Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы


Вегетативтік жүйке жүйесі қалай жіктеледі?



бет13/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
17. Вегетативтік жүйке жүйесі қалай жіктеледі?
18. Симпатикалық орталықтар қай жерде орналасады?
Симпатикалық орталықтар жұлынның бүйір мүйіздерінде кеуде және бел бөлімдері деңгейінде сегментарлы түрде орналасқан. Жұлынан шығып, симпатикалық жүйке талшықтары басты өрімді (күн өрімі мен құрсақ асты өрімі), сонымен қатар жоғарғы мойын, жоғарғы және төменгі шыжырқай түйіндерін түзеді. Симпатикалық жоғарғы мойын түйінінен көз алмасына қарай талшықтар келіп, көз қарашығының реакциясын қамтамасыз етеді, сонымен қатар шықшыт және басқа сілекей бездеріне де талшықтар барады. Жұлдызша түйінінен талшықтар өңешке, көмекейге, жұтқыншаққа, тыныс бұлшық еттеріне және жүрек бұлшық етіне барады. Күн немесе құрсақ өрімінен және жоғарғы шажырқай түйінінен талшықтар бауырға, асқазанға, тоқ және аш ішекке барады. Төменгі шыжырқай түйінінен және құрсақ асты өрімінен біріккен симпатикалық талшықтар ішектерді, жатырды, қуықты жүйкелендіреді. Осында жұлынның сегізкөз бөлімінен шығатын парасимпатикалық талшықтар да келеді.
19. Симпатикалық жүйке талшықтары қандай негізгі өрімдер мен түйіндер түзеді және олар қай мүшелерді нервтендіреді?
20. Парасимпатикалық орталықтар қай жерде болады?
21. Жоғарғы вегетативтік орталықтар қайда орналасады?
Жоғарғы вегетативтік орталықтар гипоталамуста және ми қыртысының лимбикалық аймағында орналасады. Гипоталамустың алдыңғы бөлімдері парасимпатикалық, ал артқы бөлімдері симпатикалық жүйені реттейді. Гипоталамустың біртұтас қызметі дене қызуын реттеумен, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, несеп шығарудың, жыныстық қызметтің, зат алмасудың барлық түрлерінің, эндокриндік жүйенің, гомеостаздың, ми қыртысының тонусының (ретикулярлы формациямен бірге) жағдайын реттеумен білінеді.


22. Автономды нерв жүйесінің функционалды ерекшеліктері.
ВЖЖ соматикалық ЖЖ келесі ерекшеліктері бар:
*бас миы қыртысымен басқарылмай, тек қана оның бақылауында болды;
*СЖЖ мен ВЖЖ жалпы болып табылатын өзіндік сезімтал талшықтары болмайды;
*қозғалыстық вегативтік талшықтар, вегативтік ганглийлерге ауысады және олар ганглийге дейінгі және ганглийден кейінгі бөлімдерден тұрады.
Ганглийге дейінгі алшықтар ақ түсті (миеленмен қапталған), ал ганглийден кейінгі талшықтар сұр түсті (миелинсіз). Ганглийден кейінгі талшыққа қарағанда, ганглийге дейінгі талшықтар саны анағұрлым аз. Ганглийде жүйкелік серпіністің көбеюі жүреді, және нейрондардың мұндай ұласу түрі мультипликация деп аталады.
ВЖЖ-нің бас-ми жүйкелерінің III, VII, IX және X жұптары жататын , краниобульбарлы бөлімін, сакралды(жамбас жүйкесі) және тораколюмбалды (жұлынның бүйірлі мүйіздерінің ядролары) бөлімдерін ажыратады. Басқарудың иерархиялық тұрғысынан ВЖЖ-дегі барлық құрылымдарды шартты түрде қабаттарға бекітеді: 1-ші қабат -интромуральді өнімдермен сипатталады (метасимпатикалық жүйке жүйесі). 2-ші қабат жоғарыда орналасқан түзілімдерге қарамастан, вегативтік рефлекстер түйісетін, паравертебральді және превертебральді ганглийлермен берілген. 3-ші қабат-стмпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің орталық құрылымдары (жұлын мен ми сабауында преганглионарлы нейрондардың жиынтығы). 4-ші қабат-жоғары вегативті орталықтармен: гипоталамус, торлы құрылым, базальді, ганглийлер мен үлкен жарты шарлармен берілген.
Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі — ішкі мүшелердің, ішкі және сыртқы секреция бездерінің, қан және лимфа тамырларының қызметін реттейтін нерв жүйесінің бөлімі.
Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері:
• Вегетативтік жүйкелер эфференттік жүйелер;
• эффекторлы (қозғалғыш) нейрондар вегетативті жүйке өрімдерінің тораптарында (орталық жүйке жүйесінің шегінен тыс) орналасқан;
• мидан органдарға дейін екінейронды эфферентті жүйке жолы;
• Қозу қабіліті денелік жүйке жүйесіне қарағанда төмен, және қозу өте баяу өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет