Ларве бацилласы (Bac.larve) тудыратын аралардың есейген дернәсілдерінің жұқпалы ауруы. Қолайсыз жағдайларда қоздырғыш химиялық және физикалық әсерлерге өте төзімді спораны түзеді. Ларве бацилласының спорасы табиғатта ондаған жыл бойы сақталуы ықтимал. Суда қайнатқан кезде қоздырғыш 13 минуттан кейін жойылады. Формалиннің, карбол қышқылының ерітінділері оған нашар әсер етеді. Қоздырғыш ара отбасында ұзақ уақыт тіршілік ете алады (гүл тозаңында, кәрездерде, балда). Дернәсілдердің мүшелеріне қорекпен бірге түседі. Ауру белгілері қуыстарды жапқаннан кейін көп ұзамай байқалады. Американдық шірімемен көбінесе жабық қуыстардағы есейген дернәсілдер залалданады. Кейде ол жас қуыршақтарға да жұғуы мүмкін. Аурудың күшеюіне ауаның жоғары температурасы, жинайтын шірненің болмауы және араларды нашар жағдайда ұстау себепкер болады.
Инфекцияның негізгі көзі – ауырған және өлім-жітімге ұшырағын дернәсілдер, залалданған қорек. Ауырған сау отбасқа ауру ұры аралар, қаңғыма аралар мен аталық аралар арқылы, сондай-ақ рамкаларды қайтадан қойғанда жұғады. Ауру ара өсірушімен де таралуы мүмкін. Инфекцияның басқа омарталарға және басқа аудандарға ауысуына ауру омарталардан отбастарды сату және жөнелту себепкер болады.
Ауру тегін егжей-тегжейлі білу үшін кәрез бетінің ауырған личинкалар басым жерінен 10*15 см кесіп орамай жәшікке салып мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді. Жолдама хатта материалдың қай кезде алынғаны, омартаның тұрған орны, ара семьясының номері, байқалған өзгерістер, шаруашылық аты, байланыс бөлімшесінің инексі көрсетіледі. Емі, сақтандыру шаралары және санитарық бағасы
Егер америкалық шіріме бұл омартада тұңғыш рет, онда да бір ара семьясында ғана пайда болғаны анықталса, онда сол ұяның араларын күкірт түтіні немесе формалинмен уландырып өртейді. Ал ауру көптеген ара семьяларын қамтып, етек ала бастаса омартаны бір жылға карантинге жабады. Барлық ара семьяларын жаңа немесе зарарсыздандырылған таза ұяға көшіріп мынадай дәрілердің бірімен емдейді: норсульфазол натрий 1-2 г, сульфантрол 2,0 г, биомицин, неомицин, тетрациклин, эритромицин, окситетрациклин, мономицин, стрептомицин 500 мың, канамицин 400 мың, метицилин 350 мың ЕД өлшемімен алынып, 1 литр қант ерітіндісіне қосылады да қашан жазылғанша әр 4-5 күннен соң беріледі.Басқа омартадағы ара семьяларының балы сау болып есептеуге болады, оларды жеке арнайы орындарда сақтайды, аралардан бөлек. Осындай бал қыс кезінде тоқашнан және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Араларға осындай балды қоректендіруге болмайды