Генетикалық инженерия (гендік инженерия) — рекомбинантты ДНҚ алудағы, организмнен (жасушадан) генді бөліп алудағы, гендермен шараларды жүзеге асырудағы жəне оларды басқа организмге енгізудегі əдістер мен технологиялардың жиынтығы. Негізгі кезеңдері: Оқшауланған генді алу.
Генді организмге ауыстыру үшін векторға енгізу.
Гені бар векторды модифицирленетін организмге көшіру.
Организм жасушаларының қайта құрылуы.
Генетикалық модифицирленген организмдерді (ГМО) таңдап алу жəне нəтижелі модифицирленбегендерді жою. Геномына жасанды жолмен басқа организм гені енгізілген тірі организм трансгендік организм деп аталады
Клондау
Клондау – жасанды жолмен организм клондарын алу. Клондар – генетикалық бірдей организмдер немесе жасушалар.
Клондау түрлері:
Терапиялық клондау – бағаналық жасушаларды алу жəне олардан трансплантация кезінде сəйкес тіндер мен ағзалар өсіру.
Репродукциялық клондау – тұтас организм - клон алу. Ол ғылыми мақсаттан басқа жойылған түрлерді қалпына келтіру үшін немесе сирек түрді сақтау үшін қолданылуы мүмкін.
Вилмут тəжірибесі. Ересек организмдер жасушасының ядросы оларды өздерінің ядросынан айырылған аналық жасушаға ауыстырып отырғызғанда қайта бағдарлануы мүмкін. Мұндай жолмен алынған ұрықтар дамып, ересек түрге айналуға қабілетті. Долли қойын клондау осы жолмен алынған болатын
Клондау Клондау – жасанды жолмен организм клондарын алу. Клондар – генетикалық бірдей организмдер немесе жасушалар. Клондау түрлері: Терапиялық клондау – бағаналық жасушаларды алу жəне олардан трансплантация кезінде сəйкес тіндер мен ағзалар өсіру. Репродукциялық клондау – тұтас организм - клон алу. Ол ғылыми мақсаттан басқа жойылған түрлерді қалпына келтіру үшін немесе сирек түрді сақтау үшін қолданылуы мүмкін. Вилмут тəжірибесі. Ересек организмдер жасушасының ядросы оларды өздерінің ядросынан айырылған аналық жасушаға ауыстырып отырғызғанда қайта бағдарлануы мүмкін. Мұндай жолмен алынған ұрықтар дамып, ересек түрге айналуға қабілетті. Долли қойын клондау осы жолмен алынған болатын