Аралық бақылау №2 1 нұсқа



бет2/2
Дата04.11.2022
өлшемі30,58 Kb.
#47457
1   2
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №2
2 нұсқа
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ пәні бойынша
5В073100, 5В070700 мамандықтары



1. Фиксанал деген не? Титрант, стандартты ерітінді, титрлеудің соңғы нүктесі, эквивалентті нүкте деген ұғымдардың қысқаша түсінігін беріңдер.

2. Төмендегі реакциядағы қышқыл, негіз, тұздардың мольэквиваленттері неге тең?
H2SO4 + Ba(OH)2 = BaSO4↓ +2H2O

3.Титрлеуде индикаторлар қандай мақсатта қолданылады?
А) әрекеттесуші заттар арасындағы реакцияның аяқталғанын анықтау үшін,
В) әрекеттесуші заттар арасындағы эквивалентті қатынасты анықтау үшін,
С) әрекеттесуші заттардың реакция өнімдеріне толық ауысқан сәтін анықтау үшін,
Д) ерітіндінің бейтарап реакциясының сәтін анықтау үшін,
Е) дұрыс жауап көрсетілмеген

4. Буферлі қоспаларға мысалдар келтіріңдер. Буферлі қоспаның рН-ы оған қышқыл не негіз қосқанда өзгермейді, оның себебі неде?

5. Әлсіз қышқыл ерітіндісінің рН- ын қайсы теңдікпен анықтаймыз? Жазып көрсет.

6.1,0л 0,100 М HCI ерітіндісін дайындау үшін p = 1,19 г/мл сәйкес тұз қышқылының қандай көлемін алу керек?

7.Fe+2 және Fe+3 иондары бар ерітіндіге KCN қосқанда тотығу-тотықсыздану потенциалының мәні неге азаяды?

8.Перманганатометриялық титрлеу әдісә неге негізделген? Перманганатометрия мен бихрометрияның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Не себепті калий перманганатынан оның дәл массасы бойынша титрленген ерітіндісін дайындау мүмкін емес?

9.Мыс (II) - иондарын иодометриялық әдіспен анықтау қандай титрлеу тәсәліне жатады:
А) тура;
В) кері;
С) жанама;
Д) орынбасу;
Е) тұндыру.

10. Fe+2- иондарын перманганотометриялық әдіспен анықтауда Циммерман-Рейнгард қоспасы қолданылады. Оның құрамы қандай?

11. Ag, Pb+2, Ca+2, Ba+2 иондары бар ерітіндіге тамшылап K2CrO4 ерітіндісі қосылады. Егер тұнбалардың ЕК төмендегідей болса, олар қандай ретпен тұна бастайды?
ЕКAg2CrO4 = 1,2 ∙ 10-12; ЕК BaCrO4 = 1,3 ∙ 10-10; ЕК PbCrO4 = 2 ∙ 10-14; ЕК CaCrO4 = 7 ∙ 10-4;



12. Барий сульфатының ерігіштігі оның қаныққан ерітіндісімен салыстырғанда 0,01М натрий сульфаты ерітіндісіндегі ерігіштігінен неше есе жоғары болады?
ЕКBaSO4 = 1,0 ∙ 10-10

13.Неге хлоридтерді Фольгард әдісімен анықтағанда индикаторды AgNO3 ерітіндісінің артық мөлшерін құйғаннан кейін ғана қосады?

14.0,3000 күмістің құймасы азот қышқылында ерітіледі. Алынған ерітінді титрлеуге 28,30 мл 0,100М NH4SCN ерітіндісі жұмсалады. Құймадағы күмістің массалық үлесін есептеңдер?

15.250,0 мл өлшем колбасында KCI еріген. Осы ерітіндінің 25,00 мл-ін титрлеуге 34,00 мл 0,105 M AgNO3 ерітіндісі жұмсалса, KCI- дың массасы неге тең болғаны?

16.Гравиметриялық анализдегі тұндыру тәсілінің мәні неде? Тұнбаның тұндыру және гравиметриялық түрлері деген не? Гравиметриялық анализде түнбаның осы түрлеріне қандай шарттар қойылады?

17.Кристалдық тұнба түзілу үшін қай процестің жылдамдығы басым болу керек?
А) бөлшектердің тұнуы;
В) кристалдану орталықтарының пайда болуы;
С) тұнбаның коагуляциялануы;
Д) кристалдану орталықтарының өсуі;
Е) дүрыс жауабы берілмеген.

18. Оптикалық тығыздық және жарық өткізгіштігі деген не?

19. Жарық жұтудың негізгі заңы қандай теңдікпен сипатталады?

20.Фотоколориметрияның колориметрлік көзбен байқау әдісінен қандай артықшылықтары бар?

Құрастырушылар
Усманова М.Б. профессор, х.ғ.к.,доцент
_________________________
Тастанбекова А.А. аға оқытушы __________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет