Қарапайым физиопроцедураның түрлері Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.
Қарапайым физиопроцедураның түрлері:
— Мұзды мұйық;
— Жылытқыш;
— Қыша қағазы;
— Қыздырма компресстер;
— Салқын компресстер;
— Ыстық компресстер;
— Сүлікпен емдеу.
Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары. Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
— Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
— Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
— Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
— Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
— Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
— Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
— Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
— Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
— 0,015 % деохлор ертіндісімен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
— Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.