Аралық бақылау №2 1 нұсқа



бет1/2
Дата04.11.2022
өлшемі30,58 Kb.
#47457
  1   2
Байланысты:
рк-2 анал химия


Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тау-кен металлургия факультеті
Химия, металлургия және байыту кафедрасы

БЕКІТЕМІН


каф.меңгерушісі
_______________Н.А.Куленова
__________________ 2013 ж.


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ № 2
1 нұсқа
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ пәні бойынша
5В073100, 5В070900 мамандықтары

1.Титриметриялық анализдің негізі, оның гравиметриялық анализден қандай айырмашылығы бар және пайдаланылатын реакциялар қандай шарттарға жауап берулері керек? Қандай заттарды алғашқы, стандартты заттар дейді оларға қандай шарттар қойылады? Қысқаша жауап жазыңыздар.

2. Мына реакциядағы тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштардың мольэквиваленттері неге тең?
K2Cr2O7 + 6FeSO4 +7H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3Fe2(SO4)3 + 7H2O + K2SO4

3.Мына ерітіндінің титрін және эквиваленттің молярлы концентрациясын есептеңдер:HCI 4,0106 г/л

4.Мына ерітіндідегі химиялық қосылыстардың массасын (г) табыңдар: 200,0 мл, 0,120 М NaOH.

5.3,0 л 0,100 М азот қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 2,000 М азот қышқылының неше миллилитрін алу керек?

6.Титрлеуде индикаторлар қандай мақсатта қолданылады?
А) Әрекеттесуші заттар арасындағы реакцияның аяқталғанын анықтау үшін;
В) Әрекеттесуші заттар арасындағы эквивалентті қатынасты анықтау үшін;
С) Әрекеттесуші заттардың реакция өнімдеріне толық ауысқан сәтін анықтау үшін;
Д) ерітіндінің бейтарап реакциясының сәтін анықтау үшін;
Е) дұрыс жауап көрсетілмеген

7.Буферлі қоспаларға мысалдар келтіріңдер. Буферлі қоспаның рН –ы оған қышқыл не негіз қосқанда өзгермейді, оның себебі неде?

8. Азотты қышқыл ерітіндісіндегі сутегі иондары концентрациясын есептеуде қандай теңдеуді пайдалануға болады?

9. 1,0 л 0,100 М HCI ерітіндісін дайындау үшін тығыздығы 1,19 г/мл сәйкес тұз қышқылының қандай көлемін алу керек?

10.Аммиакаттарды бұзуға жалпы комплекстерді ыдырату тәсілінің қайсысын қолдану тиімді?
А)сұйылту;
В) қыздыру;
С) қышқылдау;
Д) тотықтыру;
Е) тотықсыздану.

11.Комплексон III дегеніміз не?
А) этилендиаминтетра сірке қышқылы;
В) этилендиаминтетра сірке қышқылының кальцийлі тұзы;
С) этилендиаминтетра сірке қышқылының натрийлі тұзы;
Д) нитрилүшсірке қышқылы;
Е) нитрилүшсірке қышқылының натрийлі тұзы.

12. Төмендегі реакцияны жартылай электронды иондық теңдік жазып, коэффициенттерін қойыңдар:
MnO4- + Cr+3 + H2O → MnO(OH)2↓ + Cr2O7-2 + H+

13.Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы эквиваленттік фактор қалай анықталады? Тотығу- тотықсыздану титрлеуіндегі титрлеу қисығының секірмелі ауданы (эквивалентті бөлімі) қандай факторларға байланысты болады? Перманганатометриялық титрлеу әдісі неге негізделген? Перманганатометрия мен бихрометрияның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Қысқаша жауап жазыңыздар.

14.Кальций карбонатының ерігіштігі 0,0069 г/л тең. Кальций карбонатының ерігіштік көбейтіндісін есептеңіздер.

15.Фольгард әдісімен хлоридтерді анықтауға қандай иондар кедергі жасамайды?
А) NO3-;
В) AsO43-;
С) PO43-;
Д) CO32-;
Е) J-.

16.Гравиметриялық анализдегі - тұндыру тәсілінің мәні неде? Тұнбаның тұндыру және гравиметриялық түрлері деген не? Гравиметриялық анализде тұнбаның осы түрлеріне қандай шарттар қойылады?

17. Кальцийдің келтірілген тұздарының қайсысын гравиметриялық анализде пайдалануға болады: CaSO4
(EK = 2,37∙ 10-5) және CaC2O4 (EK = 2,3∙10-9) ?

18. Кристалдық тұнба түзілу үшін қай процестің жылдамдығы басым болу керек?
А) бөлшектердің тұнуы;
В) кристалдану орталықтарының пайда болуы;
С) тұнбаның коагуляциялануы;
Д) кристалдану орталықтарының өсуі;
Е) дұрыс жауабы берілмеген.

19. Массасы 1,000г сәйкес құрыштың нақты мөлшерінен жалпы массасы 0,1021 г (IV) кремний оксиді және WO3 массасы 0,0712 г болады. Құрыштағы кремний мен вольфрам элементтерінің массалық үлесін есептеңдер.



20.Оптикалық тығыздық және жарық өткізгіштігі деген не? Жарық жұтудың негізгі заңы қандай теңдікпен сипатталады? Оптикалық тығыздықтың аддитивтілік қасиеті нені көрсетеді? Қысқаша жауап жазыңыздар.

Құрастырушылар
Усманова М.Б. профессор, х.ғ.к.,доцент
_________________________
Тастанбекова А.А. аға оқытушы __________________________

Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК


ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тау-кен металлургия факультеті
Химия, металлургия және байыту кафедрасы

БЕКІТЕМІН


каф.меңгерушісі
_______________Н.А.Куленова
__________________ 2013 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет