Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы


Жұлын құрылымының нейрондық ұйымдасуы



бет2/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
2. Жұлын құрылымының нейрондық ұйымдасуы.
Көптеген физологтар ұсынысы бойынша бұлшық ет белсенділігінің фазалық және позалық реттелуіне қатысатын әрбір нейрондық механизм - қимыл-қозғалыс жүйесі деп аталады. Сондықтанда «Жұлынның қимыл- қозғалыс жүйесі» деген бұлшық ет белсенділігінің реттелу үдерістеріне қатысатын жұлынның барлық механизмдері кіреді. Сонымен қоса, ми бағанының қимыл-қозғалыс жүйесі, қыртысты құрылымдары, мишык, үлкен жарты шарлар қыртыстары туралы айтуға болады.
Жұлында негізгі құрлым — альфа-мотонейрон орналасқан. Оның аксоны жүйке жүйесін қаңқалық бұлшық ет пен талшықтарының белсендендірілуіне әкеледі. Жұлында альфа-мотонейронды белсендендіретін механизмдер бар: 1-ші механизмі — бұл альфа-мотонейронға тура әсер, мысалға бұндай әсерді қимыл қыртысында орналасқан гиганттық пирамидалық Бец жасушаларының аксондары ғана орындай алады. Алайда мидағы альфа-мотонейронның белсендендірілуі жанама түрде іске асады, яғни қосымша ендірме нейрондар арқылы. Олардың жұлындағы саны ауқымды болып келеді. Сонымен қатар, алфа-мотонейронның қозуын 2-ші механизм арқылы, яғни гамма-мотонейронды белсендендіру арқылы жүзеге асыруға болады (гамма-мотонейронда интрафузальды бұлшық ет талшықтары белсенді етеді). Нәтижесінде 1a типті жүйке ұштары белсеніп, импульс ағымы алфа-мотонейрондарға немесе ендірме мотонейронға қарай, ал олардан алфа-мотонейрондарға қарай бағытталады. Бұл гамма — ілмегі деп аталады. Осылайша, гамма-мотонейрондар — ендірме нейрондар рөлін атқарады. Бірақ оларда қозу түрі ерекше, яғни, бұлшық еттiк ұршық түріндегі шеткі дәнекерлеушінің қатысуын болады. Жұлында сонымен қатар, пейссмекер қызметін атқаратын нейрондар болады. Олар супраспинальды қимыл жүйелерінен сигнал алмай-ақ, өздігінен қозып, тікелей альфа-мотонейронды белсендіре алады. Алайда ересек адамда, тіпті нәрестеде осы альфа-мотонейронды белсендендіру, толығымен тежелген.
Басқарудың екінші қабаты — бұл ми бағанының құрылымдары вестибулярлы ядролар (олардан вестибулярлы жол өтеді), қызыл ядро (рубрoспинальды жол), торлы құрылым (ретикулоспинальды жол), тектум (тектоспинальды жол) болып табылады. Осы құрылымдар арқасында бұлшық етті тонус реттелініп отырады. Бұл «қабат» - мишық пен ми қыртысы бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істейді (экстрапирамиданың жолдар мидың қозғалыс қыртысының Бец жасушасынан басталып, ми бағаны құрылымдарымен міндетті түрде байланысады).
«Үшінші қабат» - бұл қыртыс. Қыртыстың біріктірілген аймағында туындайтын, ой, қимыл-қозғалыс қыртысына жіберіледі. Одан ол пирамидалық жолдар арқылы алфа-мотонейрондарға бағытталады. Қимыл-қозғалыстың бір уақытта түзілуі үшін, және осы фазалық белсенділік ыңғайлы жағдайда өтуі үшін, сигнал Бец жасушаларынан ми бағанының құрылымдарына өтіп, дене қалпы реттеліп отырады (экстрапирамидалық жүйе). Қимыл-қозғалыстар дұрыс ұйымдасуы үшін, қыртыстың біріктірілген аймағында пайда болған — ой (замысел) кезекті базальды ганглийлерге келіп түседі. Бұл жерде түзетілу мен іс-әрекеттің тандалуы жүреді. Ол әрі қарай пирамидалық жол арқылы өтеді. Ұйымдасқан қыртыстан сигнал параллельді түрде мишыққа түседі, ол одан таламус арқылы қимыл қыртысына қайтып оралады (қимылдың түзетілуі жобасына, мишықта өз үлесін қосады). Сақиналар да (ассоциативті қыртыс-базальды ганглий-таламус-қозғалыстық қыртыс, ассоцивті қыртыс-мишық-таламус-қозғалыстық қыртыс) экстрапирамидалық жүйенің компоненті болып табылады.
Барлық қимыл жүйелері — міндетті түрде сенсорлық ақпаратты қолдану арқылы жұмыс істейді. Бұл жерде ерекше орындалатын ақпарат бұлшық ет рецепторларынан (бұлшық ет ұршығы, Гольджидің сіңірлі рецепторлары, буын рецепторлары) теріден, тепе-теңдік талдағышынан алынады да, осының арқасында кез келген мақсатты іс-әрекет — жердің тартылыс күшіне қарамастан, организмге ыңғайлы қалыпта орындалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет