Аралық бақылау 1



бет3/4
Дата14.10.2022
өлшемі27 Kb.
#43146
1   2   3   4
Санамақтар(считалки). Санамақтар балалар ойындарын бастауда басты рөл атқарады. Бұл жанрдың тәлімдік мәні өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырады. Жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Санамақтар көп жағдайда «сен тұр, сен шық», «сен кір, сен шық» деген тәрізді белгілі тіркестермен аяқталады. Драмалық (рольді) ойындар. Ойын(«Айгөлек», «Ақсүйек», «Ақ серек, көк серек», «Үй артында қол ағаш», «Соқыр теке», «Асау мәстек» т.б. ) өлеңдерінің шартты белгісі – олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттермен міндетті түрде қабысып келуінде. Өлең ойындар(песни-игры). Бұл топтағы жырлардың қимыл-қозғалыс ойындарымен байланысы жоқ. Ойын сөзге, өлеңге негізделіп құрылады. Балалар диалог арқылы сөз қақтығысына, ой жарысына түседі. Сөзбен ойнай жүріп тілдерін сындырып, қиялдарын ұштайды, білім-біліктерін байытады, түрлі дағдылар қалыптастырылады. Өлеңді сөз бен ойды ермек етуге негізделген бұл өлең-ойындардың құрамына мынадай жанрлық түрлерді топтастыруға болады: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақтар, балалар айтысы.
Айгөйлек
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында,
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында,
Ойын ойнап ән салмай,
Өсер бала болама?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?
Айгөйлек-ау,айгөйлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп.
Асыл сөздің ұстазы,
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер,білім,еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Айгөлек ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Күндей нұрлы шағымда
Күнге жетем өрмелеп
Тақырыбы:Балалардың санасын өсіретін ойын түрі
Идеясы: Балаларпдың ақыл-ойын,сана-сезімін жақсартады.Балардың өскенде бір өнер түрін,немесе мамандық иесі болуы үшін айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет