Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
– Білім беру ұйымдарында болу уақыты ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетеді.
– Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетеді. Педагогтың басшылығымен білім беру, дамыту процестеріне қатысады.
– Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын жасауға қатысады. Оқыту және дамыту жұмыстары барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар бала туралы деректерді жинауды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, білім беру, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын дамыту динамикасын, оқыту процесінің динамикасын мониторингілеу және баланы әлеуметтендіру үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады және жүргізеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды, ілесіп жүру кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды. Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді .
Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру инклюзивті білім беру процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Педагог-ассистенттің ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы қолдауы педагогикалық практикада жеке-бағдарланған тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау аясында педагог-ассистенттің қызметі пәнаралық командаға қатысушылардың барлығымен тығыз байланыстағы және өзара іс-қимыл жасаудағы өлшеусіз еңбектен тұрады. Бұл жұмыстың тиімділігі ерекше білім беру қажеттілігі бар бала өмірінің салаларын:
когнитивті (танымдық) саласын: білімі мен дағдыларын;
коммуникативті саласын: қарым-қатынас жасай білуін, қарым-қатынас жасау процесінде туындайтын әртүрлі жағдайлардан өз бетінше шыға білуін;
эмоционалдық саласын: сыныпта оқу процесіне психологиялық бейімдеуді, оқыту процесіне және мектеп ортасында болуға қатысты жақсы эмоционалдық көңіл-күйдің туындауын және оны сақтауды;
дербестігін: өз-өзіне қызмет көрсету, психикалық және физикалық реттеуді дамыту тұрғысынан анықталуы тиіс.
Ерекше оқушының мектепте болуы үшін жағдайлар шын мәнінде қолайлы және оның дамуына түрткі болуы үшін педагог-ассистенттің жұмысының негізінде, балаға сену, оның жеке тұлғасына шынайы қызығушылық, оның ерекшеліктерін қабылдау, ізгі ниеттілік, шыдамдылық, жүйелілік сияқты ұғымдар жатуы тиіс. Осы міндеттерді шешкен кезде межеленген мақсатқа қол жеткізуге болады деп сенеміз.
Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Мектеп психологі білім беру ісінде әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың нақтамасына қарай жұмыс жүргізсе бұл да түзету жұмысының бір қыры болары сөзсіз. Әр оқушымен жеке жұмыстану Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мысалы, кемтар балалардың үштен бірінің мүгедектігі – туа біткен кемістіктердің әсері болуымен байланысты.Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. “Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауоқып, білім алғанын қалар дейсің...