Аралық бақылау Ерекше қажеттіліктері бар балалармен арт-педагогикалық жұмыстар



бет1/2
Дата28.12.2022
өлшемі28,89 Kb.
#60098
  1   2
Байланысты:
АРТ АБ


АРТПЕДАГОГИКА


Аралық бақылау


Ерекше қажеттіліктері бар балалармен арт-педагогикалық жұмыстар
Қазіргі Қазақстанның жағдайында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі – барлық адамдардың білім алу құқықтарының теңдігі. Ал білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін алғышарт – инклюзивті орта.


Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Бұл өзекті мәселе әлем бойынша жылдар бойы талқыға түсіп, бүгінге дейін барынша оңтайланып жетілдірілу үстінде. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б.) білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Мұнда балалардың физиологиялық-психологиялық дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық қолдау көретіліп, жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.
Демек, баланы балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы жағдай жасау – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады. Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектептер мен колледждер ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар инклюзивті ортада балаларды сүйемелдейтін тиісті мамандармен қамтамасыз етілуі;

  • Педагогтерге, ата-аналарға, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға мобильді консультациялық-әдістемелік көмек енгізілетін болады. Кәсіби стандарт негізінде инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтер (пән мұғалімдері, педагогтер, педагог-ассистенттер және басқалар) үшін біліктілік талаптарының жаңартылуы;

  • Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзеу арқылы педагогикалық қолдау мақсатында мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру (әлеуметтік рюкзак) нормалары әзірленуі;

  • Білім беру ұйымдары ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларға жағдай жасауды қамтамасыз ету (арнайы жабдықтармен, жиһазбен, кадрлармен, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, пандустармен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру) жұмысын жалғастыру» міндеттері ерекше атап өтілген .

Ал қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады. Олар:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтің);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек .
Осы ұсынылған құжаттамалық бағыттардағы педагогикалық-психологиялық қолдауды толыққанды жүзеге асыратын бөлім – педагог-ассистенттің көмегі. Қазіргі таңда еліміздегі мектептерде педагог-ассистент (700 маман) лауазымы енгізіліп отыр. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне, бейімделуіне көмектеседі.
Мамандардың түсініктемесінде «Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса немесе егер балаға дефектологтің көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажеттігі» көрсетілген.
Бұдан басқа педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Олар өткен материалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын дамыту динамикасын бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет