Аралық аттестаттау білім алушылардың белгіленген білім беру бағдарламалары шеңберінде өткен оқу пәндері бойынша оқу материалын меңгеру дәрежесін айқындайды



бет1/13
Дата20.12.2023
өлшемі308,75 Kb.
#141515
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
upload


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


«Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Экономика және құқық факультеті
Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы

ZKDM 09 – ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫ МОДУЛІ


SP 4312 – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ» пәні
6В04201 – «Құқықтану» модульдік білім беру бағдарламасы
Академиялық дәрежесі: Бакалавр B049 – құқық мамандығы негізінде
Оқу түрі: (4 жылдық), қысқартылған (3 жылдық) күндізгі білім алушылар үшін құрастырылған
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІНЕ АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" Құқықтану " Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды аттестаттаудың аралық және қорытынды үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу қағидалары

Дайындаған: Муханова Адеми Түркменбайқызы
аға оқытушы., з.ғ.м.


АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу қағидалары
Аралық аттестаттау білім алушылардың белгіленген білім беру бағдарламалары шеңберінде өткен оқу пәндері бойынша оқу материалын меңгеру дәрежесін айқындайды.
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидалары
1. Осы жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 – бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Үлгерімге ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес оқу сабақтарының кестесіне сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың білімін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) транскрипт (Trancript) кредиттер мен бағаларды әріптік және цифрлық түрде көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде өткен пәндердің тізбесін қамтитын белгіленген нысандағы құжат.

Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу


4. Студенттердің оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылаудың және аттестаттаудың әртүрлі нысандары көзделеді, оларды жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) дербес айқындайды. Бұл ретте халықаралық білім беру кеңістігінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін білімді бағалау 1 – қосымшаға сәйкес дәстүрлі бағалау шкаласына тиісті аудармасы бар балдық – рейтингтік әріптік жүйе бойынша жүзеге асырылады.


5. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 380 бұйрығымен (бұдан әрі – МЖМБС) бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген жұмыс оқу жоспарының негізінде жасалған оқу сабақтарының бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
6. ЖОО – да білім алушыларды аралық аттестаттау емтихандар мен сараланған сынақтарды тапсыру нысанында жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және кәсіптік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Жоғары оқу орындарында студенттерді аралық аттестаттау кезеңі емтихан сессиясы деп аталады.
8. Сараланған сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу – графикалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) сәтті орындауын, сондай – ақ бекітілген бағдарламаға сәйкес кәсіптік практикадан өтуін тексеру нысаны болып табылады.
Сараланған сынақтар балдық рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады.
9. Емтихандар білім беру ұйымы басшысының бекітілген кестесіне сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде тапсырылады.
10. Емтихандар пәннің бүкіл кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нысаны ретінде қызмет етеді және білім алушылардың академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін, алған теориялық білімдерін, олардың сіңу беріктігін, шығармашылық ойлауды, өзіндік жұмыс дағдыларын дамытуды, алған білімдерін синтездей білуді және оларды практикалық қолдануды бағалауды мақсат етеді.
11. Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тіркеу бөліміне (офисіне) жүктеледі. Бұл ретте емтихан өткізу үшін осы оқу пәнінің бейініне сәйкес біліктілігі бар оқытушылар тартылады. Тіркеу бөлімінің рұқсатынсыз емтихандарды өткізу рәсіміне қатыспайтын бөгде адамдардың және өзге де адамдардың болуына жол берілмейді.
12. Емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтығы мамандықтың оқу жұмыс жоспарына және ЖОО Ғылыми кеңесі бекіткен академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады. Қысқы және жазғы емтихан сессиялары бар. Бұл ретте жазғы емтихан сессиясы ауыспалы сессия болып табылады, оның нәтижелері бойынша ЖОО басшысының білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрығы шығарылады.
13. Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің бекітілген оқу бағдарламалары бойынша жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес, оқытудың барлық нысандары үшін бірыңғай түрде тапсыруы тиіс.
14. Білім алушылар қосымша оқу түрлері пәндері бойынша емтихан тапсыра алады, оларды тапсыру нәтижелері емтихан ведомосіне және транскриптке енгізіледі.
15. Емтихан сессиясына жіберу білім алушылардың тегі, аты, әкесінің аты, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіле отырып, факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделеді. Курстық жобаларды (жұмыстарды) тапсыра алмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді. Сырттай оқу нысанындағы білім алушылар, егер олардың алдыңғы курс үшін академиялық қарыздары болмаса, емтихан сессиясына жіберіледі. Сырттай оқу нысаны бойынша емтихан сессияларын, олардың оқу жылындағы кезеңдері мен санын ғылыми кеңес белгілейді.
16. Оқытудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін жасау тиісті факультет деканатымен бірлесіп тіркеу бөліміне (офисіне) жүктеледі. Емтихан кестесін оқу жұмысы жөніндегі проректор бекітеді және емтихан сессиясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей студенттер мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
17. Факультет деканы (институт директоры) жекелеген жағдайларда (ауруы, отбасылық жағдайы, өзге де объективті себептері бойынша) студентке жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат бере алады.
18. Емтиханға келген кезде студенттің өзімен бірге студенттік билеті болады.
19. Әрбір оқу пәні бойынша емтихан өткізу нысаны мен тәртібі академиялық кезең басталғаннан бастап бір ай мерзімде жоғары оқу орнының (факультеттің) Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.
20. Емтихандар жазбаша, ауызша немесе тест түрінде өткізіледі. Тест нысаны кезінде екі және одан да көп пәндер бойынша олардың бейінділігі мен туыстық қағидатын сақтай отырып кешенді емтихан белгілеуге жол беріледі. Бұл ретте емтихандық баға әрбір пән бойынша белгіленген тәртіппен жеке қойылады. Емтихан кезінде білім алушылар пәннің оқу бағдарламасын және анықтамалық әдебиеттерді пайдалана алады.
21. Білім алушының емтихандағы үлгерімі білім алушының білімін бақылаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша бағаланады. Оң баға (А – дан А – ға дейін – «өте жақсы», В+, В, В – ға дейін – «жақсы», с+, С, С –, Д, Д – «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосіне және білім алушының сынақ кітапшасына жазылады. F «қанағаттанарлықсыз» деген баға тек емтихан ведомосінде қойылады.
22. Емтихан ведомосін емтиханды қабылдайтын оқытушы толтырады.
23. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттауды өткізу кезінде білім алушылардың білімін бағалаудың балдық – рейтингтік жүйесіне сәйкес академиялық кезең (семестр, триместр) ішінде емтиханда алынған балдар және ағымдағы үлгерімнің орташа балы ескеріледі.
24. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылауды бағалауды қамтиды. Ағымдағы үлгерімді бағалау (қабылдау рейтингі) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60% - құрайды, ал емтихан бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 40% - құрайды.
25. Емтиханды «қанағаттанарлықсыз» бағадан оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы осы пән бойынша жұмыс оқу жоспарында көзделген оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады және қорытынды бақылауға рұқсат алады.
26. Оны арттыру мақсатында қорытынды бақылау бойынша оң бағаны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
27. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосінде оның тегіне қарама – қарсы «келмеді» деген белгі қойылады. Дәлелді себеп болған жағдайда деканат (Дирекция) осы емтиханды жеке тәртіппен тапсыру туралы шешім қабылдайды.
28. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей апелляция беруге құқылы.
29. Осы мақсатта емтихан сессиясы (аралық аттестаттау) кезеңінде ЖОО – ның құрылымдық бөлімшесі басшысының Өкімімен біліктілігі емтихан сессиясына шығарылған пәндер бейініне сәйкес келетін оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
30. Сырттай оқу нысанындағы білім алушыларға емтихан сессиясы сәтті аяқталған кезде келесі емтихан сессиясына белгіленген үлгідегі анықтама – шақыру беріледі.
31. Сырттай оқу нысанындағы студенттердің емтихан сессиясына анықтама – шақырулар беру және келуі ЖОО белгілеген тәртіппен қатаң есепке алынуға тиіс.
32. Аударым балының белгіленген деңгейін алған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа ауыстырылады.
33. Курстан курсқа ауысу үшін ауысу балын ЖОО дербес белгілейді.
34. Белгіленген ауысу балын жинамаған білім алушы қайта оқу курсына қалады. Бұл тармақ азаматтық емес жоғары оқу орындарының білім алушыларына қолданылмайды.
35. Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушының бұрын қабылданған Жеке оқу жоспары бойынша оқуға немесе белгіленген тәртіппен әзірленген жаңа жеке оқу жоспарын қалыптастыруға құқығы бар.
36. Ауысу балын жинаған және келесі оқу курсына ауыстырылған білім алушы академиялық берешегі болған кезде тиісті пәндерді ақылы негізде қайта зерделейді және академиялық берешекті жояды.
37. Білім алушылар: қайта оқу курсына қалдырылған білім беру гранттарының иегерлері білім беру грантынан айырылады және одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.
38. Ауысу балын жинаған және келесі оқу курсына ауыстырылған, академиялық берешегі бар білім алушы – білім беру грантынан айырылмай ақылы негізде тиісті пәндерді қайта оқып, олар бойынша емтихан тапсыруы тиіс.
39. Емтихан нәтижелері және емтихан сессиясы (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар кафедра, деканат (директорат) және ЖОО Ғылыми кеңесі отырыстарының талқылауына шығарылады.
40. Жоғары оқу орнынан шығарылған адамға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 918 бұйрығымен бекітілген, белгіленген нысандағы білімін аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама жазылады.
Бұл тармақ әскери мамандықтар бойынша білім алушыларға қолданылмайды.
❗Заңнамада «сессия» термині жоқ екенін білу маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет