Қосымша құрал – жабдықтармен жабдықталған жаңа автокөлікті сатып алған Сидоров сатып алуды аяқтағаннан кейін бірден көлік құралын және оның иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасады. Көлікті автосалоннан тасымалдау кезінде Сидоров басқаруды жоғалтып, Петровты қағып, оның денсаулығына зақым келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Біраз уақыттан кейін автокөлік ұрланды, осыған байланысты сақтандыру компаниясы Сидоровқа 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ сақтандыру сомасын толық көлемде сақтандыру өтемақысын төледі. 4 айдан кейін көлік бұзылған күйде табылып, сақтанушыға қайтарылды. Бұл ретте сақтандыру компаниясына Сидоровтың Петровты қағып, қашып кеткені туралы ақпарат келіп, жәбірленушіге сақтандыру төлемін төлеген. Сақтандырушы Сидоровтан көлікке төленген сақтандыру өтемақыны мен Петровқа төленген сақтандыру төлемінің сомаларын қайтаруды талап етті. Сидоров сақтандыру ұйымының талаптарын мойындамай, 980 мың теңге көлеміндегі сақтандыру төлемін көлікті жөндеуге жұмсағанын, Петровпен соқтығысуы жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығынан болғанын түсіндіріп дәлелдер ұсынды. Сақтандыру компаниясы ұсынылған дәлелдемелерді жеткіліксіз деп тауып, сотқа шағым түсірді. Сот қандай шешім шығарады? Сақтандыру ұйымының іс – әрекеті заңды ма?
Сақтанушы мен сақтандырушы ОСАГО шартын жасады. Сақтанушының кінәсінен болған ЖКО салдарынан үшінші тұлғаның көлігі зардап шекті. Кінәлі өз еркімен үшінші тұлғаға келтірілген залал үшін ақшалай өтемақы төледі. Сақтанушы бұл соманы сақтандырушыдан өтеуді талап етуге құқылы ма?