Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата27.11.2023
өлшемі6,34 Mb.
#128654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Открыть Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

1.3
 
 
Ахмет Байтұрсынұлы –
 
термин жасаушы
 
Қазақ тіл білімі терминологиясында оның ішінде лингвистикалық 
терминдердің қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда ұлы 
ғұламаларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі 

Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай өту мүмкін емес. Оның себебі 

ұлттық 
ғылыми 
терминологияны 
қалыптастырудың 
ғалым 

еңбектерінен 
басталатындығында.
А.
Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің терминологиясының негізін қалаушы. 
Ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету үшін, ең алдымен сол 
ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларын меңгереміз. Қазақ тіл 
білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.
Байтұрсынұлы осы ғылым 
саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, 
ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған

Ғалым қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін 
көрсеткен.
Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінен кейін 1926 
жылы Бакуде өткен «Түрікшілердің бірінші құрылтайында» А. Байтұрсынұлы 
қазақ терминологиясын жасаудың алғашқы ғылыми қағидаттарын ұсынған 
болатын.
А.
Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттары:
1) Термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу;
2) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден алу;


6
3) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ 
тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек;
4) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл 
қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек.
1.4
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет