Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата27.11.2023
өлшемі6,34 Mb.
#128654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Открыть Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

Терминологияның 
 
ғылыми зерттелуі
 
Қазақ термин 

жасамының негізін қалаушы А.
Байтұрсынов болса, қазақ 
тіл 
білімінде терминология мәселесін ғылыми зерттеу профессор Қ.Жұбанов 
еңбектерінен бастау алады. Қ.
Жұбанов «О терминологии казахского 
литературного языка» деген еңбегінде термин жасаудың он ұстанымын жазды.
Терминология саласындағы алғашқы докторлық диссертацияны Өмірзақ 
Айтбай 
қорғады. 
Диссертация 
тақырыбы 
“Қоғамның 
ғылымдар 
терминологиялық лексикасының қалыптасуы мен дамуы”. Жалпы 5 тараудан 
тұрады. 
1-тарау. Жалпы тіл білімі мен түркологиядағы термин зерттеудің қазіргі жағдайы.
2-тарау. Қазақ тілінде термин қалыптастырудың негізгі кезеңдері 
3-тарау. Қазақ тіліндегі қоғамдық терминдердің негізгі көздері. 
4-тарау. Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі.
5-тарау. Терминжасамдағы аударманың орны.
Екінші докторлық диссертацияны Шерубай Құрбанбайұлы қорғады. 
Тақырыбы: «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі» (1999ж)
Еңбекте қаралған мәселелер:
1) терминологияның теориялық мәселері;
2) қазақ тілінің терминқор құрайтын лексикалық көздері;
3) терминжасам тәсілдері;
4) қазақ терминологиясының бүгінгі мен дамуының келешек бағыты.
Термин, терминология саласының да өзге салалардай өзіндік тарихы, 
хронологиясы, арнайы ғалымдары мен еңбектері бар. Алаш зиялылары, әсіресе 
Ахмет Байтұрсынұлының терминология саласында атқарған қызметтері ерекше.


7
2.
 
ТЕРМИНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
 
 
2.1 Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі
 
 
Қазақ тіл білімінде термин , терминжасам мәселесін тәжірибе тұрғысынан 
қарап, зертеген алғашқы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлыны айта аламыз. 
Еңбектерінің ішіндегі «Оқу құралы», «Тіл құралы» қазақ тіл білімінде алар орны 
ерекше. Терминжасамда алаш зиялыларының еңбектері зор. Ең алдымен алаш 
ғалымдары терминдерді жат сөздер мен пән сөздер деп атады. Олардың өзіндік 
ұстанымдары, талаптары болды. Алғашқы талап- терминдерді қазақ тілінің 
байырғы сөздерінен жасау. Екінші талап- тілде баламасы жоқ шетел терминдерін 
жатырқамай қабылдау, бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық 
заңдарына сәйкестендіріп алу . 
Тіл, термин мәселесі алғашқы Қазақ білімпаздарының сьезінде 
талқыланды. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі 1924 жылы 12-17 маусым 
аралығында Орынбор қаласында өткен ғылыми жиын. Сиез 5 мәселелерді 
қарастырды: 
1. Қазақ емлесін бірөңкейлеу. 
2. Қаріп жағдайын қарастыру. 
3. Халық әдебиетінің халін һәм оқылатын пәндерді жоспарлау. 
4. Оқу һәм білім кітаптарын көбейту шарасын қарастыру. 
5. Қазақ пән сөздері бір болу мәселесі. Аталған жиын қазақ тілі мен 
әдебиетінің ғылыми жүйесі , әсіресе әліпби, орфография, терминология, оқыту 
әдістері, ономастика және т.б салалар бойынша маңызды қаулылар қабылданды. 
Бұл жиынға әр түрлі қауымнан зиялы ғалымдар қатысты. Олардың қатарында 
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, К.Аспандияр, 
Е.Омаров, М.Дулатов, М.Тұрғанбаев сынды ұлы зиялылар болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет