Ленин атындағы Қа-
зақ политехникалық институтын «мұнай жəне
газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша
бітірген. Еңбек жолын Красноводск қаласындағы
«Красноводск Стройматериалы» бірлестігінде
құрылыс жөніндегі инженер қызметінен бастаған.
1993 жылдан 1994 жылға дейін «ТОҚАЙ»
ЖШС – де маркетинг бөлімін басқарса, 1994 –
1996 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы
«АҚҚУ» АҚ директорының орынбасары қызметін
атқарды.
1997 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнай
өндіру цехына шебер қызметіне жұмысқа орна-
ласады. 2004 – 2007 жылдар аралығында Мұнай
өндіру цехының мұнай өндіру жөніндегі аға инже-
нері лауазымында еңбек етті. 2007 - 2015 жыл-
дар аралығында №2 мұнай өндіру цехы басшы-
сының орынбасары болып қызмет атқарды.
2015 жылдың маусым айынан бастап «Қара-
жанбасмұнай» АҚ №2 Мұнай өндіру цехының ба-
стығы қызметіне тағайындалды.
Дүйсебеков Нұрлан Хибадуллаұлы
11
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 18 шілде №6 шығарылым
«Бозашы» деп аталатын боз даланың мұнайшылардың
мекені болғанына да, міне, жарты ғасырға жуықтапты. Ба-
бадан балаға мирас болған бұл иен даланың мұнайлы кен
орынға, яғни өндірісті өлкеге айналғалы келбеті жыл өткен
сайын артып келеді. Өндірісті өлкенің өткені мен бүгіні - əр
мұнайшының жүрегінде. Бұл түбекті əр адам өзінше жыр-
лайды, əр пенде өзінше суреттейді, əр азамат өзінше баға
береді.
Осы орайда шығармашыл жандардың талабын ұштау
мақсатында Əлеуметтік жұмыс департаменті «Менің сүйікті
Қаражанбасым» атты өнер байқауын ұйымдастырған бола-
тын. Байқау екі жанр бойынша жəне жабық түрде өткізілді.
Байқау аясында өткен жазба ақындар мүшəйрасының мақ-
саты - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қол жеткен табыстарын
жырға қосып, өлеңмен өрнектеп, мұнайшылар арасындағы
жазба ақындарды анықтап, қолдау көрсету болды. Сонымен
қатар жоғары деңгейлі шығармалардың дүниеге келуін ын-
таландыру,
Шығармашыл жандарды ұлттық мəдени құндылықтар
рухына, қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу, ақындар-
дың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау,
шығармаларын оқырмандар арасында насихаттауды да
мақсат тұтты бұл байқау. Екінші жанр - фото өнер сай-
ысы. Мақсаты - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қазіргі ты-
нысын əсем табиғатымен байланыстыра отырып сурет-
теу. Бұдан өзге фото өнер сайысы фотоға түсіруге құмар
жандарды анықтап, қолдау көрсету, жоғары деңгейлі дү-
ниелерді өмірге əкелуге ынталандыруды, қатысушылар-
дың шығармашылығын кеңейтіп, шеберліктерін шыңдап,
суреттерін көрермендер назарына ұсынуды мақсат еткен
болатын.
Айта кету керек, марапаттау рəсімі «Мəдени демалыс
орталығының» кітапханасында өтті. Ұсынылған шығар-
малар қазылар алқасының сүзгісінен өтіп, шығармалары
жүлдеге лайықты деп танылған үміткерлер диплом жəне
бағалы сыйлықтармен, «Технодом» сауда үйінің сертифи-
каттарымен марапатталды. Қазылар алқасының төрағасы,
Өндірістік басқарманың жалпы мəселелер жөніндегі дирек-
тордың орынбасары Дүйсебеков Нұрлан сөз алып, байқауға
қатысқан барша азаматтарды жеңістерімен құттықтады.
Жазба ақындар мүшəйрасында І-орынды КҚБ инженері
Ақтулаев Көптілеу жеңіп алды. ІІ орынды - Жабдықтарды
пайдалану жəне икемдеу-жөндеу цехынан Ізкенов Əлібек
алды. ІІІ орын Геология жəне игеру бөлімінен Қожаш Ай-
дынға бұйырды. Қарынбаев Алдаберген, Салқынов Мұхит
(АТС), Айтымов Самат (АТС) ынталандыру сыйлығына ие
болды.
Фото өнер байқауында Бас жүлдені Газ цехынан Мұ-
ханов Исламбек жеңіп алды. І орынды КҚБ инженері
Ақтулаев Көптілеу иемденді. ІІ орынға Қауіпсіздік жəне
еңбекті қорғау бөлімінен Тасқымбай Ахмет, ІІІ орынға Қа-
бат қысымын ұстау цехынан Абижанов Асет ие болды.
Газ цехынан Мұхаметов Олжас, Жабдықтарды пайдала-
ну жəне икемдеу-жөндеу цехынан Жайлаубаев Бекзат,
геология жəне игеру бөлімінен Бүркітов Əлібек, МӨТБ
қызметкері Медеев Болат ынталандыру сыйлығымен ма-
рапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Ассалаумағалейкум, мұнайшылар,
Оразада дұға - тілек қабыл болар.
Қара алтынмен елімізге ырыс берген,
Қаражанбас ұжымына алғыс болар.
Бұрғылап кен орны қабаттарын,
Аталарым атқылаған мұнайларын,
Қанша бір, қанша жылдар өтсе дағы,
Шүкір етіп жатырмыз ризықтарын!
Қаражанбас – кең далада Мұнаралар,
Қаражанбас - қатар тұрған качалкалар,
Қаражанбас – көк теңіз бен өңірі сор,
Түйелерін аталарым жайған жерлер!
Қазақ елі, мұнайшылар, армысыңдар!
Амансыңдар, барлығың, бармысыңдар.
Жатақхана, тұрмысхана, жаңа асхана,
Бəрі де мұнайшыға тұрмыс болар.
40 жылдық Қаражанбас тойлағаны,
Тəуелсіз еліміздің шаттанғаны,
Күндер өтіп, жылдар өтсе дағы,
Алар асу алдымызда көп болғаны.
40 жылда Қаражанбас көп өзгерді,
Жаман менен жақсының бəрін көрді,
Жаңаланды жұмыс орны, қондырғылар,
Кен орны бұрынғыдан кемелденді.
40 жыл мұнайшылар талаптанды,
Шет елмен бірігіп ұжым құрды,
Мұнайы мен байлығы еселеніп,
Қаражанбас елімізде бағаланды!
Кен орнында – қарттарымның іздері бар,
Кен орнында – өсіп келер мұнайшым бар,
Кен орнында – Ынтымақты ұжым құрған,
Басшы болған жастарымның беделі бар!
Маңғыстау өсіп-өнген мұнайшылар,
Қазақтың өнері бар, дəстүрі бар,
Құрманғазы,Тəттімбеттер күйлерін де,
Шертетін Қаражанбас ұл-қызы бар!
Қаражанбас - көп ұлттан құралған жер,
Құрметпен, өз тілін қорғаған жер,
Түрікменнің қоныстарын ығыстырып,
Ата-баба өмір сүріп жайлаған жер!
Қаражанбас – мұнайымен берекелі,
Қаражанбас – жастарыммен мерекелі,
Қаражанбас - түйесі бар, шұбаты бар,
Қаражанбас –қазыналы Қазақ жері!
Маңғыстаудың келбеті көп өзгерді,
Ару қалам - Ақтауым аруланды,
Көкте - Құдай, жерде - мұнайы бар,
Өлкеміз байлығымен шырайланды!
Мұнайшыға Алладан сұрап өтем,
Маңғыстау мекенімді сүйіп өтем,
Қаражанбас жастары жетістігін,
Ұрпақтарға шашу қып жырлап өтем!
Талайлар келіп кеткен замандар бар,
Бұ дүниеде санаулы сағаттар бар,
Аманатқа бекем болып Маңғыстауда,
Алладан келген көптеген байлықтар бар!
Оралды мұнайшылар қажылықтан,
Қасиетті Мекке, Медина қалалардан,
Ата-баба армандаған сəт сапардан,
Дүға тілеп мұнайшылар арамыздан!
Біздерге жол көрсетті аталы сөз,
Алладан құран болды кітабымыз,
Өмірден өтіп кеткен марқұмдарды,
Дұға тілеп айтатын мұсылманбыз!
Қазақ елі асқақтасын, айбындасын,
Мұнайшыны ынтымақтан айырмасын.
Тыныштық маңдайыңа сыйып тұрған,
Қазақ елі бақытынан айырылмасын!
Өмірде талай-талай сынақ келер,
Еліме сабырлықпен жеңіс келер,
Құдай қалап Мұнайымыз бағаланар,
Қазақ елім мұнайшыға сенім артар!
Қасиетті Рамазан Құтты болсын!
Бергенің пітір садақа, зекет болсын!
Оразада дүға-тілек сауап алып,
Мұнайшылар апаттардан аман болсын!
Көптілеу Ақтулаев, КҚБ инженері