Арапайым циклдар мен программалар



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата16.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#43418
түріПрограмма
  1   2   3   4
Байланысты:
Арапайым циклдар мен программалар



«IT-инжиниринг» кафедрасы 
«АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ» пәні 
 
3-зертханалық жұмыс.
ҚАРАПАЙЫМ ЦИКЛДАР МЕН ПРОГРАММАЛАР 
 
Жұмыстың мақсаты: Программалауда жиі кездесетін қайталанатын 
алгоритмдердің программаларын құрастыруға және компьютерде орындауға 
машықтану.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Осы тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді оқу. 
2. Төменде келтірілген әдістемелік ұсыныстармен танысу. 
3. Жаттығуларды компьютерде орындау. 
4. Берілген тапсырмаларды орындап, компьютерде жүзеге асыру. 
5. Жұмыс бойынша есеп дайындау. 
Есептің құрамы
1. Әрбір берілген тапсырманың қойылуы. 
2. Тапсырманың программасының мәтіні (листингі). 
3. Орындалған программаның нәтижесі. 
4. Бақылау (тестік) сұрақтарға жауап. 
Іс жүзінде кездесетін есептердің көпшілігі белгілі бір операциялардың 
жиынын қайталауға байланысты болады. Алгоритмнің қайталанатын бөлігі 
цикл деп аталады. Цикл концепциясы программалау ісінде аса маңызды деп 
саналады, себебі ол компьютерде қайталанатын есептерді шешуді 
автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Қарапайым циклдың схемасын келесі түрде бейнелеуге болады:
иә
жоқ 
Операциялар 
Енгізу операциясы 
шарт 
Шығару операциясы 


Бұл есептерде циклдар қайталау саны белгісіз және белгілі болуы 
мүмкін. Егер алгоритмнің бір бөлігі берілген айнымалы шаманың немесе 
параметрдің мәндерінің өзгеруіне байланысты әрі ол белгілі бір аралықта 
өзгеретін болса, онда қайталау саны анықталады. Кейбір есептерде қайталау 
саны белгісіз, тек берілген айнымалының немесе арифметикалық өрнектің 
мәніне байланысты жағдайда орындалады.
Бұл дәрісте қайталау саны белгілі циклдық алгоритмдерге келтірілетін 
есептердің кейбіреулерінің мысалдары қарастырылады. Ондай алгоритмдерді 
жүзеге асыру үшін Python тілінің мүмкіншіліктері пайдаланылған.
1
0
Тізімнің элементтерін қарап шығу. Программалауда жиі кездесетін 
есептердің бірі – берілген тізімнің элементтерін қарап шығып, әрқайсысына 
амалдар қолдану. Мысалы,
Мысал 1. Келесі студенттердің аттарын шығару керек болсын: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет