Сумен емдеу; Сумен емдеу (гидротерапия) – аурудың алдын алу және емдеу мақсатында сыртқы тәсілмен қолдануды айтады. Механикалық, химиялық және термиялық әсеріне байланысты тері рецепторлары арқылы жүйке, жүрек – қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту, бұлшық етке және т.б. ағза жүйелеріне әсер етеді.
Келесі түрлерге бөлінеді: ванналар (гигиеналық және емдік ), душ, сүрту, су құю, жуыну, суға түсу т.б.
Су процедурасының ішінде кең таралған түрі — емдік ванналар.
Ванналар келесі түрге бөлінеді:
— Жалпы — суға денені толығымен батыру;
— Жергілікті — суға дененің жеке бөліктері батырылады.
— Жартылай — суға дененің төменгі бөлігі ғана батырылады.
Судың температурасына байланысты ванналар бөлінеді:
— Индифферентті —су температурасы 34 – 370С
— Салқын — су температурасы 33 – 230 С
— Мұздай — су температурасы 200С дейін
— Жылы — су температурасы 37 – 390С
— Ыстық — су температурасы 40 – 420С
Индифферентті ванналар – организмге «сергектік» әсерін тигізеді, басқа әсері байқалмайды, 20 – 30 минутқа созылады.
Мұздай және салқын ванналар - организмге «сергектік» әсерімен қоса жүрек қан тамырлар, жүйке жүйесін реттейді, зат алмасуды жақсартады, 1 – 3 минутқа созылады.
Жылы ванналар – жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқыны жақсартады, ауырсынуды азайтады, 5 – 10 минутқа созылады.
Ыстық ванналар – зат алмасуды және тер шығуын жақсартады, 5 минутқа созылады.
Судың құрамына байланысты емдік ванналар бөлінеді:
— Қарапайым – таза су
— Хош иісті – хош иісті заттарды сумен қолдану.
— Емдік – дәрілік аттарды сумен қоса қолдану.
— Минеральды – тұздарды, газдарды сумен қоса қолдану
Сүлікпен емдеу. Сүлікті қою тәсілі Мақсаты:жергілікті қан алу.
Сүлікті қоюға қажетті құралдар: Пробирка, пинцет, залалсыздырылған дәке, глюкоза, мақта, бинт, тұзды су.
Көрсеткіштері: — гипертоникалық криз;
— глаукома;
— мидың қан айналымының бұзылуы;
— миокардтың өліеттенуі;
— бауырдың іркілуі;
— геморрой;
— тромбофлебит.