129
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика
үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана,
2. «Longman» «Biology 11-14»:A.Bridges, J.Williams/ M.Levesley, C.Workman
КӚП ТІЛДІ БІЛІМІН ДАМЫТА ОТЫРЫП ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУ
аға оқытушы, магистр Жиенбай С.Б.
«Биология» мамандығының 4 курс студенті Изтаева Б. Б.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Экологиялық білім және тәрбиелеудің мазмұны – білім беру жүйесін
және табиғат байлығын орынды қолдана білу жолдары мен әдістері туралы
түсініктерін дамытатын оқушылар қызметінің түрлерін қарастыра отырып,
қоршаған ортаны сақтау .Қазіргі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған
ӛмірлік маңызы бар кӛп тілді игерумен бірге
ауқымды проблемалардың
ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
мәселесіне кӛңіл бӛлініп отыр. Қоғам мен табиғаттың ӛзара әрекеттесуінің
шиеленісуі оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің
мазмұнын, принциптерін, формалары мен әдістерін таңдау критерйлеріне
ерекше әсер етеді [1]. Осыған байланысты сыныптан тыс жұмыс үрдісінде
оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін жақсартуға бағытталған
практикалық шараларды жүзеге асыруда ұлттық - аймақтық тұрғыдан келу
арқылы
оқушылардың
экологиялық
білімдері
мен
дағдыларын
қалыптастыруды зерттеу ӛзекті болып отыр. Сыныптан тыс жұмыс
үрдісінде ұлттық - аймақтық сипаттағы сұрақтарды қосу оқушылардың
этноэколологиялық
білім алуларына, аймақтағы туындап отырған
экологиялық
аппаттарды
жоюға
атсалысуға
мүмкіндік
береді.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің сыныптан тыс жұмыс
барысындағы мазмұнының ерекшелігі мынандай сипатқа ие болады.
Сәйкес білім және дағдылардың болуы;
Ақпараттық мәліметтерден гӛрі эмоциональдық аспектілерге
жүгіну (тәрбиелік әрекетін әсерлігін күшейту үшін оқушылардың сезіміне
жүгіну, қоршаған отраның қайғысын ортақтаса білуге шақыру, яғни
эмоциядан зердеге әсер ету);
Білімнің практикалық жағының маңыздылығы (барлық қызмет
әзірленген біліктілік пен дағдыны жетілдіруге бағытталады);
Экологиялық білім мен мәдениеттілікті ұштастыруға жетелеуі.
130
Сонымен қатар ұлттық - аймақтық тұрғыда келуді қолданған
сыныптан тыс жұмыс үрдісінде:
1) аймақтық экологиялық мәселелерін шешу бойынша оқу
дағдылары мен қатар тіл білімі жетілдіріледі;
2) экологиялық мәселелер бойынша ақпараттарды іздеу барысында
ӛздігінен
жұмыс істеу дағдысы, табиғат байлығын қорғау, табиғатты
мейлінше аялауға бағытталған ұлттық дәстүрер мен салттар туралы
материалдар, сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру және
табиғатты қорғау мәселесіне ұлттық тұрғыдан жанашырлық қасиеті мен
қазақ тіліндегі білімін ағылшын тілінде қолдану ретке келтіріледі;
3) коммуникативтік, бірлесу біліктіліктері реттеледі (ұжымдық
жұмыс, экологиялық КВН, рӛлдік ойындар, эколологиялық сүрлем немесе
соқпақтар);
4) туған ӛлкенің қоршаған ортамен қарым - қатынас жасауда
этикалық қалыптарды сақтай білу (мәдениеттілік) негізге алынады.
Сыныптан тыс жұмыс үрдісінде экологиялық білім беру мен
тәрбиелеудің мазмұнын қарастыруда ілімдік тұрғыда қарағанда практикалық
әспекті
басымырақ болады, сондықтан мазмұны оқушы қызметі тарапынан
қарастырған оңтайды болады. Осындай қызметтерге танымдық, демалу (кӛңіл
кӛтеру,), спорттық - сауықтыру, еңбек шығармашылық сияқты түрлерін
жатқызуға болады. Қызметтердің басты мақсаты - оқушылардың дүниеге деген
кӛзқарастырынан адамгершілік, эмоционалдық және еріктік екі тілде еркін
сӛйлеу, компоненттерін қалыптасытыру. Бұл сәтте, экологиялық білім беру мен
тәрбиелеу ӛте маңызды[2]. Оқушылардың дүниетанымдық кӛзқарасын
қалыптастырудың негізін экологиялық кӛзқарас пен наным, алғырлық пен
білімділік құрайды.
Оқушылардың экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда,
сыныптан тыс жұмыс үрдісінде мектептің дәстүрі
мен ерекшеліктері, сынып,
жас ерекшелдіктері, оқушылардың жеке ерекшеліктері, мұғалімінің
ерекшеліктері, оның қызғушылығы, бейімділігі, ұстанымдары сияқты
факторлар дене сыныптан тыс жұмыстың сабақпен байланысын,
пәнаралық
байланысты қазіргі кезеңдегі жаһандық ұлттық және аймақтық экологиялық
мәселерлердің ӛзара байланысын ескерту қажет. Ал халықаралық деңгейдегі
материалдарды қарастырып, салыстыру үшін тіл білімін дамыту ӛте маңызды.
Ал табиғат аясында сабақты үш тілде жүргізу, табиғаттың әрбір компонентін
ағылшын тілінде де, ана тіліндеде орыс тілін меңгеріп, халықаралық деңгейдегі
материалдармен салыстыра отырып білім мен сусынданған оқушы
халқымыздың берік маманы болары айқын.
Эколгиялық тәрбие беру бағытында сыныптан тыс жұмыстардың
кӛптеген түрлері мен факторларын атап ӛтсек. Мысалы: мұғалім әңгімесі,
пікірталас, экологиялық әдебиеттер мен басылымдарға шолу, тренингтер,
тақырыптық кештер,
конференциялар, табиғат туралы кӛркем - суреттер
конкурстар, экологиялық плакаттар конкурсы, экологиялық кештер, пікір
131
сайыстар, дӛңгелек столдар, мектеп мұражайына саяхат, туған ӛлке
табиғатын зертттеу. Сыныптан тыс экологиялық тәрбиеберуде
кинофильмдердің, мұражайлардың, киносюжеттердің рӛлі ерекше. Мектеп
қабырғасында шығатын газеттер, плакатттар,
табиғатты қорғау туралы
құжаттар, оқушылардың шығармашылық экологиялық білім мен тәрбие
беруге бағытталғалуы тиіс. Себебі қазіргі балалар біздің болашағымыз. Ел
басымыз Н.Ә. Назарбаевтың дамыған отыз елдің қатарына қосылу
стратегиясы бойынша жасалған халқына жолдауында атап ӛткендей,
болашақ білімділіктің ізінде. Ал білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың яғни
біздің міндетіз. Болашақ ұрпағымыз білімділігі мен экологиялық
мәдениеті жоғары болуы қажет. Ал экологиялық мәдениеті жоғары әрі шет
тілдері мен ана тілінде орыс тілінде еркін сӛйлейтін азамат ел басы салған
жолмен халқын биікке кӛтерері сӛзсіз[3].
Мектеп кітапхансында экологиялық және табиғатты қорғау туралы
әдебиеттердің кӛрмесі ай сайын ұйымдастырылып, онда оқушылардың
ұсыныс - пікірлері, шығармашылық
еңбектері тыңдалып отырса, бүгінгі
ұрпақтың экологиялық сауатты, мәдениетті тұлға ретінде қалыптасуына
әсері мол болары сӛзсіз.
Біз жүргізген зерттеудің түпкі мақсаты табиғат пен байлықтарға
жауапкершілікпен қарайтын экологиялық тұрғыдағы саналы, мәдениетті,
әр түрлі тілдерді меңгерген яғни келешекте Қазақстанымыздың тамаша
табиғатын халықаралық деңгейге паш ете алатын азаматтар-жеке тұлғаны
қалыптастыру екенін айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: