Арапайым циклдар мен программалар



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата16.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#43418
түріПрограмма
1   2   3   4
students.py
 
students =[‘asel’,‘bolat’,’murat’,’damir’, ‘aijan’,’erjan’] 
for student in students: 
print(student) 
Алдымен тізім анықталады. Цикл for тізімнен бірінші элементті алып, 
student деген айнымалы ретінде сақтайды. Осыдан кейін print сақталынған 
элементті экранға шығарады. Бұл амалдардың барлығы тізімнің кезектегі 
элементтері үшін орындалады. Соңғы элемент үшін орындалғаннан кейін
осының нәтижесінде келесі ақпарат алынады: 
asel
bolat 
murat 
damir 
aijan 
erjan 
Соңғы элемент алынғаннан кейін программаның келесі жолына өтетін болады.
Цикл for орындалғанда тізімнің әрбір элементіне әртүрлі амалдарды 
орындауға болады. Циклдың ішінде орындалатын амалдардың тізбегін оның 
денесі деп атайды. Цикл денесі көптеген жолдардан тұруы мүмкін. Цикл 
денесіне кіретін жолдар шегерілген болады. Осыған байланысты мысалдар 
қарастырылсын. 
Мысал 2. Алдыңғы қарастырылған мысалға қосымша ретінде әрбір 
студент үшін белгілі бір ақпарат беру енгізілсін. 
students.py
 
students =[‘asel’,‘bolat’,’murat’] 
for student in students: 
print(f”{ student.title()}, jumys jachsy oryndaldy”) 
Мұнда әрбір студенттің атына қосымша мәлімет енгізілген. Осы фрагменттің 
компютерде орындалуын тексеретін болсақ, онда келесі мәлімет шығарылады: 
Asel, jumys jachsy oryndaldy
Bolat, jumys jachsy oryndaldy 
Murat, jumys jachsy oryndaldy 


Цикл for денесіне кіретін жолдар одан кейін жазылған әрбір шегерілген 
жолдар. Осы жағдайды көрсету үшін алдыңғы мысалға тағы бір жол 
қосылсын. 
Мысал 3.
students.py
 
students =[‘asel’,‘bolat’,’murat’] 
for student in students: 
print(f”{ student.title()}, jumys jachsy oryndaldy”) 
print(f” Sizge 100 ball, { student.title()}.\n”) 
Бұл фрагменттің орындалуының нәтижесі: 
Asel, jumys jachsy oryndaldy
Sizge 100 ball, Asel 
Bolat, jumys jachsy oryndaldy 
Sizge 100 ball, Bolat 
Murat, jumys jachsy oryndaldy 
Sizge 100 ball, Murat 
Жаңадан қосылған жолдың соңында “\n” белгісі қойылған; оның негізгі 
орындайтын амалы ашық жол қалдыру.
Цикл for орындалғаннан кейін программа келесі операцияларды 
орындауға өтеді. Циклдан кейін орналасқан шегерілмеген жол цикл денесі деп 
есептелінбейді, сондықтан ол қайталау процесіне қатыспайды.
Мысал 4. Цикл орындалғаннан кейін барлық студенттерге жалпылама 
мәлімет беру үшін келесі фрагментті қолдануға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет