Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аралық бақылау 1
Балалар құрпының фольклоры
Санамақтар,тәжікелесу
Орындаған : Сержан Аяжан Сержанқызы
Тексерген: Мажиева Назым
Балалар ғұрпының фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:
1) әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі;
2) жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады;
Достарыңызбен бөлісу: |