Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау» мамандығы бойынша


 Шерубай Құрманбайұлының ұсынған талаптары



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата27.11.2023
өлшемі6,34 Mb.
#128654
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
3.4 Шерубай Құрманбайұлының ұсынған талаптары
 
Екінші докторлық диссертацияны 
Шерубай Құрбанбайұлы қорғады. 
Тақырыбы: «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі» (1999ж)
Еңбекте қаралған мәселелер:
1) терминологияның теориялық мәселері;
2) қазақ тілінің терминқор құрайтын лексикалық көздері;
3) терминжасам тәсілдері;
4) қазақ терминологиясының бүгінгі мен дамуының келешек бағыты.
Ш
. Құрманбайұлы пайдалы деген талаптарды былайша сипаттаған:
1.
Терминнің бірмағыналылығы.
Ғалым «Бір таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» деген 
ұстанымды ұстануды дұрыс деп көреді. Терминнің тек бір мағына ғана беріп, 
синонимі болмауы қажет дейді. 
2.
Терминнің ықшамдылығы
3.
Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес
келуі
4.
Тілдік нормаға сәйкес келуі
5.
Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы
6.
Терминде эмоционалдықтың болмауы
7.
Эстетикалық талаптарға сай келуі
8.
Терминнің қолданысқа енгендігі
9.
Синонимдердің болмауы
10.
Инварианттылық


16
11.
Терминнің уәжділігі
Терминжасамда терминге қойылатын талаптар ескеріліп, ол талаптар 
термин сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс.
 
4.
 
АВТОРЛЫ ТЕРМИНДЕР
 
 
4.1 Эпоним туралы түсінік, зерттелуі 
 
 
Эпоним- бұл тек атау емес, ол термин және терминологиялық тіркес. 
Қазақстандық зерттеуші Ғабдолла Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің 
түсіндірме сөздігін- де»: эпоним грек сөзі, елді мекен, қаланың т.б. адам есімімен 
аталуы деген анықтама беріліп, Абай ауданы, Екатеринбург қаласы деген екі 
мысалмен расталады.
Қазықұрт, Шыңғыстау, Қыпшақ көл, Есентай өзені, Жамбыл облысы, Абай 
даңғылы, Медеу мұзайды- ны, т.б. адам есімдерінен жасалған ономастикалық 
атаулар табиғаты терминология саласында қолданылатын эпонимдермен ұқсас. 
Терминжүйенің осы бір қасиеті туралы академик Өмірзақ Айтбаев 
«терминжасам қоғам мүшелері тарапынан жасалатын саналы әрекет», «қолдан 
жасалатын творчестволық іс, жалпы халықтық тілдегі көптеген сөздердің қашан, 
қалай пайда болғанын біле бермейміз.
Қазақ тіл білімінде эпонимдердің арнайы зерттелмеуі себепті, басқа қазақ 
тіліндегі академиялық басылымдарда эпонимдер туралы деректер әзірше 
кездеспейді. Дегенмен де, Б.Т. Күзембаеваның «Эпоним мен антропонимнің 
тілдік сипаты», Х.Ә. Қарабаева, А.Т. Ашированың «Қазақ терминтанымы: өткені 
мен бүгіні» мақалаларында кездесетін қазақ тіліндегі эпонимдерге қатысты 
азын-аулық деректердің өзі, аталған бағытта ізденіс жүргізудің қажеттігін 
көрсетеді.
Осы тұрғыда қазақ ғалымдарына қарағанда шетел ғалымдарының 
тарапынан жалқы есімдердің терминденуіне деген қызығушылық жоғары.
Мысалы: А.В.Суперанская эпонимдердің 3 айырымдық сипатын бөліп көрсетеді. 
1) Жеке тұлғаның аты жеке нысанға беріледі;
2) Аталатын нысанды анық анықтайды және шектейді;
3) Тікелей ұғыммен байланысты емес.


17
Ал орыс тіл білімінде эпоним “фамильные термины” деп те беріледі. Бұған 
қатысты Владимир Даниленко «Закон Ньютона, теорема Пифагора, эффект 
Есаки» сынды мысалдар келтіреді. Сонымен бірге минералды заттарды да 
эпонимге кірістіріп, байколит(Байкал), астраханит (Астрахань) деген сынды 
мысалдарды келтіреді. 
2010 жылы жарық көрген Марк Блау «Судьба эпонимов. 300 истории 
происхождении названий» еңбегінде 300 эпонимды сөздікті де атап өту керек. 
Эпонимдердің бірнеше атауы бар: 
- тегіне байланысты терминдер 
- термонимдер
- ономастық терминдер
- эпоним терминдер
- эпоним-терминдері 
- эпонимдік атаулар
- антропонимжасам
- персонимдер
- онимдік терминологиялық сөз тіркесі 
Қазіргі қазақ ғылымындағы әдебиет, тіл, тарих саласындағы эпонимдер: 
Абайтану, Абай тілі, Ахметтану, Байтұрсынұлы әліпбиі;жазуы, Енесей ойма 
жазуы, Шұғаның белгісі, Құтлұғ қаған ескерткіші, Орал-Алтай теориясы, 
Қорқыт сарыны, Орхон-Енесей жазбалары , Фарабитану, Күлтегін ескерткіші 
және т.б
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет