ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ "ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ "Биологиялық қауіпсіздік" кафедрасы Бал арасының аурулары кезінде індетке қарсы шараларды ұйымдастыру
Бал араларының гүл шірне-шырынынан (нектар), немесе өсімдік және жануар тектестердің шірелерінен қорытып шығаратын, адам үшін аса құнды азық. Ол тәтті, хош иісті, қоймалжың сұйықтық. Ал кейде (біраз сақталғаннан кейін) әр деңгейлі консистенцияда кристаллданған масса. Бал құрамында көптеген аминқышқылдар, дәрумендер (витаминдер), ферменттер, гормондар және хош иісті заттар бар.
Әртүрлі белгілеріне қарай (ботаникалық құрамы, жыл маусымы - айлары, жер аймағы, т.с.с себептерге байланысты) бал бірнеше түрге жіктеледі. Мысалы, қандай көздерден жиналғанына байланысты – шірне ( гүл) және шіре балы деп ажыратылады.
Шірне балын аралар өсімдік гүлінің шырынынан (нектар балы) жинайды: ол монофлерлы (біркелкі гүлдерден) және полифлерлы (әр түрлі өсімдіктерден) болып бөлінеді.
Шіре балы жан-жануарлар тектес (кейбір шыбын-шіркей, жәндіктердің бөліп шығарған тәтті заттарынан), немесе өсімдіктер тектес (өсімдіктердің тершіген шырындары, бал тәрізді «аюлық шық») болып бөлінеді. Өсімдік тектес «аюлық шық» балы құрамы жағынан, шыбын-шіркей, т.б жәндіктердің бөліп шығарған «сөлдеріне» қарағанда гүл - шірне балына жақын.