Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы


Автономды нерв жүйесі жұмысының реттелуі



бет16/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
26. Автономды нерв жүйесі жұмысының реттелуі Вегетативтік қызметті реттеуде ми бөлімдерінің рөлі:
1.Гипоталамус- жоғарғы вегетативтік орталық. Онда 50 жұп ядролар бар. Олар 3 топқа біріктірілген:
-алдыңғы топ ядросы –ПЖЖ қозғандағы тиімділіктерді тудырады.
-артқы топ ядролары-СЖЖ қозғандағы тиімділіктерді тудырады.
-ортаңғы топ ядролары –тағамдық тәртіпті түзеді (ашығу, тойыну).
• Гипоталамус эффекторлық (АДГ, окситоцин) және гипофиздің троптық гормондарын (гипоталамустың гормондарымен өндіріледі: либерин мен статин) түзеді.
2.Лимбиялық жүйе- ЖҚТЖ, асқорыту, тыныс алу және т.б. жүйелер әрекетінің бейімделуші реттелісінде қатысады. Бұл қажеттілік пен эмоцияның түзілуінде байқалады.
3. Торлы құрылым. Оның нейрондары сопақша мидың тыныс алу, тамыр жылжытқыш орталықтарын түзуге қатысады.
4. Мишық өз әсерін СЖЖ мен ЭБ арқылы орындайды. Ол гомеостазды тұрақтандырады.
5. Ми қыртысы-организмнің барлық жүйелер әрекетін біріктіреді. Осының арқасында организмнің шартсыз және шартты рефлекторлық іс әрекеті қамтамасыз етіледі.
Леон Абгорович Орбелидің ойы бойынша, мишық - ағзаның автономды қызметінің реттелуінде маңызды орын алады. Орбели бойынша мишық симпатикалық жүйке жүйесі сияқты бейімдеушілік - трофикалық қызмет атқарады, яғни ол бұлшықеттік жұмысты істеу үшін ағзаның барлық қорларын белсендіруге қабілетті болады. Қозғалыс белсенділігін реттеуге қатысаты аса маңызды орталықтардың бірі болып табылатын - мишық - бұлшықет белсенділігін автономды қамтамасыз етудің реттеуіне де қатысуы қажет. Сонымен, мишық тепе-теңдік қызметін сақтап қана қоймай, осы периодтағы автономды қызметтердің үйлесуін қамтамасыз етеді.
Алайда, мишықты алып тастағанда, өлім пайда болмайды. Бірақ бұл кезде зерттелушілердің айтуы бойынша автономды реттелу бұзылады.
Мишық вегетативті жүйке орталықтарының қозғыштығына әсер ету арқылы қимылдық әрекеттерді орындау үшін ағзаның бейімделуіне алып келеді. Осы позиция тұрғысынан мишықты вегетативті жүйке жүйесі мен соматикалық жүйке жүйесі арасындағы дәнекерлеуші ретінде қарастыруға болады. Мишықтың жүрек жұмысына артериялық қысымның көлемін, регионарлы қан ағысын өзгертуге, сонымен қатар тыныс алудың тереңдігі мен жиілігіне АІЖ-нің моторлық, секреторлы, сіңірілу қызметтеріне, өт түзілу үдерісіне, қуықтың бұлшықет тонусына әсер ететіні көрсетілген. Мишықтың зақымдалуы кезінде көмірсулық, нәруыздық және минералды алмасулар, энергия түзілу мен термореттелу, қан түзілу үдерістері бұзылады. Мишық сонымен қатар, репродукция үдерісінің реттелуіне қатысады.
Сонымен, мишық автономды қызметтердің реттеу үдерісінде маңызды орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет